Жаңалықтар

Жеңіл атлетикадан жыл үздіктері анықталды

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткен жылды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына жеңіл атлетикадан 25 спортшымыз лицензия ұтып алған болатын, деп хабарлайды 24 kz. Сонымен қатар 16 спортшы халықаралық спорт шебері атағын қорғады. Спортшылар арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ал бапкерлерден Сергей Алексеев үздік атанды. Аймақтардың көрсеткіші бойынша Алматы облысы 1-орында. Екінші орында Қарағанды облысының спортшылары болса, Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіші үштікті түйіндеді. BAQ.kz
25.01.2013 11:43 3030

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы өткен жылды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына жеңіл атлетикадан 25 спортшымыз лицензия ұтып алған болатын, деп хабарлайды 24 kz.

Сонымен қатар 16 спортшы халықаралық спорт шебері атағын қорғады. Спортшылар арасында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ал бапкерлерден Сергей Алексеев үздік атанды. Аймақтардың көрсеткіші бойынша Алматы облысы 1-орында. Екінші орында Қарағанды облысының спортшылары болса, Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіші үштікті түйіндеді.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға