Жаңалықтар

Әлемнің ең биік арқанды саябағы Алматыда ашылды

Әлемнің ең биік 14 шыңының сонар басына көтерілген қазақтың мұзбалақ альпинисі Мақсұт Жұмаев жаңа шыңдарды бағындыруға кірісті. Жоқ, қате түсінбеңіздер, тауға шықпайды. Оның барлығы өткеннің еншісінде қалды ғой. Енді Мақсұт елімізде тұралап қалған туризм саласы мен берекесі кірмей тұрған бұқаралық спортты өркендетуге барын салмақ.  Осы мақсатта Жұмаев жетекшілік ете­тін қазақтың Альпинклуб бірлестігі Шым­бұлақ таулы-курорт базасында Қазақ­стан­дағы алғашқы арқанды саябағын ашты. Кеше Алматының бір топ журналисі әлгі саябақты қызықтап, кереметін көзбен кө­ріп қайттық. Арқанды саябақ Шымбұлаққа кіре бер­генде оң жағынан көрініп, менмұнда­лап тұрады. Кәдімгі ағаш бөренелерден тұр­ғызылған саябақ екен. Үш деңгейге бө­лінген арқанды саябақтың ең күрделісінің биіктігі – алты метр. Оның өзі он кезеңге бө­лінген. Әр үш метр сайын биікте сені әр­түр­лі сынақтар күтіп тұрады. Біреуінде бір-бірінен алшақ орналасқан бөренелермен жүруің қажет болса, біреуінде ілулі тұрған арқандармен жүруің керек. Аяғың тайып кетуі де мүмкін. Сондықтан әр қадамыңа мұқият болуың керек. Ал ең соңында ас­палы арқанмен саябақтың бір басынан екінші жағына құлдилай жөнелесің. Теле­ди­дардан шетелдік экстрималды шоулар­ды көріп жүрміз ғой, биікте бөренеден бө­ренеге секіріп құлап жатады. Бірақ әлгі шоу­ларың мына саябақтың жанында түк болмай қалған сияқты. Оны жоба же­тек­шісі Мақсұт Жұмаев та растап отыр. Бір қарағанда, оңай болып көрінуі мүм­кін. Алайда төбеге шыққанда аяғың қал­тырап, әзер жүріп қаласың. Жақында отс­тав­кадағы бір офицер келіп, арқан­ды саябақты тамашалап кетті. Кезінде өзі де бізбен бірге біраз шыңды бағындырған мұзбалақ. Бірақ оның өзі де осы сынақтан әзер өтті. Соңында: «Бұл нағыз мықтылар шың­далатын жер екен. Тіпті арнайы әске­ри дайындықтан өтіп жатқан сарбаздарды жаттықтыруға болады», – деп пікірін біл­ді­ріп кетті. Жақында осы мақсатта жұмыс жа­сайтын боламыз. Бір жағынан, сарбаз­дар­дың жаттығу алаңына да айналмақ. Сондай-ақ бұқаралық спорттың игілігі үш­ін де қызмет етеді. Сондықтан, бір жағы­нан, отбасылық демалыс мекеніне айнал­дырмақ ойымыз да бар. Мәселен, Шым­бұ­лаққа келген жұртты көріп жүрміз, тегіс алаңқайды табады да, төсеніштерін төсеп, тамақтарын ішіп отырады. Себебі Шымбұ­лақта жазда болмаса, қыста басқа айна­лы­сатын еш нәрсе жоқ. Біздің мақ­сатымыз – спортшылар мұнда оқу-жатты­ғу жиын­дарын өткізгенде өздерін сынатып қана қой­май, қалың бұқараның игілігіне де қызмет атқару. Мұндай демалыс орын­дары кө­бей­се, бұқаралық спорт та алға жылжи­тын еді, – деді Мақсұт Жұмаев. Айта кетейік, әлемнің ең биік 14 шы­ңын бағындырғаннан кейін жаңа бастама­лар­ды қолға алған мұзбалақ Мақсұт Жұ­ма­ев Қа­зақстанда тұңғыш рет Алльпинклуб бір­лес­тігін құрған болатын. Осы мақсатта болашақ мұзбалақтарды ғана дайындап қоймай, отандық туризмді де дамытуға кіріскен. Шымбұлақта ашылған еліміздегі алғашқы арқанды саябақ – Жұмаевтың көп жобаларының бірі ғана. Негізі, мұндай арқанды саябақтар Азиядан гөрі Еуропа елдерінде жақсы дамыған. Дегенмен теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орна­лас­қан Шымбұлақтағы арқанды саябақ әлем­нің ең биік таулы арқанды саябағы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабынан үміткер. Тіпті Жұмаев бастаған топ рекордтар тізі­міне енуге өтініш білдіріп те қойыпты. Ал жақын күннен бастап мұзбалақ Мақсұт мұн­да Алматының жас альпинистеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізуді де қолға алмақ. Әлбетте, нағыз мұзбалақ үшін бұл саябақта сынақтан өту түкке де тұрмайды, бірақ бой қыздырып, бабында болуына көмегін тигізері сөзсіз. Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ Алаш айнасы  
23.01.2013 12:01 3225

Әлемнің ең биік 14 шыңының сонар басына көтерілген қазақтың мұзбалақ альпинисі Мақсұт Жұмаев жаңа шыңдарды бағындыруға кірісті. Жоқ, қате түсінбеңіздер, тауға шықпайды. Оның барлығы өткеннің еншісінде қалды ғой. Енді Мақсұт елімізде тұралап қалған туризм саласы мен берекесі кірмей тұрған бұқаралық спортты өркендетуге барын салмақ. 

Осы мақсатта Жұмаев жетекшілік ете­тін қазақтың Альпинклуб бірлестігі Шым­бұлақ таулы-курорт базасында Қазақ­стан­дағы алғашқы арқанды саябағын ашты. Кеше Алматының бір топ журналисі әлгі саябақты қызықтап, кереметін көзбен кө­ріп қайттық.

Арқанды саябақ Шымбұлаққа кіре бер­генде оң жағынан көрініп, менмұнда­лап тұрады. Кәдімгі ағаш бөренелерден тұр­ғызылған саябақ екен. Үш деңгейге бө­лінген арқанды саябақтың ең күрделісінің биіктігі – алты метр. Оның өзі он кезеңге бө­лінген. Әр үш метр сайын биікте сені әр­түр­лі сынақтар күтіп тұрады. Біреуінде бір-бірінен алшақ орналасқан бөренелермен жүруің қажет болса, біреуінде ілулі тұрған арқандармен жүруің керек. Аяғың тайып кетуі де мүмкін. Сондықтан әр қадамыңа мұқият болуың керек. Ал ең соңында ас­палы арқанмен саябақтың бір басынан екінші жағына құлдилай жөнелесің. Теле­ди­дардан шетелдік экстрималды шоулар­ды көріп жүрміз ғой, биікте бөренеден бө­ренеге секіріп құлап жатады. Бірақ әлгі шоу­ларың мына саябақтың жанында түк болмай қалған сияқты. Оны жоба же­тек­шісі Мақсұт Жұмаев та растап отыр.

Бір қарағанда, оңай болып көрінуі мүм­кін. Алайда төбеге шыққанда аяғың қал­тырап, әзер жүріп қаласың. Жақында отс­тав­кадағы бір офицер келіп, арқан­ды саябақты тамашалап кетті. Кезінде өзі де бізбен бірге біраз шыңды бағындырған мұзбалақ. Бірақ оның өзі де осы сынақтан әзер өтті. Соңында: «Бұл нағыз мықтылар шың­далатын жер екен. Тіпті арнайы әске­ри дайындықтан өтіп жатқан сарбаздарды жаттықтыруға болады», – деп пікірін біл­ді­ріп кетті. Жақында осы мақсатта жұмыс жа­сайтын боламыз. Бір жағынан, сарбаз­дар­дың жаттығу алаңына да айналмақ. Сондай-ақ бұқаралық спорттың игілігі үш­ін де қызмет етеді. Сондықтан, бір жағы­нан, отбасылық демалыс мекеніне айнал­дырмақ ойымыз да бар. Мәселен, Шым­бұ­лаққа келген жұртты көріп жүрміз, тегіс алаңқайды табады да, төсеніштерін төсеп, тамақтарын ішіп отырады. Себебі Шымбұ­лақта жазда болмаса, қыста басқа айна­лы­сатын еш нәрсе жоқ. Біздің мақ­сатымыз – спортшылар мұнда оқу-жатты­ғу жиын­дарын өткізгенде өздерін сынатып қана қой­май, қалың бұқараның игілігіне де қызмет атқару. Мұндай демалыс орын­дары кө­бей­се, бұқаралық спорт та алға жылжи­тын еді, – деді Мақсұт Жұмаев.

Айта кетейік, әлемнің ең биік 14 шы­ңын бағындырғаннан кейін жаңа бастама­лар­ды қолға алған мұзбалақ Мақсұт Жұ­ма­ев Қа­зақстанда тұңғыш рет Алльпинклуб бір­лес­тігін құрған болатын. Осы мақсатта болашақ мұзбалақтарды ғана дайындап қоймай, отандық туризмді де дамытуға кіріскен. Шымбұлақта ашылған еліміздегі алғашқы арқанды саябақ – Жұмаевтың көп жобаларының бірі ғана. Негізі, мұндай арқанды саябақтар Азиядан гөрі Еуропа елдерінде жақсы дамыған. Дегенмен теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орна­лас­қан Шымбұлақтағы арқанды саябақ әлем­нің ең биік таулы арқанды саябағы ретінде Гиннесстің рекордтар кітабынан үміткер. Тіпті Жұмаев бастаған топ рекордтар тізі­міне енуге өтініш білдіріп те қойыпты. Ал жақын күннен бастап мұзбалақ Мақсұт мұн­да Алматының жас альпинистеріне оқу-жаттығу жиындарын өткізуді де қолға алмақ. Әлбетте, нағыз мұзбалақ үшін бұл саябақта сынақтан өту түкке де тұрмайды, бірақ бой қыздырып, бабында болуына көмегін тигізері сөзсіз.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Алаш айнасы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға