Жаңалықтар

Қанат САУДАБАЕВ: 2050 Стратегиясы – жасампаздықтың жемісті жалғасы

Желтоқсанда жарияланған Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына республика жұртшылығы кеңінен үн қосып жатыр. Сонымен қатар, 2050 Стратегиясына әлем де жан-жақты назарын аударуда. Оған еліміздегі, сондай-ақ шетелдердегі жүздеген азаматтардың, танымал саясаткерлердің, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың үн қосулары куә. Ел дамуының жаңа стратегиялық бағыты туралы пікірін білмекке «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат САУДАБАЕВТЫ сөзге тартқан едік. Осыдан тура бір жыл бұрын, Елбасының Жарлығымен құрылған Орталықтың басты міндеті – Қазақстан Республикасының ары қарайғы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына үлес қосу, қазақстандық қоғамдағы азаматтық ұстаным сәйкестігі мен патриоттықты нығайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту екенін еске сала кетейік.  – Қанат Бекмырзаұлы, тәуелсіз Қа­зақстанның қалыптасуы мен да­муын­дағы көптеген тағдыршешті оқиғаларға тікелей қатысқан куәгерлердің бірісіз. Еліміздегі соңғы маңызды оқиғалардың бірі желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдаған Президент Н.Назарбаевтың Жолдауы болды. Онда Елбасы «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясындағы негіз­гі міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімдегені белгілі. Сіздің бұған алып-қосарыңыз бар ма? – Осыдан 15 жыл бұрын, 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлтымызға көп­те­ген адамдар үшін қиял болып көрінген «Қазақстан-2030» мақсатты Стратегиясын ұсынған болатын. Сол кездері оның сәтімен жүзеге асатынына күмәнмен қарауға да негіз жоқ емес-ті. Ол уақытта Қазақстан Кеңес Одағының ыдырауынан енді ғана айыққан әрі бірыңғай экономикалық жүйесі жоқ, шын мәнінде күн тәртібіне егеменді мемлекет ретінде өмір сүру мәселесін қойған ел еді. Бүгінгі аға және орта буын өкілдері кәсіпорынның бүйіріне шаншудай қадалған қаржының құнсыздануы мен жұмыссыздықтың жоғары шегін, электрдің үздіксіз сөндірілуі мен дүкеннің жартылай бос сөрелерін және басқа да сол кезеңнің белгілерін әлі ұмыта қойған жоқ. Қазақстандықтардың берік қол­дау­ы­на арқа сүйеп, халқының жасам­паз­дық күш-қуатына кәміл сенген Президент жан-жақтылығы мен қарқыны жөнінен теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қам­та­масыз ете білді. Елдің ұзақмерзімді стратегиялық даму бағытын айқындап алған Мемлекет басшысы елдің магистральды бағытынан ауытқымай сенімді өсу жолына түсетін нақты бағдарын белгіледі. Тоқсаныншы жылдарды шын мәнінде елдің экономикасын феноменді алға сүйрейтін қадамға дайындаған қалыптасу онжылды­ғы деп атауға болады. Осы кезеңде Қа­зақстан өзінің Көшбасшысының ба­с­тауы­мен қыс­қа мерзім ішінде пост­кеңес­тік транзиттік өте қиын уақыттан аман-есен өтіп, түбегейлі құрылымдық өзгеріс­тер­ді жүзеге асыра білді. Жаңа мыңжылдықта экономикасын қысқа мерзім ішінде тұрақтандырып, оның белсенді өсуіне қол жеткізген посткеңестік кеңістіктегі бірден-бір республика болды. Екінші кезең жинақтау онжылдығы болды – 2000 жылдары барлық күш-жігер ресурстарды нығайту мен қолдағы мүмкіндіктерді топтастыруға бағытталды. Соның нәти­жесінде Қазақстан аталған онжылдық­тың соңына тап келген дүние­жүзілік экономикалық дағдарыстың бірінші толқынының теріс салдарын азайта алды. Осы кезеңдерде Н.Назарбаевтың әлеу­меттік-экономикалық саясатының тиімділігі ерекше жарқырап көрінді. Тіпті ең дамыған елдердің өзінде әлеуметтік шығындар қысқарып, кәсіпорындар жа­былып, жұмыссыздық қаулап өсіп жат­қанда, біздің елімізде жалақы өсе түсті, жолдар мен кәсіпорындар салына бас­тады, тұрғындарды жұмыспен қамту ұлғая түсті. Әлемде «Азия барыстары» деген атпен танылған Азия елдерінің табысын бағдарлап, Президент Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның өзіндегі бүкіл мүмкін­дік­терімен сондай қатарға қол жеткізбей қалуына себептер бар ма?» деген сауал қойды. Оған себептердің жоқ екенін, 2030 жылға қарай Қазақ­стан­ның «Орталық Азияның ба­ры­сына» айналуына негіз жеткілікті екенін, «басқа дамушы елдер үшін үлгі болуға мүмкіндік бар екенін» айтып, орындалатынына сенімділігін білдірді. Мемлекет басшысы Қа­зақстанның ХХІ ғасырдағы миссиясы дәл осылай болуы керек деп санады. Қазақстан ІЖӨ-нің өсу қарқыны жөнінен «Азия барыстарын» қуып жетті. Тарихи қысқа мерзім ішінде ІЖӨ жан басына шаққанда 700 АҚШ дол­ларынан 12 мың долларға дейін өсті. Мұндай даму қарқыны мен күн­көрісті қамтамасыз ету көрсеткішінің жақсаруы әлемдік экономикада бұрын-соңды ешқашан, еш жерде кездеспеген еді. Тіпті «Азия барыстары» – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін елу жыл керек болған-тын. 1997 жылы стратегиялық 2030 жылға дейінгі жоспардың анықталғанына қа­рамастан, олардың ең бастыларына бүгінде қол жеткізілді деуге болады. Оның жарқын дәлелі ретінде Қа­зақ­станның посткеңестік және одан тыс елдер­де жетекші позициядағы табыс­ты, динамикалық дамушы мемлекетке айналғанын айтуға болады. Қазақстан Республикасы болашаққа ұмтылған қуатты мемлекет, халықаралық аренада жауапты серіктес ретінде қалыптасты. Бүгінде Қазақстанның әлемдегі эконо­ми­касы шапшаң өсіп келе жатқан ал­дың­ғы үштіктің санатында екені белгілі. Бұған қалай қуанбассың. Еліміз тұр­ғын­дардың әл-ауқатының жаһандық рейтингісінде әлемнің алғашқы 50 мем­лекетінің қата­рында. Қазақстандық­тар­дың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай өсті, ана мен бала өлімі де біршама азайды. 148 елдің ішінен 104-інің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуді қолдауы 2030-Стратегиясының таңдай қағар табыс­пен жүзеге асқанын және мұны әлемдік қоғамдастықтың кезекті рет мойындағанын айғақтады. Біз 2018 жылы тұрғындарының табысы жоғары елдердің қатарына кіруіміз керек. Естеріңізде болса, Президент 2030­ Стратегиясында ағылшынның ұлы драматургі әрі ақыны Уильям Шекс­пирдің айтқан мына сөзін келтіреді: «Адам­дардың өмірінде шарықтау сә­ті бар, ол, егер дұрыс пайдалана біл­се, табысқа жеткізеді. Егер оны қол­дан шығарып алса, онда одан кейін­гі жол қайраңға малтығып, тай­ғақ кешумен ұласады». Бүгінде Қазақстан халқы шарықтау сәтін жан-жақты дұрыс қолданды, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Сондықтан да 2030 Стратегиясында көзделген міндеттердің шешімі Мемлекет басшысының халыққа арналған жаңа бағдарламаны жариялауына мүмкіндік берді. – Бағдарламалық жаңа құжатты саралай келе, ең алдымен, қай тұсына назар аудардыңыз? – Елбасының ғажайып дарыны – оның стратегиялық көрегендігі. Неміс ақы­ны, мемлекет қайраткері, ойшыл Иоганн Вольфганг фон Гёте: «Тек көзге көрінбейтінді көрген жан ғана адам айтқысыз дүниелерді жасай алады», деп айтқан еді. Егер еліміздің қалыптасу жолын еске алсақ, Президенттің ешкімге ұқсамайтын бастамалары мен ұсыныстарын, оларға алғашында көбі күмәнмен қараған болатын, көптеп мысалға келтіруге болады. Алысқа бармай-ақ, сол 2030 Стратегиясының өзін алсақ та жетіп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі алға қарайды, алыс болашаққа жіті көз жіберіп отырады. Әу бастан-ақ ойға алған игі ой-мақсаттарын орындай алмайтын шалағай­лық секілді мінездер Президентке тән емес болғандықтан, оның жағдайды стра­тегия­лық бағам­дау мен оны шешудің ең тиімді жолын алдын ала болжап білудегі көрегендігі, ғажайып жады мен өткір са­раптамалық ақыл-ойы, өз таңдауының дұрыс­ты­ғына талассыз сенімі мен жасымайтын жігері, аса батыл қасиеттерге ие сирек кездесетін қарымы мен қажымайтын, талмайтын жұ­мыс қабілеті әрдайым көздеген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Болашақ бүгіннен басталуы тиіс. Бұл жоспар деп аталады. Әлемде жоспарсыз ештеңе де жақсы бола алмайды», деп санаған болатын көрнекті ғалым әрі публицист Георг Кристоф Лихтенберг. Зулап өтіп жатқан өзгермелі әлемнің жаңа сын-қатеріне қарсы дер кезінде әрекет ететін заманауи мемлекеттің дамуындағы басты ерекшелігін айқындай отырып, Президент Жолдауда ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінанықтады. Олар – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы және жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі. Бұл сын-қатерлерді жеңіп, еліміздің алдағы дамуының бағытын анықтау үшін Н.Назарбаев аса маңызды басым­дықтарды ұсынды, олардың арасында: мемлекеттілікті одан әрі нығайту; эко­номикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу; кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру; білім беру мен денсаулық сақтаудың заманауи тиімді жүйесін құру; мемлекеттік аппараттың қызметі мен тиімділігін, жауапкершілігін арттыру; халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. Қазақстанның экономикалық жүйе­сін түбегейлі ырықтандыру аясында кәсіпкерлікті реттеудегі мемлекеттің қатысуы төменгі шекке дейін қысқартылып, іс жүзінде қызметтің бар саласында жеке сектордың үлесі арттырылады. Елбасы жаңа кадрлық, бюджеттік, салықтық және ақша-несие саясатына, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыздарды басқару саясатына көшу жөнінде мәлімдеді. Шетелдік инвестиция үшін қолайлы жағдай жасалады. Осы орайда минералды ресурстарды игеру шапшаңдығын арттырып, оларды әлемдік нарыққа экспортқа шығару, орнына озық технологиялар алып, еліміздің аумағында жаңа өндірістерді жасауға қол жеткізу маңызды. Қазақстан бұрынғысынша әлеуметтік-экономикалық мәселелерін өзара пайдалы және бірге шешу қағидатына сүйенетін аймақтық экономикалық ықпалдастықтың белсенді қатысушысы болып қала береді. Арнайы «Жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдастық» бағдарламасы әзірленеді. Инновациялы инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Инновациялық қызметтің маңызды элементі экологияға көңіл бөле отырып, баламалы энергия көзін дамыту болуы тиіс. Әлеуметтік қауіпсіздік пен жеке жауапкершілік саясаты синергиясының аясында әр азаматқа білім алу, медициналық қызмет пен сапалы өмір сүрудің ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігі беріледі. Жолдауда кадр дайындау мен қайта дайындықтан өткізу – білім мен кәсіби шеберлік, білім берудің заманауи жүйесінің бағдары нақтыланған. Бүгінгі күннің негізгі міндеті ретінде Президент жұмыссыздар мен аз қамтылған және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды еңбек етудің белсенді формасына тарту деп атады. Дәл осыған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жұмыс жасауы керек. Елбасы ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлді. Бүгіннің өзінде 2050 Стратегиясының шеңберінде аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін, барлық аймақтағы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру үшін Президенттің Жарлығымен Өңірлерді дамыту министрлігі құрылды. Гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, жемқорлықпен күреске, басқаруды жекелей жүргізуге екпін түсіре отырып, Қазақстан демократияны ары қарай ілгері дамытуға нық бекінген. Мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы, жергілікті өзін өзі басқару мен ауылдық округтер және аудандық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жүргізіледі. Мемлекеттік басқарудың жаңа стилі мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік қағидатына негізделетін болады. Қазақстан тағаттылық пен тұрақты­лық­тың эталонына айналады. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан кез келген ұлт өкілі қазақ ұлтының ажырамас бөлігі. Әлемдік және дәстүрлі діндерге барынша құрметпен қарайтын зайырлы мемлекетті сақтау – біздің қоғамның басты мақсаты болып қала береді. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның басты жетістігі жаңа қазақ­стан­дық патриотизм болуы шарт. Н.Ә.На­зарбаевтың атап өткеніндей, біздің бала­ларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық кө­ретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Қазақстанның сыртқы саясаты бұ­рын­ғысынша теңдік, дәйектілік және бол­жалдық қағидаттарына негізделеді. Қа­зақстан аймақтық қауіпсіздік жауап­кершілігін толық сезінеді және Орталық Азия мен одан тысқары жерлерде қауіпсіздікті нығайтуда белсенді күш-жігер жұмсауға әркез дайын. Тең дәрежеде біз жаһандық тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету ісін ұстанамыз және ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту мен ұлтаралық және дінаралық толеранттылық қағидаттарын ілгерілетуге, лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет етуге барынша күш саламыз. Стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыруда зор маңыз біздің халықаралық әріптестерімізге беріледі. Қазақстан осы міндеттерді жүзеге асыруда қолдау мен ынтымақтастыққа барынша сенсе, бұл өз кезегінде мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың