Италияда карнавал жалғасуда
Венецияда карнавал өтіп жатыр. Жүздеген адам суда жүзген қайықтардың қойылымдарын тамашалауда. Шараға қатысушылар түрлі-түсті бетперде тағып, көздің жауын алатын костюмдер киген. Дәстүрлі жоба биыл италияндық атақты суретші-қоюшы режиссер Давид Рампеллоның басқаруымен ұйымдастырылған. Әдетте карнавал от пен судың әдемілігін көрсету мақсатында өткізіледі. Тұрғындар ХI ғасырға тән киімдер киіп, сол кездегі сәнге айналған бетперделер тағып шығады екен. Мерекелік фестиваль ақпанның 12-сіне дейін жалғасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

