ҚР Президенті 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
- Менің тапсырмаммен қайғының себептерін анықтайтын, ұшу қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шараларды белгілейтін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметке қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына барынша көмектесу жөнінде тапсырма берілді. Мен 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым, - деді Мемлекет басшысы.
Отырысқа қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіз еске алды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше, 29 қаңтарда, сағат 13.30-да Алматы қаласы әуежайына 5 км қалғанда «Көкшетау – Алматы» бағдары бойынша №760 әуе рейісін жасаған «Chellenger-200» ұшағы апатқа ұшырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады


