Жаңалықтар

Алматы әкімшілігі газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алады

Алматы қаласы әкімшілігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі газбен жүретін 200 жаңа автобус алу үшін кредиттік келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметі. Бүгін Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Томас Майермен кездесті. Кездесу барысында «Алматыэлектротранс» ҚМК мен ЕҚДБ арасында 200 жаңа автобус сатып алу үшін 39,3 миллион доллар көлемінде кредиттік келісімшартқа қол қойылды. Несиелеу мерзімі 10 жыл. Қала әкімі бұған дейін де аталған банктен алынған кредиттер есебінен муниципалдық парктің 200 автобуспен толыққанын және ол тұрғындар тарапынан оң қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 200 автобус пен 200 такси алынып, тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасы артатынына тоқталды. Келіссөздер барысында тараптар бірқатар жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастырды.Естеріңізге саламыз, бүгінгі таңда Алматыда ЕҚДБ бірлесе отырып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылған.
30.01.2013 07:12 2646

Алматы қаласы әкімшілігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі газбен жүретін 200 жаңа автобус алу үшін кредиттік келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Бүгін Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Томас Майермен кездесті.

Кездесу барысында «Алматыэлектротранс» ҚМК мен ЕҚДБ арасында 200 жаңа автобус сатып алу үшін 39,3 миллион доллар көлемінде кредиттік келісімшартқа қол қойылды. Несиелеу мерзімі 10 жыл.

Қала әкімі бұған дейін де аталған банктен алынған кредиттер есебінен муниципалдық парктің 200 автобуспен толыққанын және ол тұрғындар тарапынан оң қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 200 автобус пен 200 такси алынып, тасымалдаушылардың қызмет көрсету сапасы артатынына тоқталды.

Келіссөздер барысында тараптар бірқатар жобаларды жүзеге асыру мәселесін қарастырды.Естеріңізге саламыз, бүгінгі таңда Алматыда ЕҚДБ бірлесе отырып, бірнеше әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға