Жаңалықтар

2012 жылы қазақстандықтар жаңа автокөліктер сатып алу үшін 2 млрд доллар жұмсаған

2012 жылы Қазақстандағы ресми делдалдар жалпы 2 млрд доллар сомасына 87 мыңға жуық жеңіл автокөлік сатты. Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. «Аталмыш көрсеткіш қазақстандық автобизнес үшін рекорд саналады. Сатылым мөлшері дағдарысқа дейінгі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Осылай нарық қалпына келіп қана қоймай, дағдарыстан кейінгі кезеңде жоғары қарқынмен дамыды. Өткен жыл ішінде мемлекет осы саладан салық түрінде 60 млрд теңге пайда көрді», - делінген ақпаратта. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, жаңа автокөліктің орташа бағасы 22 мың долларды құрады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Ресеймен және Еуропаның кейбір елдерімен тең түсті. Қазақстандықтар көбінесе өндірушінің кепілдігі бар, арзан, жаңа автокөлік сатып алғанды дұрыс көреді. 2012 жылы автокөлік сатып алушылардың 55 пайызын әйелдер құрады. Сондай-ақ, былтырғы жылы отандық автокөліктер үлкен сұранысқа ие болды», - деп хабарлады баспасөз қызметі. 2012 жылы ең көп сұранысқа ие болған отандық автокөліктер: Бюджеттік жеңіл автокөліктер ($12 мыңға дейін) 1 Лада Приора 2 Лада Самара 3 Daewoo Nexia 4 Лада Гранта 5 ZAZ Chance Жеңіл автокөліктер (Премиум) ( $40 мыңнан басталады) 1 Toyota CAMRY 2 Subaru Outback 3 Nissan Teana 4 Volkswagen Passat B7 5 Subaru Legacy Бюджеттік жол талғамайтын автокөліктер ($30 мыңнан басталады) 1 LADA 4x4 2 Chevrolet NIVA 3 Nissan Juke 4 SsangYong Kyron 5 UAZ 3151 Жол талғамайтын автокөліктер (Премиум) ( $30 мыңнан басталады) 1 Hyundai Santa Fe 2 BMW X6 3 BMW X5 4 Ford Kuga 5 BMW X3  
30.01.2013 04:34 3130

2012 жылы Қазақстандағы ресми делдалдар жалпы 2 млрд доллар сомасына 87 мыңға жуық жеңіл автокөлік сатты. Бұл туралы қазақстандық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталмыш көрсеткіш қазақстандық автобизнес үшін рекорд саналады. Сатылым мөлшері дағдарысқа дейінгі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғайды. Осылай нарық қалпына келіп қана қоймай, дағдарыстан кейінгі кезеңде жоғары қарқынмен дамыды. Өткен жыл ішінде мемлекет осы саладан салық түрінде 60 млрд теңге пайда көрді», - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың қорытындысы бойынша, жаңа автокөліктің орташа бағасы 22 мың долларды құрады. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан Ресеймен және Еуропаның кейбір елдерімен тең түсті. Қазақстандықтар көбінесе өндірушінің кепілдігі бар, арзан, жаңа автокөлік сатып алғанды дұрыс көреді. 2012 жылы автокөлік сатып алушылардың 55 пайызын әйелдер құрады. Сондай-ақ, былтырғы жылы отандық автокөліктер үлкен сұранысқа ие болды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

2012 жылы ең көп сұранысқа ие болған отандық автокөліктер:

Бюджеттік жеңіл автокөліктер ($12 мыңға дейін)

1 Лада Приора

2 Лада Самара

3 Daewoo Nexia

4 Лада Гранта

5 ZAZ Chance

Жеңіл автокөліктер (Премиум) ( $40 мыңнан басталады)

1 Toyota CAMRY

2 Subaru Outback

3 Nissan Teana

4 Volkswagen Passat B7

5 Subaru Legacy

Бюджеттік жол талғамайтын автокөліктер ($30 мыңнан басталады)

1 LADA 4x4

2 Chevrolet NIVA

3 Nissan Juke

4 SsangYong Kyron

5 UAZ 3151

Жол талғамайтын автокөліктер (Премиум) ( $30 мыңнан басталады)

1 Hyundai Santa Fe

2 BMW X6

3 BMW X5

4 Ford Kuga

5 BMW X3

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға