Ергежейлі пілдердің өлі денелері табылды
Малайзияның тропикалық ормандарынан сирек кездесетін пілдердің өлі денелері табылды. Ергежейлі пілдер Гунунг Рара қорығының маңында жатқан. Алайда мамандар олардың 3 айлық баласын аман алып қалғанын айтты. Жануарларға сырттан еш зиян келмеген. Мамандардың жүргізген зерттеу жұмыстары «пілдердің өліміне асқазан-ішек ауруы мен қанның ішке кетуі себеп болуы мүмкін» деген тұжырымға әкелді. Алайда әзірге нақты себебі белгісіз. Әлемдік аңдар қорының мәліметіне сүйенсек, Сабах штатында мекендейтін ергежейлі пілдердің 1,5 мыңы ғана қалған. 2,5 метрлік бұл жануарлар Африка немесе Азия пілдеріне қарағанда жұмсақ болып келеді екен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