ықпалдастығын тереңдете түсуге ықпал ететін болады. – 2050 Стратегиясы тек қазақ­стан­дық­­тар­дың ғана назарын аударып отырған жоқ қой… – Оның да жөні бар. Желтоқсандағы Жолдауда көрсетілген еліміздің ХХІ ға­сыр­дағы ұзақмерзімді даму бағдарламасы әлемдік өркениеттің дамуы мен нақты жағдай есепке алына отырып әзірленген. Сондықтан да ол Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде де кеңінен қолдау тауып отыр. Немістің белгілі саяси сарапшысы Михаэль Лаубш: «Еуропада да, әлемнің барлық жеріндегі сияқты, Қазақстан Президентінің өз халқына арнаған Жолдауы белсенді талқылануда. Құжат, сөзсіз, оң қабылдануда. Тіпті ол тек Еуроодақ аясында ғана емес, сондай-ақ бізде – Германияда да. Бұл «2030 Стратегиясы» мен «Еуропаға жол» бағдарламасының жалғасы және бүкіл қоғамды топтастыруды, біріктіруді көздейді», деді. Ресеймен ары қарайғы да қарым-қа­тынас үшін жаңа Жолдаудың мәні мен маңызы туралы ондағы азаматтар да айтуда. Ал, Ресей Федерациясы Мем­лекеттік Думасының депутаты Олег Савченко: «ТМД елдерінің еш­қай­сында осында ұзақмерзімді стратегия жоқ. Тіпті, Ресейдің өзінде, жекеле­ген салалар бойынша 2030, 2040 жылдарға дейінгі стратегия бар. Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана­лы­ғы мен күш-жігері Қазақстанның ал­дағы 50 жылдағы ұстанымдары мен мақсаттарын анықтап, серпіліс жа­сау­ға мүмкіндік береді. Қазақстанның стратегиялық әріптесі саналатын Ресей үшін, әрине, артықшылықтарды білу өте қажетті. Ал, мұндай ұзақмерзімді бағдарлама Қазақстанмен көптеген жылдарға ынтымақтастықты межелеуге жағдай туғызады. Біз, кейбір жағдайларда Қазақстаннан үйренуіміз керектігін айтуға тиіспін», – деп атап көрсетті. Америкалық стратегиялық және ха­лық­­аралық зерттеулер орталығының же­­текші сарапшыларының бірі, саясат­та­­нушы Джеффри Минкофф: «Пре­зи­­дент­тің Қазақстан халқына арнаған Жол­­дауы – бәрін тегіс қамтитын мақ­сат­ты сөз. «Қазақстан-2050» Стра­тегия­сын­да жағырапиялық жағдайдың артық­шы­­лықтарын дамыту мен әлемнің түр­лі аймақтарымен ары қарайғы ық­пал­­да­суы барысында еліміздің эко­но­ми­ка­сы­ның бәсекеге қабілеттілігі мен ин­фра­құ­рылымды дамыту салаларында алдан шы­ғатын жәйттер нақты анықталған», деп мәлімдеді. – Жолдауды жүзеге асыру үшін қа­зақстандықтарға қандай нақты қа­дам­дар қажет деп ойлайсыз, өйткені, 2050 Стратегиясы шын мәнінде біздің ал­дағы онжылдықтарда өмір сүретін бағытымыз ғой? – Өте дұрыс айтасыз. Тұтасымен алғанда, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған және өркендеген 30 мемлекетінің қатарына қосылуы туралы сөз болып отыр, стратегияның ең басты мақсаты да қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын түбегейлі арттыруда жатыр. Және ол әрдайым Мемлекет басшысының барлық жасампаз қызметінің квинтэссенциясы (нағыз мазмұны) болып келеді. 2050 Стратегиясы Қазақстан Прези­денті­нің көрегендігі мен стратегиялық даналығының кезекті бір жарқын ай­ға­ғы болып отыр. Сондай-ақ біздің стратегиялық басымдықтарымыз бен мүмкіндіктеріміздің айқын прагматикалық бағасына негізделген және бұл оның табысты жүзеге асырылуының маңыз­ды факторының бірі саналады. Ке­ле­сі бір маңызды фактор ретінде қазақ­стандықтардың тәуелсіздік жылдары қалыптасқан жаңа генерациясын сипаттайтын ішкі бостандығы мен өмірлік оптимизмін айтар едім. Бүгінде осынау шапшаң өзгермелі әлемде лайықты орынға ие болу үшін Президент әрбір отандасымызды, тұтастай алғанда бүкіл қоғамды үздіксіз жаңғыру мен жетілуге шақырды. Оның жарқын мысалы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзін айтуға болады. 2050 Стратегиясы жасампаздықтың жемісті жалғасы болып табылады. Онда көзделген міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды факторы Ұлтымыз бен Елбасымыздың бірлігі, халқымыздың сарқылмас күші мен жасампаз қуатында жатыр. – Әңгімеңізге рахмет.  Егемен Қазақстан
23.01.2013 06:08 3949

Желтоқсанда жарияланған Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына республика жұртшылығы кеңінен үн қосып жатыр. Сонымен қатар, 2050 Стратегиясына әлем де жан-жақты назарын аударуда. Оған еліміздегі, сондай-ақ шетелдердегі жүздеген азаматтардың, танымал саясаткерлердің, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың үн қосулары куә.

Ел дамуының жаңа стратегиялық бағыты туралы пікірін білмекке «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат САУДАБАЕВТЫ сөзге тартқан едік. Осыдан тура бір жыл бұрын, Елбасының Жарлығымен құрылған Орталықтың басты міндеті – Қазақстан Республикасының ары қарайғы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына үлес қосу, қазақстандық қоғамдағы азаматтық ұстаным сәйкестігі мен патриоттықты нығайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту екенін еске сала кетейік. 


– Қанат Бекмырзаұлы, тәуелсіз Қа­зақстанның қалыптасуы мен да­муын­дағы көптеген тағдыршешті оқиғаларға тікелей қатысқан куәгерлердің бірісіз. Еліміздегі соңғы маңызды оқиғалардың бірі желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдаған Президент Н.Назарбаевтың Жолдауы болды. Онда Елбасы «Қа­зақ­стан-2030» Стратегиясындағы негіз­гі міндеттердің мерзімінен бұрын орындалғаны туралы мәлімдегені белгілі. Сіздің бұған алып-қосарыңыз бар ма?
– Осыдан 15 жыл бұрын, 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлтымызға көп­те­ген адамдар үшін қиял болып көрінген «Қазақстан-2030» мақсатты Стратегиясын ұсынған болатын. Сол кездері оның сәтімен жүзеге асатынына күмәнмен қарауға да негіз жоқ емес-ті. Ол уақытта Қазақстан Кеңес Одағының ыдырауынан енді ғана айыққан әрі бірыңғай экономикалық жүйесі жоқ, шын мәнінде күн тәртібіне егеменді мемлекет ретінде өмір сүру мәселесін қойған ел еді. Бүгінгі аға және орта буын өкілдері кәсіпорынның бүйіріне шаншудай қадалған қаржының құнсыздануы мен жұмыссыздықтың жоғары шегін, электрдің үздіксіз сөндірілуі мен дүкеннің жартылай бос сөрелерін және басқа да сол кезеңнің белгілерін әлі ұмыта қойған жоқ.
Қазақстандықтардың берік қол­дау­ы­на арқа сүйеп, халқының жасам­паз­дық күш-қуатына кәміл сенген Президент жан-жақтылығы мен қарқыны жөнінен теңдессіз экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуді қам­та­масыз ете білді. Елдің ұзақмерзімді стратегиялық даму бағытын айқындап алған Мемлекет басшысы елдің магистральды бағытынан ауытқымай сенімді өсу жолына түсетін нақты бағдарын белгіледі.
Тоқсаныншы жылдарды шын мәнінде елдің экономикасын феноменді алға сүйрейтін қадамға дайындаған қалыптасу онжылды­ғы деп атауға болады. Осы кезеңде Қа­зақстан өзінің Көшбасшысының ба­с­тауы­мен қыс­қа мерзім ішінде пост­кеңес­тік транзиттік өте қиын уақыттан аман-есен өтіп, түбегейлі құрылымдық өзгеріс­тер­ді жүзеге асыра білді. Жаңа мыңжылдықта экономикасын қысқа мерзім ішінде тұрақтандырып, оның белсенді өсуіне қол жеткізген посткеңестік кеңістіктегі бірден-бір республика болды.
Екінші кезең жинақтау онжылдығы болды – 2000 жылдары барлық күш-жігер ресурстарды нығайту мен қолдағы мүмкіндіктерді топтастыруға бағытталды. Соның нәти­жесінде Қазақстан аталған онжылдық­тың соңына тап келген дүние­жүзілік экономикалық дағдарыстың бірінші толқынының теріс салдарын азайта алды.
Осы кезеңдерде Н.Назарбаевтың әлеу­меттік-экономикалық саясатының тиімділігі ерекше жарқырап көрінді. Тіпті ең дамыған елдердің өзінде әлеуметтік шығындар қысқарып, кәсіпорындар жа­былып, жұмыссыздық қаулап өсіп жат­қанда, біздің елімізде жалақы өсе түсті, жолдар мен кәсіпорындар салына бас­тады, тұрғындарды жұмыспен қамту ұлғая түсті.
Әлемде «Азия барыстары» деген атпен танылған Азия елдерінің табысын бағдарлап, Президент Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның өзіндегі бүкіл мүмкін­дік­терімен сондай қатарға қол жеткізбей қалуына себептер бар ма?» деген сауал қойды. Оған себептердің жоқ екенін, 2030 жылға қарай Қазақ­стан­ның «Орталық Азияның ба­ры­сына» айналуына негіз жеткілікті екенін, «басқа дамушы елдер үшін үлгі болуға мүмкіндік бар екенін» айтып, орындалатынына сенімділігін білдірді. Мемлекет басшысы Қа­зақстанның ХХІ ғасырдағы миссиясы дәл осылай болуы керек деп санады.
Қазақстан ІЖӨ-нің өсу қарқыны жөнінен «Азия барыстарын» қуып жетті. Тарихи қысқа мерзім ішінде ІЖӨ жан басына шаққанда 700 АҚШ дол­ларынан 12 мың долларға дейін өсті. Мұндай даму қарқыны мен күн­көрісті қамтамасыз ету көрсеткішінің жақсаруы әлемдік экономикада бұрын-соңды ешқашан, еш жерде кездеспеген еді. Тіпті «Азия барыстары» – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін елу жыл керек болған-тын.
1997 жылы стратегиялық 2030 жылға дейінгі жоспардың анықталғанына қа­рамастан, олардың ең бастыларына бүгінде қол жеткізілді деуге болады. Оның жарқын дәлелі ретінде Қа­зақ­станның посткеңестік және одан тыс елдер­де жетекші позициядағы табыс­ты, динамикалық дамушы мемлекетке айналғанын айтуға болады. Қазақстан Республикасы болашаққа ұмтылған қуатты мемлекет, халықаралық аренада жауапты серіктес ретінде қалыптасты.
Бүгінде Қазақстанның әлемдегі эконо­ми­касы шапшаң өсіп келе жатқан ал­дың­ғы үштіктің санатында екені белгілі. Бұған қалай қуанбассың. Еліміз тұр­ғын­дардың әл-ауқатының жаһандық рейтингісінде әлемнің алғашқы 50 мем­лекетінің қата­рында. Қазақстандық­тар­дың өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай өсті, ана мен бала өлімі де біршама азайды. 148 елдің ішінен 104-інің ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізуді қолдауы 2030-Стратегиясының таңдай қағар табыс­пен жүзеге асқанын және мұны әлемдік қоғамдастықтың кезекті рет мойындағанын айғақтады. Біз 2018 жылы тұрғындарының табысы жоғары елдердің қатарына кіруіміз керек.
Естеріңізде болса, Президент 2030­ Стратегиясында ағылшынның ұлы драматургі әрі ақыны Уильям Шекс­пирдің айтқан мына сөзін келтіреді: «Адам­дардың өмірінде шарықтау сә­ті бар, ол, егер дұрыс пайдалана біл­се, табысқа жеткізеді. Егер оны қол­дан шығарып алса, онда одан кейін­гі жол қайраңға малтығып,
тай­ғақ кешумен ұласады».
Бүгінде Қазақстан халқы шарықтау сәтін жан-жақты дұрыс қолданды, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Сондықтан да 2030 Стратегиясында көзделген міндеттердің шешімі Мемлекет басшысының халыққа арналған жаңа бағдарламаны жариялауына мүмкіндік берді.
– Бағдарламалық жаңа құжатты саралай келе, ең алдымен, қай тұсына назар аудардыңыз?
– Елбасының ғажайып дарыны – оның стратегиялық көрегендігі. Неміс ақы­ны, мемлекет қайраткері, ойшыл Иоганн Вольфганг фон Гёте: «Тек көзге көрінбейтінді көрген жан ғана адам айтқысыз дүниелерді жасай алады», деп айтқан еді. Егер еліміздің қалыптасу жолын еске алсақ, Президенттің ешкімге ұқсамайтын бастамалары мен ұсыныстарын, оларға алғашында көбі күмәнмен қараған болатын, көптеп мысалға келтіруге болады. Алысқа бармай-ақ, сол 2030 Стратегиясының өзін алсақ та жетіп жатыр.
Нұрсұлтан Әбішұлы үнемі алға қарайды, алыс болашаққа жіті көз жіберіп отырады. Әу бастан-ақ ойға алған игі ой-мақсаттарын орындай алмайтын шалағай­лық секілді мінездер Президентке тән емес болғандықтан, оның жағдайды стра­тегия­лық бағам­дау мен оны шешудің ең тиімді жолын алдын ала болжап білудегі көрегендігі, ғажайып жады мен өткір са­раптамалық ақыл-ойы, өз таңдауының дұрыс­ты­ғына талассыз сенімі мен жасымайтын жігері, аса батыл қасиеттерге ие сирек кездесетін қарымы мен қажымайтын, талмайтын жұ­мыс қабілеті әрдайым көздеген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Болашақ бүгіннен басталуы тиіс. Бұл жоспар деп аталады. Әлемде жоспарсыз ештеңе де жақсы бола алмайды», деп санаған болатын көрнекті ғалым әрі публицист Георг Кристоф Лихтенберг.
Зулап өтіп жатқан өзгермелі әлемнің жаңа сын-қатеріне қарсы дер кезінде әрекет ететін заманауи мемлекеттің дамуындағы басты ерекшелігін айқындай отырып, Президент Жолдауда ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерінанықтады. Олар – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы және жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
Бұл сын-қатерлерді жеңіп, еліміздің алдағы дамуының бағытын анықтау үшін Н.Назарбаев аса маңызды басым­дықтарды ұсынды, олардың арасында: мемлекеттілікті одан әрі нығайту; эко­номикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу; кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау; жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру; білім беру мен денсаулық сақтаудың заманауи тиімді жүйесін құру; мемлекеттік аппараттың қызметі мен тиімділігін, жауапкершілігін арттыру; халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Қазақстанның экономикалық жүйе­сін түбегейлі ырықтандыру аясында кәсіпкерлікті реттеудегі мемлекеттің қатысуы төменгі шекке дейін қысқартылып, іс жүзінде қызметтің бар саласында жеке сектордың үлесі арттырылады.
Елбасы жаңа кадрлық, бюджеттік, салықтық және ақша-несие саясатына, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыздарды басқару саясатына көшу жөнінде мәлімдеді. Шетелдік инвестиция үшін қолайлы жағдай жасалады. Осы орайда минералды ресурстарды игеру шапшаңдығын арттырып, оларды әлемдік нарыққа экспортқа шығару, орнына озық технологиялар алып, еліміздің аумағында жаңа өндірістерді жасауға қол жеткізу маңызды.
Қазақстан бұрынғысынша әлеуметтік-экономикалық мәселелерін өзара пайдалы және бірге шешу қағидатына сүйенетін аймақтық экономикалық ықпалдастықтың белсенді қатысушысы болып қала береді. Арнайы «Жаһандық инфрақұрылымдық ықпалдастық» бағдарламасы әзірленеді. Инновациялы инфрақұрылымды дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Инновациялық қызметтің маңызды элементі экологияға көңіл бөле отырып, баламалы энергия көзін дамыту болуы тиіс.
Әлеуметтік қауіпсіздік пен жеке жауапкершілік саясаты синергиясының аясында әр азаматқа білім алу, медициналық қызмет пен сапалы өмір сүрудің ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігі беріледі. Жолдауда кадр дайындау мен қайта дайындықтан өткізу – білім мен кәсіби шеберлік, білім берудің заманауи жүйесінің бағдары нақтыланған. Бүгінгі күннің негізгі міндеті ретінде Президент жұмыссыздар мен аз қамтылған және өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды еңбек етудің белсенді формасына тарту деп атады. Дәл осыған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жұмыс жасауы керек.
Елбасы ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлді. Бүгіннің өзінде 2050 Стратегиясының шеңберінде аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін, барлық аймақтағы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру үшін Президенттің Жарлығымен Өңірлерді дамыту министрлігі құрылды.
Гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, жемқорлықпен күреске, басқаруды жекелей жүргізуге екпін түсіре отырып, Қазақстан демократияны ары қарай ілгері дамытуға нық бекінген. Мемлекеттік қызметтің ауқымды реформасы, жергілікті өзін өзі басқару мен ауылдық округтер және аудандық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жүргізіледі. Мемлекеттік басқарудың жаңа стилі мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік қағидатына негізделетін болады.
Қазақстан тағаттылық пен тұрақты­лық­тың эталонына айналады. Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан кез келген ұлт өкілі қазақ ұлтының ажырамас бөлігі. Әлемдік және дәстүрлі діндерге барынша құрметпен қарайтын зайырлы мемлекетті сақтау – біздің қоғамның басты мақсаты болып қала береді.
Біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның басты жетістігі жаңа қазақ­стан­дық патриотизм болуы шарт. Н.Ә.На­зарбаевтың атап өткеніндей, біздің бала­ларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық кө­ретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс.
Қазақстанның сыртқы саясаты бұ­рын­ғысынша теңдік, дәйектілік және бол­жалдық қағидаттарына негізделеді. Қа­зақстан аймақтық қауіпсіздік жауап­кершілігін толық сезінеді және Орталық Азия мен одан тысқары жерлерде қауіпсіздікті нығайтуда белсенді күш-жігер жұмсауға әркез дайын.
Тең дәрежеде біз жаһандық тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету ісін ұстанамыз және ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту мен ұлтаралық және дінаралық толеранттылық қағидаттарын ілгерілетуге, лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет етуге барынша күш саламыз.
Стратегиялық басымдықтарды жүзеге асыруда зор маңыз біздің халықаралық әріптестерімізге беріледі. Қазақстан осы міндеттерді жүзеге асыруда қолдау мен ынтымақтастыққа барынша сенсе, бұл өз кезегінде мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың ықпалдастығын тереңдете түсуге ықпал ететін болады.
– 2050 Стратегиясы тек қазақ­стан­дық­­тар­дың ғана назарын аударып отырған жоқ қой…
– Оның да жөні бар. Желтоқсандағы Жолдауда көрсетілген еліміздің ХХІ ға­сыр­дағы ұзақмерзімді даму бағдарламасы әлемдік өркениеттің дамуы мен нақты жағдай есепке алына отырып әзірленген. Сондықтан да ол Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде де кеңінен қолдау тауып отыр.
Немістің белгілі саяси сарапшысы Михаэль Лаубш: «Еуропада да, әлемнің барлық жеріндегі сияқты, Қазақстан Президентінің өз халқына арнаған Жолдауы белсенді талқылануда. Құжат, сөзсіз, оң қабылдануда. Тіпті ол тек Еуроодақ аясында ғана емес, сондай-ақ бізде – Германияда да. Бұл «2030 Стратегиясы» мен «Еуропаға жол» бағдарламасының жалғасы және бүкіл қоғамды топтастыруды, біріктіруді көздейді», деді.
Ресеймен ары қарайғы да қарым-қа­тынас үшін жаңа Жолдаудың мәні мен маңызы туралы ондағы азаматтар да айтуда. Ал, Ресей Федерациясы Мем­лекеттік Думасының депутаты Олег Савченко: «ТМД елдерінің еш­қай­сында осында ұзақмерзімді стратегия жоқ. Тіпті, Ресейдің өзінде, жекеле­ген салалар бойынша 2030, 2040 жылдарға дейінгі стратегия бар. Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана­лы­ғы мен күш-жігері Қазақстанның ал­дағы 50 жылдағы ұстанымдары мен мақсаттарын анықтап, серпіліс жа­сау­ға мүмкіндік береді. Қазақстанның стратегиялық әріптесі саналатын Ресей үшін, әрине, артықшылықтарды білу өте қажетті. Ал, мұндай ұзақмерзімді бағдарлама Қазақстанмен көптеген жылдарға ынтымақтастықты межелеуге жағдай туғызады. Біз, кейбір жағдайларда Қазақстаннан үйренуіміз керектігін айтуға тиіспін», – деп атап көрсетті.
Америкалық стратегиялық және ха­лық­­аралық зерттеулер орталығының же­­текші сарапшыларының бірі, саясат­та­­нушы Джеффри Минкофф: «Пре­зи­­дент­тің Қазақстан халқына арнаған Жол­­дауы – бәрін тегіс қамтитын мақ­сат­ты сөз. «Қазақстан-2050» Стра­тегия­сын­да жағырапиялық жағдайдың артық­шы­­лықтарын дамыту мен әлемнің түр­лі аймақтарымен ары қарайғы ық­пал­­да­суы барысында еліміздің эко­но­ми­ка­сы­ның бәсекеге қабілеттілігі мен ин­фра­құ­рылымды дамыту салаларында алдан шы­ғатын жәйттер нақты анықталған», деп мәлімдеді.
– Жолдауды жүзеге асыру үшін қа­зақстандықтарға қандай нақты қа­дам­дар қажет деп ойлайсыз, өйткені, 2050 Стратегиясы шын мәнінде біздің ал­дағы онжылдықтарда өмір сүретін бағытымыз ғой?
– Өте дұрыс айтасыз. Тұтасымен алғанда, Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған және өркендеген 30 мемлекетінің қатарына қосылуы туралы сөз болып отыр, стратегияның ең басты мақсаты да қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын түбегейлі арттыруда жатыр. Және ол әрдайым Мемлекет басшысының барлық жасампаз қызметінің квинтэссенциясы (нағыз мазмұны) болып келеді.
2050 Стратегиясы Қазақстан Прези­денті­нің көрегендігі мен стратегиялық даналығының кезекті бір жарқын ай­ға­ғы болып отыр. Сондай-ақ біздің стратегиялық басымдықтарымыз бен мүмкіндіктеріміздің айқын прагматикалық бағасына негізделген және бұл оның табысты жүзеге асырылуының маңыз­ды факторының бірі саналады. Ке­ле­сі бір маңызды фактор ретінде қазақ­стандықтардың тәуелсіздік жылдары қалыптасқан жаңа генерациясын сипаттайтын ішкі бостандығы мен өмірлік оптимизмін айтар едім.
Бүгінде осынау шапшаң өзгермелі әлемде лайықты орынға ие болу үшін Президент әрбір отандасымызды, тұтастай алғанда бүкіл қоғамды үздіксіз жаңғыру мен жетілуге шақырды. Оның жарқын мысалы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзін айтуға болады.
2050 Стратегиясы жасампаздықтың жемісті жалғасы болып табылады. Онда көзделген міндеттерді табысты жүзеге асырудың маңызды факторы Ұлтымыз бен Елбасымыздың бірлігі, халқымыздың сарқылмас күші мен жасампаз қуатында жатыр.
– Әңгімеңізге рахмет. 

Егемен Қазақстан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға