Жаңалықтар

«Астана» футболшылары Молдавияның «Рапид» командасын 3:1 есебімен жеңді

Бүгін Анталияда «Астана» футболшылары Молдавияның «Рапид» командасымен қарсыласты. Молдавия командасының құрамында астаналықтарға жақсы таныс Валерий Андроник пен Анаталий Дорош болды. Бұл туралы «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. «Матчтың бірінші таймында қазақстандық жас футболшыларға өз өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік берілді. Алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші голды клубтың жаңа бразилиялық футболшысы Зелао соқты », - делінген ақпаратта. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екі бас жаттықтырушы екінші тайм басталарда командалар құрамын өзгертті. Астаналықтар қарсыласының қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына бір гол өткізіп алды. BNews.kz
02.02.2013 04:45 3130

Бүгін Анталияда «Астана» футболшылары Молдавияның «Рапид» командасымен қарсыласты. Молдавия командасының құрамында астаналықтарға жақсы таныс Валерий Андроник пен Анаталий Дорош болды. Бұл туралы «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

«Матчтың бірінші таймында қазақстандық жас футболшыларға өз өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік берілді. Алғашқы тайм 1:0 есебімен аяқталды. Бірінші голды клубтың жаңа бразилиялық футболшысы Зелао соқты », - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, екі бас жаттықтырушы екінші тайм басталарда командалар құрамын өзгертті. Астаналықтар қарсыласының қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына бір гол өткізіп алды.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға