Жаңалықтар

Қазаққа «Оскардың» ауылы алыс

Былтырғы 2012 жыл қазақтың кино өнері үшін жемісті болды деп айта аламыз. Әсіресе, Ақан Сатаевтің «Жаужүрек Мың баласы» мен Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі шыққанда қатты қуандық, отандық кино саласы серпіліс жасады деп.  Жуырда әлемдік киномамандар «Оскар» жүлдесіне үміткер фильмдердің тізімін жасады. Былтыр жүргізілген іріктеудің алғашқы сатысында номинанттар тізімінде «Жаужүрек Мың бала» фильмі болған, «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында. Әлем мамандары тарапынан жоғары бағаланған қазақ киносынан өзіміз де үлкен үміт күткенбіз. Өкінішке қарай, іріктеудің екінші сатысына Ақан Сатаевтің туындысы өте алмады. Кезінде «Көшпенділер» фильмі жарыққа шыққанда да қалпағымызды аспанға атқанбыз. Мақтаушыларда сан болмаған. Алайда, үлкен жүлделерге іліне алмаған еді, бір-ақ күнде түкке алғысыз еттік. Енді «Жаужүрек Мың бала» да соның кебін кимесе дейміз. Әлемдік киномамандар «Оскардың» «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына бес туындыны таңдап алды. Олар: «Махаббат» (Австрия, реж. Михаэль Ханеке), «Патшалық роман» (Дания, реж. Николай Арсель), «Соғыс шайтаны» (Канада, реж. Ким Нгуен), «Кон-Тики» (Норвегия, реж. Хоаким Роннинг и Эспен Сандберг), «Жоқ» (Чили, реж. Пабло Ларрейн). Былтыр «Оскар» жүлдесіне іріктеу жүргізіліп жатқан тұста белгілі киносыншы Олег Борецкий «Жаужүрек Мың бала» фильмінің жүлдегерлер қатарына ілінбейтіндігін сеніммен айтқан еді. Өйткені, туынды американдық киножүлденің талаптарына сай келмейді деген. Оның үстіне сапасы да бәсекелесуге жарамсыз деп пікірін айтқан. Борецкий Ермек Тұрсыновтың «Шалы» «Оскар» номинанты болуыға лайықты еді дейді. Маманның бұл айтқаны дәл келді. Енді қазақ режиссерларынан 2013 жылы әлемдік туындылармен бәсекеге түсе алатын өнімдер күтеміз. Әзірге қазаққа «Оскардың» ауылы алыс. Серғали Балажан BAQ.kz
28.01.2013 03:44 3477

Былтырғы 2012 жыл қазақтың кино өнері үшін жемісті болды деп айта аламыз. Әсіресе, Ақан Сатаевтің «Жаужүрек Мың баласы» мен Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі шыққанда қатты қуандық, отандық кино саласы серпіліс жасады деп. 
Жуырда әлемдік киномамандар «Оскар» жүлдесіне үміткер фильмдердің тізімін жасады. Былтыр жүргізілген іріктеудің алғашқы сатысында номинанттар тізімінде «Жаужүрек Мың бала» фильмі болған, «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында. Әлем мамандары тарапынан жоғары бағаланған қазақ киносынан өзіміз де үлкен үміт күткенбіз. Өкінішке қарай, іріктеудің екінші сатысына Ақан Сатаевтің туындысы өте алмады.
Кезінде «Көшпенділер» фильмі жарыққа шыққанда да қалпағымызды аспанға атқанбыз. Мақтаушыларда сан болмаған. Алайда, үлкен жүлделерге іліне алмаған еді, бір-ақ күнде түкке алғысыз еттік. Енді «Жаужүрек Мың бала» да соның кебін кимесе дейміз.
Әлемдік киномамандар «Оскардың» «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына бес туындыны таңдап алды. Олар: «Махаббат» (Австрия, реж. Михаэль Ханеке), «Патшалық роман» (Дания, реж. Николай Арсель), «Соғыс шайтаны» (Канада, реж. Ким Нгуен), «Кон-Тики» (Норвегия, реж. Хоаким Роннинг и Эспен Сандберг), «Жоқ» (Чили, реж. Пабло Ларрейн).
Былтыр «Оскар» жүлдесіне іріктеу жүргізіліп жатқан тұста белгілі киносыншы Олег Борецкий «Жаужүрек Мың бала» фильмінің жүлдегерлер қатарына ілінбейтіндігін сеніммен айтқан еді. Өйткені, туынды американдық киножүлденің талаптарына сай келмейді деген. Оның үстіне сапасы да бәсекелесуге жарамсыз деп пікірін айтқан. Борецкий Ермек Тұрсыновтың «Шалы» «Оскар» номинанты болуыға лайықты еді дейді. Маманның бұл айтқаны дәл келді. Енді қазақ режиссерларынан 2013 жылы әлемдік туындылармен бәсекеге түсе алатын өнімдер күтеміз. Әзірге қазаққа «Оскардың» ауылы алыс.

Серғали Балажан

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға