Жаңалықтар

Алаштың ақтармен қарым-қатынасы

Бәлшебектердің қазаққа дербестік бермейтіні белгілі болды. Сондықтан алаштықтар осынау ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін Кеңес үкіметіне қарсы ақтармен бірігулеріне тура келді. Алаш Орда үкіметінің басшылары атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен (Комучпен), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасады. Азамат соғысы басталғанда қазақ аутономиясы ақтармен тізе қосып Қызыл Армияға қарсы шықты. 1918 жылы 8 ақпанда Уақытша Сібір үкіметімен құрылды. Дегенмен, ақтар үкіметі де о бастан-ақ қазақтарға «ұлыорыстық» пиғыл танытты. Олар ұлт арыстарының ел ішіндегі беделін өз мақсаттарында ғана пайдаланғысы келді. Соғыс жағдайында әскер күшін жасақтау, соғыстың материалдық шығындарын қазақ халқының мойнына жүктеу т.б. көздеді.Сөйтіп Алаш Орда мен Уақытша үкімет арасында жиі мүдделер қақтығысы орын алып қалып жатты. Сібір үкіметі қазақ аутономиясының ресми дербестігін мойындамай қойған соң, Алаш басшылары Уақытша үкіметпен ат құйрығын кесті. Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет - Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен (Комучпен) қарым-қатынас орнатты. Эсерлер басқарған бұл үкімет1918 жылы 8 маусымда құрылған күннен бастап демократиялық принциптерге оң қабақ беретінін байқатты. Олардың Алашордаға деген көзқарасы да біршама тәуір еді. Тамыз айында Комуч Ресейде құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады. Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комучтың ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңесте бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханұлы Алаш аутономиясының сепаратизмнен аулақ екенін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екенін жеткізді. Кеңестен бөлек ұлт көсемдерінің жеке басқосуында қазақ елін Алаш Орданың жеке дара басқаратыны мәлім етілді. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына біртұтас Алаш аутономиясы бар екенін паш ету әрекеті болатын. 23 қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет - Директория жарияланды. Директорияның бұйрығымен Ресейдің тұтастығын қалпына келтіру мақсатында барлық облыстық үкіметтермен бірге Алаш Орданың орталық үкіметі де таратылып, оның облыстық, уездік ұйымдары ғана қалдырылды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді. 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, онда қазақ аутономиясының егемендік құқын шектейтін бірқатар қаулылар қабылданады. Бұған наразы болған А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-аумақтық аутономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпы қазақ сиезінің, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сиездердің шешімдерін жариялап (қазақтың Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғанын), қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетінің біртұтастығын қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4 қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ осы Жарлықта көрсетілген қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігіп жатуы қазақ халқын алаңдатып отырғанын жеткізген. Алайда Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жоспары жүзеге асқан жоқ. Орыс отаршыларының басқыншылық саясаты Алаш Орда көсемдерінің сенімін жоғалтты. Соның нәтижесінде ұлттық қозғалыстардың белсенді қолдауына ие бола алмаған ақтар әскері Қызыл Армиядан жиі-жеңіліске ұшырап жатты. Ақыры ақтар үкіметі құлап тынды. Бұл өткен ғасырдың басында дербес қазақ автономиясының құрылуына да үлкен кесірін тигізді. Тарих дөңгелегін кері айналдыруға болмас. Бірақ, егер Алаш Орда үкіметі мен Уақытша Бүкілресейлік үкімет немесе Колчак үкіметі тең дәрежелі мемлекеттер құру туралы өзара ымыраға келгенде, ортақ тіл табысқанда қазақ мемлекеттігі осыдан 100 жыл бұрын құрылар ма еді деген ой қылаң береді. Ал КСРО-ның құрамында 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы отаршылдық жүйенің өңін айналдырған түрі болатын. Қазақ халқы осы уақыт ішінде өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалтудың аз-ақ алдында қалды. Мәңгүрттене бастаған ұрпақ өсті. Дәулетқали Асауов BAQ.kz
31.01.2013 08:05 5625

Бәлшебектердің қазаққа дербестік бермейтіні белгілі болды. Сондықтан алаштықтар осынау ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін Кеңес үкіметіне қарсы ақтармен бірігулеріне тура келді.

Алаш Орда үкіметінің басшылары атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен (Комучпен), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасады. Азамат соғысы басталғанда қазақ аутономиясы ақтармен тізе қосып Қызыл Армияға қарсы шықты.
1918 жылы 8 ақпанда Уақытша Сібір үкіметімен құрылды. Дегенмен, ақтар үкіметі де о бастан-ақ қазақтарға «ұлыорыстық» пиғыл танытты. Олар ұлт арыстарының ел ішіндегі беделін өз мақсаттарында ғана пайдаланғысы келді. Соғыс жағдайында әскер күшін жасақтау, соғыстың материалдық шығындарын қазақ халқының мойнына жүктеу т.б. көздеді.Сөйтіп Алаш Орда мен Уақытша үкімет арасында жиі мүдделер қақтығысы орын алып қалып жатты. Сібір үкіметі қазақ аутономиясының ресми дербестігін мойындамай қойған соң, Алаш басшылары Уақытша үкіметпен ат құйрығын кесті.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет - Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері комитетімен (Комучпен) қарым-қатынас орнатты. Эсерлер басқарған бұл үкімет1918 жылы 8 маусымда құрылған күннен бастап демократиялық принциптерге оң қабақ беретінін байқатты. Олардың Алашордаға деген көзқарасы да біршама тәуір еді. Тамыз айында Комуч Ресейде құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комучтың ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңесте бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханұлы Алаш аутономиясының сепаратизмнен аулақ екенін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екенін жеткізді. Кеңестен бөлек ұлт көсемдерінің жеке басқосуында қазақ елін Алаш Орданың жеке дара басқаратыны мәлім етілді. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына біртұтас Алаш аутономиясы бар екенін паш ету әрекеті болатын.
23 қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет - Директория жарияланды. Директорияның бұйрығымен Ресейдің тұтастығын қалпына келтіру мақсатында барлық облыстық үкіметтермен бірге Алаш Орданың орталық үкіметі де таратылып, оның облыстық, уездік ұйымдары ғана қалдырылды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, онда қазақ аутономиясының егемендік құқын шектейтін бірқатар қаулылар қабылданады. Бұған наразы болған А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-аумақтық аутономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпы қазақ сиезінің, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сиездердің шешімдерін жариялап (қазақтың Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғанын), қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетінің біртұтастығын қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4 қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ осы Жарлықта көрсетілген қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігіп жатуы қазақ халқын алаңдатып отырғанын жеткізген.
Алайда Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жоспары жүзеге асқан жоқ. Орыс отаршыларының басқыншылық саясаты Алаш Орда көсемдерінің сенімін жоғалтты. Соның нәтижесінде ұлттық қозғалыстардың белсенді қолдауына ие бола алмаған ақтар әскері Қызыл Армиядан жиі-жеңіліске ұшырап жатты. Ақыры ақтар үкіметі құлап тынды. Бұл өткен ғасырдың басында дербес қазақ автономиясының құрылуына да үлкен кесірін тигізді.
Тарих дөңгелегін кері айналдыруға болмас. Бірақ, егер Алаш Орда үкіметі мен Уақытша Бүкілресейлік үкімет немесе Колчак үкіметі тең дәрежелі мемлекеттер құру туралы өзара ымыраға келгенде, ортақ тіл табысқанда қазақ мемлекеттігі осыдан 100 жыл бұрын құрылар ма еді деген ой қылаң береді. Ал КСРО-ның құрамында 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық Социалистік Республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы отаршылдық жүйенің өңін айналдырған түрі болатын. Қазақ халқы осы уақыт ішінде өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалтудың аз-ақ алдында қалды. Мәңгүрттене бастаған ұрпақ өсті.

Дәулетқали Асауов

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға