Оңай түскен олжа (видео)
Ұлыбританияның тұрғыны Кен Вилмен аяқастынан байып шыға келді.
Ол жағалауда итімен серуендеп жүріп тапқан дөңгелек пішінді ерекше заттың арқасында айтарлықтай табысқа жетті. Беймәлім заттың не екенін білу үшін Кен Вилмен ғаламтордан іздестіріп, оның амбра екенін анықтады. Жағымсыз иісі бар сирек кездесетін амбра киттердің ас қорыту жолдарында пайда болатын зат екен. Ол косметикалық тауарлар мен хош иісті иіс май жасау саласында аса бағалы шикізат болып келеді. Мұны естіген Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлер Вилменмен хабарласып, құнды затты 100 мың еуроға сатыл алмақшы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

