Жаңалықтар

СҚО-да 2012 жылы білім саласына 35,6 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы білім саласына 35,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012-2013 оқу жылының басында облыс аумағындағы мектептер саны 598 болды. 71 балабақша бар, олардың ішінде 61-і мемлекеттік, 10 жекеменшік балабақшалар. Сонымен қатар екі «мектеп-балабақша» кешені жұмыс істейді. 505 шағын орталық (екеуі жекеменшік) бүлдіршіндерге тәрбие береді», деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығы Зиядден Молдағанапов. Жергілікті бюджет қаржысына Айыртау ауданының Кирилловка ауылында 240 оқушыға арналған мектеп, Есіл ауданының Тау ағаш ауылында 90 орындық мектеп және Петропавл қаласында 320 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Жамбыл ауданы Айтуар ауылында 80 оқушыға арналған мектеп құрылысы және Аққайың ауданы Смирновский орта мектебі аумағында қазандық құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Ақжар ауданының Талшық ауылында екі қабаты ғимарат қалыпқа келтіріліп, 60 бүлдіршінге арналған балалақша ашылды. Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылында және Шал ақын ауданы Сергеевка ауылында стадион қайта қалыпқа келтірілді. Атқарылған тағы бір жұмыс-Петропавл қаласында 75 бүлдіршінді қабылдай алатын ғимарат қайта қалыпқа келтірілген. 2012 жылы облыста білім саласына 35,6 млрд теңге бөлінген. «Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1 млрд 150 млн теңге, күрделі жөндеу жүргізуге 690,8 млн теңге бөлінді», деді З.Молдағанапов.
27.01.2013 13:28 2799

Солтүстік Қазақстан облысында 2012 жылы білім саласына 35,6 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012-2013 оқу жылының басында облыс аумағындағы мектептер саны 598 болды. 71 балабақша бар, олардың ішінде 61-і мемлекеттік, 10 жекеменшік балабақшалар. Сонымен қатар екі «мектеп-балабақша» кешені жұмыс істейді. 505 шағын орталық (екеуі жекеменшік) бүлдіршіндерге тәрбие береді», деді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығы Зиядден Молдағанапов.

Жергілікті бюджет қаржысына Айыртау ауданының Кирилловка ауылында 240 оқушыға арналған мектеп, Есіл ауданының Тау ағаш ауылында 90 орындық мектеп және Петропавл қаласында 320 орындық балабақша құрылысы аяқталды. Жамбыл ауданы Айтуар ауылында 80 оқушыға арналған мектеп құрылысы және Аққайың ауданы Смирновский орта мектебі аумағында қазандық құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Ақжар ауданының Талшық ауылында екі қабаты ғимарат қалыпқа келтіріліп, 60 бүлдіршінге арналған балалақша ашылды. Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылында және Шал ақын ауданы Сергеевка ауылында стадион қайта қалыпқа келтірілді. Атқарылған тағы бір жұмыс-Петропавл қаласында 75 бүлдіршінді қабылдай алатын ғимарат қайта қалыпқа келтірілген.

2012 жылы облыста білім саласына 35,6 млрд теңге бөлінген.

«Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1 млрд 150 млн теңге, күрделі жөндеу жүргізуге 690,8 млн теңге бөлінді», деді З.Молдағанапов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға