Жаңалықтар

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Шағын бизнес Облыстың дамуының басты бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлік. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын бизнес бәсекеге қабілетті, серпінді және әртарапты экономиканы құруға зор үлес қосып келеді. Облыста 135 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың 16,7 мыңы – заңды ұйымдар. Облыстың кәсіпкерлік құрылымдарының 27%-ы Шымкент қаласында шоғырланған. Тоқсан сайын шағын бизнес субъектілері 65,6 млрд теңгенің өнімін шығарып, жұмыс атқарады және қызмет көрсетеді. Экономиканың нақты секторындағы салалық бағдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 46,8%-ы ауыл шаруашылығының, 28,4%-ы сауда, 4,5%-ы көлік және байланыс, 1,8% -ы өнеркәсіп өндірісі, 2,1%-ы мейманхана ісі, 1,9%-ы құрылыс және 14,5%-ы басқа қызмет салаларының еншісінде. Аймақтың кәсіпкерлікті дамытуға әлеуеті жеткілікті, сондықтан өндірістік сектор субъектілері, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен байланысты субъектілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, артықшылықтар беріледі. Шикі мақтаны өңдеу циклі толық шағын кәсіпорындарды құруға, күріш және жүзім өсіру шаруашылықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға және тері, жүн, ет және сүт өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашуға айрықша назар аударылады.   Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Әлеуметтік сала – қоғам өміріндегі басты салалардың бірі, сондықтан да азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағдар қазіргі заманғы мемлекеттің басты міндетіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру – тұрлаулы даму шарттарының бірі» деп бірнеше рет атап өтті. Қазіргі заманда бизнесті жүргізу оның әлеуметтік жауапкершілігімен біте қайнасқан, оның мәнісі салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен басқа да міндетті тәлемдерді толық және уақтылы төлеуде, жұмыс орындарын сақтауда, еңбекшілердің құқықтарын қамтамасыз етіп, қорғауда, әлеуметтік кепілдіктер беруде, еңбекақыны уақтылы төлеуде жатыр. Кезінде Э. Карнеги әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі қағидаларын былайша тұжырымдаған: біріншісі – қайырымдылық қағидасы, екіншісі – қызмет ету қағидасы. Әлеуметтік жауапкершілік деп қайырымдылық та, демеушілік те, жебеушілік те, мейірімділік те түсініледі». Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы іскерлік бастамаларды қолдаудың, іскерлік ортаны дамытудың арқасында ғана кәсіпкерлерде адамдарға жәрдемдесуге деген ұмтылысты оятуға болатынын түсінеді. Әлеуметтік жауапты бизнес әрқашанда мемлекет тарапынан қолдау тауып, қоғам тарапынан қоштау көреді. Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір кәсіпорын мұқтаждарға қол ұшын беруді борышы деп санайды. Көптеген кәсіпорындар балалар үйлерімен, мамандандырылған интернаттармен достық қарым-қатынаста, спортшыларға көмектеседі, ауруханалар, балабақшалар, мектептер салады. Жыл сайын облыста қарттар күні, Жеңіс күні, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық шаралары өткізіліп, кәсіпкерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне, жағдайы нашар жанұялардан шыққан, балалар үйіндегі балаларға сый-тарту, азық-түлік, мектеп құрал-жабдықтары мен киім беріп көмектеседі. Мәселен, «Шымкент» АҚ Төле би ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі балалар үйін қамқорлыққа алды. Оқу жылы басталарда, 1 маусымға, мемлекеттік мерекелерге орай зауыт өкілдері келіп, сыйлық таратады. Үздік оқушыларды, шығармашылық және спорт сайыстарының жеңімпаздарын марапаттау игі дәстүрге айналды. «DAU Trade» (үй құрылысы) ЖШС бірнеше жылдар бойы Леңгір ойлау қабілеті шектеулі балаларға арналған қосымша мектеппен достық қарым-қатынасты жалғастырып келеді. Үй құрылысшылары балаларға музыкалық аспаптарды, электр тігін машиналарын сыйлады, жыл сайын спорт киімдерін, бөлмелерге арналған жиһаз тарту етеді. «Sas-Tobe Technologies» ЖШС Түлкібас ауданының орталығы Састөбе ауылын абаттандыру мен жарықтандыруға қаражат бөлді, аудандық ауруханадағы ҰОС ардагерлеріне арналған бөлмені заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырды. Зауыт басшылығы мүгедектерді, ардагерлерді азық-түлікпен қамсыздандырып, жағдайы нашар жанұяларға жәрдем береді. Жыл сайын облыс әкімдігі мен «ПетроКазахстан Ойл Продактс» АҚ арасында өңірді әлеуметтік қолдау туралы меморандум жасалады. Соңғы бірнеше жылда №4 балалар үйіне, ауылдық мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне, ҰОС ардагерлеріне, қамқорлығындағы №65 мектеп-гимназияға, №54 орта мектепке, Жасөспірімдер үйіне, аймақтағы жалғыз Балет мектебіне көмек көрсетілді. Компания өңір халқының ең мұқтаж топтарына, соның ішінде мүгедектерге, ардагерлерге, сондай-ақ дарынды жастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Бүгінде Шымкент қаласын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда. Осындай жұмыстың нәтижесінде «Дендробақ», «Жеңіс», «Металлургтер», «Абай» және «Орталық» саябақтары күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше нысандар бой көтеріп, облыс ж.ртшылығының мақтанышына айналды. «Отан-Ана» тәуелсіздік монументі, «Даңқ мемориалы», «Шәмші әлемі» гүлзары, «Неке сарайы» ғимараты мен аумағы, Ордабасы алаңындағы фонтан, Абай мұражайы, Тұрар Рысқұлов, Сабыр Рақымов ескерткіштері «Көпір», Көркемсурет галереясы, «Орталық фонтан», «Жастар аллеясы», «Спортшылар аллеясы», «Рәміздер алаңы», Жас жұбайлар аллеясы, «Хан қорғаны» және «Жібек жолы» композициясы өмірге келді. Темір жол вокзалы мен іргелес аймағы күрделі жөндеуден өтті. Орталық көшелер мен алаңдар, басқа да әкімшілік, коммерциялық ғимараттардың кіре берістерінде қосымша авто тұрақтар салынып, жол кеңейту жұмыстарыат.арылуда. Жол қиылысындағы алаңқайлар көгалдандырылып, 14500 шаршы метрге көпжылдың гүлдер мен 234 мың дана роза, 31 мың декоративті ағаш отырғызылды. «Жасыл аймақ» бағдарламасы қолға алынып, соңғы 2 жылда Шымкент қаласының маңындағы 2500 га жерге 1 млн. ағаш егілді. Базарлардың сыртқы келбеті біршама реттелді. 2011 жылы жаңа жобалар іске қосылды. Солардың ең бастысы – «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ. Саябақ аумағына «Алтын шаңырақ» ел бірлігі монументі, Мемлекеттік рәміздер алаңы және басқа да көркейту элементтері орнатылды. Жаңа «Цирк» іске қосылды. Жалпы алғанда облыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 449 меморандум төзіліп, облыс бойынша 6,9 млрд теңгені құрайтын 745 жоба іске асқан. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 09:21 11910

Шағын бизнес

Облыстың дамуының басты бағыттарының бірі – шағын кәсіпкерлік. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын бизнес бәсекеге қабілетті, серпінді және әртарапты экономиканы құруға зор үлес қосып келеді. Облыста 135 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, олардың 16,7 мыңы – заңды ұйымдар. Облыстың кәсіпкерлік құрылымдарының 27%-ы Шымкент қаласында шоғырланған. Тоқсан сайын шағын бизнес субъектілері 65,6 млрд теңгенің өнімін шығарып, жұмыс атқарады және қызмет көрсетеді. Экономиканың нақты секторындағы салалық бағдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 46,8%-ы ауыл шаруашылығының, 28,4%-ы сауда, 4,5%-ы көлік және байланыс, 1,8% -ы өнеркәсіп өндірісі, 2,1%-ы мейманхана ісі, 1,9%-ы құрылыс және 14,5%-ы басқа қызмет салаларының еншісінде.

Аймақтың кәсіпкерлікті дамытуға әлеуеті жеткілікті, сондықтан өндірістік сектор субъектілері, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен байланысты субъектілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, артықшылықтар беріледі. Шикі мақтаны өңдеу циклі толық шағын кәсіпорындарды құруға, күріш және жүзім өсіру шаруашылықтарын, сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуға және тері, жүн, ет және сүт өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашуға айрықша назар аударылады.

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Әлеуметтік сала – қоғам өміріндегі басты салалардың бірі, сондықтан да азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағдар қазіргі заманғы мемлекеттің басты міндетіне айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру – тұрлаулы даму шарттарының бірі» деп бірнеше рет атап өтті.

Қазіргі заманда бизнесті жүргізу оның әлеуметтік жауапкершілігімен біте қайнасқан, оның мәнісі салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен басқа да міндетті тәлемдерді толық және уақтылы төлеуде, жұмыс орындарын сақтауда, еңбекшілердің құқықтарын қамтамасыз етіп, қорғауда, әлеуметтік кепілдіктер беруде, еңбекақыны уақтылы төлеуде жатыр. Кезінде Э. Карнеги әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі қағидаларын былайша тұжырымдаған: біріншісі – қайырымдылық қағидасы, екіншісі – қызмет ету қағидасы. Әлеуметтік жауапкершілік деп қайырымдылық та, демеушілік те, жебеушілік те, мейірімділік те түсініледі». Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы іскерлік бастамаларды қолдаудың, іскерлік ортаны дамытудың арқасында ғана кәсіпкерлерде адамдарға жәрдемдесуге деген ұмтылысты оятуға болатынын түсінеді. Әлеуметтік жауапты бизнес әрқашанда мемлекет тарапынан қолдау тауып, қоғам тарапынан қоштау көреді.

Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір кәсіпорын мұқтаждарға қол ұшын беруді борышы деп санайды. Көптеген кәсіпорындар балалар үйлерімен, мамандандырылған интернаттармен достық қарым-қатынаста, спортшыларға көмектеседі, ауруханалар, балабақшалар, мектептер салады. Жыл сайын облыста қарттар күні, Жеңіс күні, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қайырымдылық шаралары өткізіліп, кәсіпкерлер соғыс және еңбек ардагерлеріне, жағдайы нашар жанұялардан шыққан, балалар үйіндегі балаларға сый-тарту, азық-түлік, мектеп құрал-жабдықтары мен киім беріп көмектеседі. Мәселен, «Шымкент» АҚ Төле би ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округіндегі балалар үйін қамқорлыққа алды. Оқу жылы басталарда, 1 маусымға, мемлекеттік мерекелерге орай зауыт өкілдері келіп, сыйлық таратады. Үздік оқушыларды, шығармашылық және спорт сайыстарының жеңімпаздарын марапаттау игі дәстүрге айналды. «DAU Trade» (үй құрылысы) ЖШС бірнеше жылдар бойы Леңгір ойлау қабілеті шектеулі балаларға арналған қосымша мектеппен достық қарым-қатынасты жалғастырып келеді. Үй құрылысшылары балаларға музыкалық аспаптарды, электр тігін машиналарын сыйлады, жыл сайын спорт киімдерін, бөлмелерге арналған жиһаз тарту етеді. «Sas-Tobe Technologies» ЖШС Түлкібас ауданының орталығы Састөбе ауылын абаттандыру мен жарықтандыруға қаражат бөлді, аудандық ауруханадағы ҰОС ардагерлеріне арналған бөлмені заманауи медициналық жабдықпен жарақтандырды. Зауыт басшылығы мүгедектерді, ардагерлерді азық-түлікпен қамсыздандырып, жағдайы нашар жанұяларға жәрдем береді.

Жыл сайын облыс әкімдігі мен «ПетроКазахстан Ойл Продактс» АҚ арасында өңірді әлеуметтік қолдау туралы меморандум жасалады. Соңғы бірнеше жылда №4 балалар үйіне, ауылдық мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне, ҰОС ардагерлеріне, қамқорлығындағы №65 мектеп-гимназияға, №54 орта мектепке, Жасөспірімдер үйіне, аймақтағы жалғыз Балет мектебіне көмек көрсетілді. Компания өңір халқының ең мұқтаж топтарына, соның ішінде мүгедектерге, ардагерлерге, сондай-ақ дарынды жастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Бүгінде Шымкент қаласын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда. Осындай жұмыстың нәтижесінде «Дендробақ», «Жеңіс», «Металлургтер», «Абай» және «Орталық» саябақтары күрделі жөндеуден өтіп, жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірнеше нысандар бой көтеріп, облыс ж.ртшылығының мақтанышына айналды. «Отан-Ана» тәуелсіздік монументі, «Даңқ мемориалы», «Шәмші әлемі» гүлзары, «Неке сарайы» ғимараты мен аумағы, Ордабасы алаңындағы фонтан, Абай мұражайы, Тұрар Рысқұлов, Сабыр Рақымов ескерткіштері «Көпір», Көркемсурет галереясы, «Орталық фонтан», «Жастар аллеясы», «Спортшылар аллеясы», «Рәміздер алаңы», Жас жұбайлар аллеясы, «Хан қорғаны» және «Жібек жолы» композициясы өмірге келді. Темір жол вокзалы мен іргелес аймағы күрделі жөндеуден өтті.

Орталық көшелер мен алаңдар, басқа да әкімшілік, коммерциялық ғимараттардың кіре берістерінде қосымша авто тұрақтар салынып, жол кеңейту жұмыстарыат.арылуда. Жол қиылысындағы алаңқайлар көгалдандырылып, 14500 шаршы метрге көпжылдың гүлдер мен 234 мың дана роза, 31 мың декоративті ағаш отырғызылды. «Жасыл аймақ» бағдарламасы қолға алынып, соңғы 2 жылда Шымкент қаласының маңындағы 2500 га жерге 1 млн. ағаш егілді. Базарлардың сыртқы келбеті біршама реттелді.

2011 жылы жаңа жобалар іске қосылды. Солардың ең бастысы – «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ. Саябақ аумағына «Алтын шаңырақ» ел бірлігі монументі, Мемлекеттік рәміздер алаңы және басқа да көркейту элементтері орнатылды. Жаңа «Цирк» іске қосылды.

Жалпы алғанда облыста бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 449 меморандум төзіліп, облыс бойынша 6,9 млрд теңгені құрайтын 745 жоба іске асқан.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға