Жаңалықтар

ХХ ғасырда қаланың дамуы

ХХ ғасырда қала көркейіп, жаңарған сауда орталығына айналды. Бұл кезеңде жүздеген жаңа ірі өндірістік кәсіпорындар құрылды, тың жерлер игерілді, оқу орындарының саны әлдеқайда көбейді, ғылым мен білім мекемелері пайда болып, қала келбеті жаңара түсті. Қалада жаңа шағын аудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар мен гүлзарлар пайда болды. Жаңа спорттық және ойынсауық кешендері ашылды. Қалада құрамына жасанды көлі бар дендробақ пен хайуанаттар паркі кіретін демалыс аймағы құрылды. Қала құрылысын жоспарлауда бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі жүйе – ескі қала мен жаңа қала жүйесі ерекше ескерілді. Көне қаладан да бүгінге дейін сақталған құрылыс орындары бар, дегенмен, тар көше бойындағы үйлердің көпшілігі жаңадан салынды. Ескі қалада күйдірілмеген кірпіштен салынған 2770 құрылыс болды, сабаннан салынған мұндай үйлер Оңтүстік аймақ тұрғындарын қыста суықтан, жазда ыстықтан сақтады. Жаңа қала, керісінше, украиндық селоларды еске түсіретін ақ үйшіктермен ерекшеленеді. 1935 жылғы деректерге қарағанда, сол кездегі Шымкент халқы 1 гектарға шаққанда 70 адамнан келген. ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтқанда Ұлы Отан соғысына дейінгі тұрғын жай нормасы 3,5 шаршы шақырымға 1 адамнан келеді. Соғыс кезінде жау тылында қалған аймақ пен майдан өңіріндегі халықтың ішкеріге қарай жаппай эвакуациялануына байланысты Шымкент тұрғындарының саны да аз уақытта еселеп көбейді. 1939 жылға дейінгі қала жоспарында жекеменшік үйлердің құрылысына арнайы жер бөлінбегендіктен тұрғын үй мәселесі тереңдей түсті. Осы жылдары қала төңірегіндегі жерлерге халық өз бетінше тұрғын үйлер сала бастады, соның нәтижесінде Зеленые балки - 1, 2, 3 және вокзал жанындағы слобода пайда болды. ХХ ғасырдың 40-жылдары өз бетімен үй салушыларға қарсы күрес жүргізіліп, тіпті санитарлық талаптарға сай келмейтін құрылыстарды бұзу жөнінде қаулы да алынды. Сөйтіп олардың орнына Железнодорожный, Маслоэкстракционный және Хлопковый секілді екі-үш қабаттық үйлерден құралған жұмысшы поселкелері салына бастады. Алайда бұл кезде су жүйесі де, канализация да, орталықтандырылған жылу жүйесі де жоқ еді. Үй тұрғындары отын-суды тасып пайдаланды. Еліміз секілді, бүгінде Шымкент жаңа ғасыр, жаңа дәуір лебімен тыныстауда. Күн сайын құбылып өсіп келе жатқан қала тарихи өткенін естен шығармай, өзінің тарихи дәстүрі мен архитектуралық келбетін сақтап келеді. Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
02.02.2013 08:09 3431

ХХ ғасырда қала көркейіп, жаңарған сауда орталығына айналды. Бұл кезеңде жүздеген жаңа ірі өндірістік кәсіпорындар құрылды, тың жерлер игерілді, оқу орындарының саны әлдеқайда көбейді, ғылым мен білім мекемелері пайда болып, қала келбеті жаңара түсті. Қалада жаңа шағын аудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар мен гүлзарлар пайда болды. Жаңа спорттық және ойынсауық кешендері ашылды. Қалада құрамына жасанды көлі бар дендробақ пен хайуанаттар паркі кіретін демалыс аймағы құрылды. Қала құрылысын жоспарлауда бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі жүйе – ескі қала мен жаңа қала жүйесі ерекше ескерілді. Көне қаладан да бүгінге дейін сақталған құрылыс орындары бар, дегенмен, тар көше бойындағы үйлердің көпшілігі жаңадан салынды. Ескі қалада күйдірілмеген кірпіштен салынған 2770 құрылыс болды, сабаннан салынған мұндай үйлер Оңтүстік аймақ тұрғындарын қыста суықтан, жазда ыстықтан сақтады. Жаңа қала, керісінше, украиндық селоларды еске түсіретін ақ үйшіктермен ерекшеленеді.

1935 жылғы деректерге қарағанда, сол кездегі Шымкент халқы 1 гектарға шаққанда 70 адамнан келген. ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтқанда Ұлы Отан соғысына дейінгі тұрғын жай нормасы 3,5 шаршы шақырымға 1 адамнан келеді. Соғыс кезінде жау тылында қалған аймақ пен майдан өңіріндегі халықтың ішкеріге қарай жаппай эвакуациялануына байланысты Шымкент тұрғындарының саны да аз уақытта еселеп көбейді. 1939 жылға дейінгі қала жоспарында жекеменшік үйлердің құрылысына арнайы жер бөлінбегендіктен тұрғын үй мәселесі тереңдей түсті. Осы жылдары қала төңірегіндегі жерлерге халық өз бетінше тұрғын үйлер сала бастады, соның нәтижесінде Зеленые балки - 1, 2, 3 және вокзал жанындағы слобода пайда болды. ХХ ғасырдың 40-жылдары өз бетімен үй салушыларға қарсы күрес жүргізіліп, тіпті санитарлық талаптарға сай келмейтін құрылыстарды бұзу жөнінде қаулы да алынды. Сөйтіп олардың орнына Железнодорожный, Маслоэкстракционный және Хлопковый секілді екі-үш қабаттық үйлерден құралған жұмысшы поселкелері салына бастады. Алайда бұл кезде су жүйесі де, канализация да, орталықтандырылған жылу жүйесі де жоқ еді. Үй тұрғындары отын-суды тасып пайдаланды.

Еліміз секілді, бүгінде Шымкент жаңа ғасыр, жаңа дәуір лебімен тыныстауда. Күн сайын құбылып өсіп келе жатқан қала тарихи өткенін естен шығармай, өзінің тарихи дәстүрі мен архитектуралық келбетін сақтап келеді.

Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға