Жаңалықтар

Театрдың 2009-2010 жылдардағы жетістіктері

2009 жылы Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» мелодрамасы мен Б.Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалы драмасы мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек»  пьесасының желісімен режиссер Қ.Қасымов әзірлеген «Қыз Жібек» драма-дастаны көрермендер көзқуанышына айналды. Театр ұжымы осы жылы 21-27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуына арналған ХVІІ республикалық театр фестиваліне «Қыз Жібек» драма-дастанымен қатысып, «Эпостық тақырыпты сәтті игергені үшін» номинациясы бойынша жүлдегерлер қатарынан орын алды. Сөйтіп, іле-шала театр ұжымы «Қыз Жібек» драма-дастанын 28-30 қыркүйек күндері М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры сахнасында үш күн бойы алматылық көрермендерге тарту етті. Ал, 10-20 қазан аралығында театр өз тарихында тұңғыш рет алыс шет елде өнер көрсету құрметіне ие болды. Театр ұжымы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткізілген дүниежүзілік эксперименттік театр фестиваліне жаңа әдіспен сахналанған «Қыз Жібек» драма-дастанымен қатысып, әлемнің 38 елінен жиналған алпыстан аса театр ұжымдарымен деңгейлес өнер көрсетті, Қазақстандағы театр өнерінің бүгінгі өсу деңгейінің жоғары екенін дәлелдей білді. Бұл облыстық театрдың ғана емес, облыс мәдениеті мен өнерінің үлкен жаңалығы және табысы болып саналады. Театр ұжымы республикадағы және Қырғызстан Республикасының бірқатар театр ұжымдарымен үнемі байланыс жасап отырады. Жергілікті драматургтермен шығармашылық жұмыс жасау жолға қойылған. Ш.Мұртаза, А.Бекбосын, Е.Әлімжан, К.Сәттібайұлы, Б.Әбілдаев, Ә.Қалдыбаев, Ә.Әмзеұлы, Б.Бекжан тағы басқалардың пьесалары талқыланып, репертуарға алынып келеді. Қ.Қасымов 2008 жылы Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасына инсценировка жасап, қырғыз театрына қойып, Қырғызстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Әбдіқадыров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Театр сахнасындағы спектакльдердің көркемдік ерекшеліктері туралы жылы пікірлер жиі айтылып келеді, олардың бірнешеуі республикалық ақпарат құралдарында жариялануда. Өнертану ғылымының кандидаты, ҚР халық әртісі Т.Әл-Тарази «Тараз театрындағы төрт кеш» атты зерттеу мақаласында театр репертуарындағы төрт спектакльге лайықты баға берді. («Қазақ әдебиеті», №9, №18, 2009 ж). Ал, 2009 жылғы Қазақстан театр қайраткерлері одағы шығарған «Театр тынысы» жинағына театртанушы Әлия Бөпежанованың облыстық қазақ драма театрының соңғы сахналаған үш спектаклі жайлы зерттеу мақаласы енгізілді. «Парасат» журналының 2009 жылғы №2 санында театртанушы А.Мұқанның Бішкек фестивалінде режиссер Қ.Қасымов сахналаған Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» спектаклі туралы зерделеу мақаласы жарық көрді. Бұл театрдың жергілікті ақпарат құралдарымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді. 12 қарашада А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасы қойылды. 2010 жылы театр өзінің кезекті 74-ші маусымында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған Республикалық 18-ші Театр фестивалін абыроймен жоғарғы дәрежеде өткізді. 2000 жылы Халық хазушысы Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына орай арнайы тапсырыспен пьеса жазған. Жанры – драма-элегия. Спектакльді режиссер Қуандық Қасымов қойып, өзі Бауыржан ролін сомдап шықты. Сәлима –Ш.Жаменкеева, ҚР еңбек сіңірген әртістері Г.Өскенбаева, Қ.Сатқанбаевтар жасаған бейнелер көрермендер тарапынан жылы қабылданған болатын. Араға он жыл салып, 2010 жылы «Ноқтаға басы сыймаған» қойылымы мен Е.Әлімжанның «Б.Момышұлы» туындылары көрермен назарына қайта жол тартты. Бауыржан Момышұлының рөлін артист М.Ақүрпеков, Галина Павловна рөлін А.Сағымбекова, Генерал рөлін А.Сәтібеков сомдады /қоюшы режиссер Қ.Қасымов/.  Ұлы жеңістің 65 жылдығына Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-ана» символикалық драмасы, Б.Бекжанның «Үйлену увертюрасы», балаларға арналған В.Лебедевтің «Көңілді Әбжіландар», А.Лингреннің «Карлсон мен балақай»,  С.Маршактың «Айдалада ақ отау», Е.Елубаевтың «Асар», М.Ахмановтың «Алдаркөсе Наурызда» ертегілері  сахналанды.
22.01.2013 12:36 5217

2009 жылы Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» мелодрамасы мен Б.Ұзақовтың «Жандауа» трагедиясы, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалы драмасы мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек»  пьесасының желісімен режиссер Қ.Қасымов әзірлеген «Қыз Жібек» драма-дастаны көрермендер көзқуанышына айналды.
Театр ұжымы осы жылы 21-27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында Біржан сал Қожағұлұлының туғанына 175 жыл толуына арналған ХVІІ республикалық театр фестиваліне «Қыз Жібек» драма-дастанымен қатысып, «Эпостық тақырыпты сәтті игергені үшін» номинациясы бойынша жүлдегерлер қатарынан орын алды. Сөйтіп, іле-шала театр ұжымы «Қыз Жібек» драма-дастанын 28-30 қыркүйек күндері М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театры сахнасында үш күн бойы алматылық көрермендерге тарту етті.
Ал, 10-20 қазан аралығында театр өз тарихында тұңғыш рет алыс шет елде өнер көрсету құрметіне ие болды. Театр ұжымы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өткізілген дүниежүзілік эксперименттік театр фестиваліне жаңа әдіспен сахналанған «Қыз Жібек» драма-дастанымен қатысып, әлемнің 38 елінен жиналған алпыстан аса театр ұжымдарымен деңгейлес өнер көрсетті, Қазақстандағы театр өнерінің бүгінгі өсу деңгейінің жоғары екенін дәлелдей білді. Бұл облыстық театрдың ғана емес, облыс мәдениеті мен өнерінің үлкен жаңалығы және табысы болып саналады.
Театр ұжымы республикадағы және Қырғызстан Республикасының бірқатар театр ұжымдарымен үнемі байланыс жасап отырады. Жергілікті драматургтермен шығармашылық жұмыс жасау жолға қойылған.
Ш.Мұртаза, А.Бекбосын, Е.Әлімжан, К.Сәттібайұлы, Б.Әбілдаев, Ә.Қалдыбаев, Ә.Әмзеұлы, Б.Бекжан тағы басқалардың пьесалары талқыланып, репертуарға алынып келеді. Қ.Қасымов 2008 жылы Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасына инсценировка жасап, қырғыз театрына қойып, Қырғызстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталып, Әбдіқадыров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.
Театр сахнасындағы спектакльдердің көркемдік ерекшеліктері туралы жылы пікірлер жиі айтылып келеді, олардың бірнешеуі республикалық ақпарат құралдарында жариялануда. Өнертану ғылымының кандидаты, ҚР халық әртісі Т.Әл-Тарази «Тараз театрындағы төрт кеш» атты зерттеу мақаласында театр репертуарындағы төрт спектакльге лайықты баға берді. («Қазақ әдебиеті», №9, №18, 2009 ж).
Ал, 2009 жылғы Қазақстан театр қайраткерлері одағы шығарған «Театр тынысы» жинағына театртанушы Әлия Бөпежанованың облыстық қазақ драма театрының соңғы сахналаған үш спектаклі жайлы зерттеу мақаласы енгізілді.
«Парасат» журналының 2009 жылғы №2 санында театртанушы А.Мұқанның Бішкек фестивалінде режиссер Қ.Қасымов сахналаған Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» спектаклі туралы зерделеу мақаласы жарық көрді. Бұл театрдың жергілікті ақпарат құралдарымен тығыз байланыста екендігін көрсетеді.
12 қарашада А.Бекбосынның «Домалақ ене» символикалық драмасы қойылды.

2010 жылы театр өзінің кезекті 74-ші маусымында Ұлы Жеңістің 65 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған Республикалық 18-ші Театр фестивалін абыроймен жоғарғы дәрежеде өткізді.
2000 жылы Халық хазушысы Шерхан Мұртаза Бауыржан Момышұлының 90 жылдығына орай арнайы тапсырыспен пьеса жазған. Жанры – драма-элегия. Спектакльді режиссер Қуандық Қасымов қойып, өзі Бауыржан ролін сомдап шықты. Сәлима –Ш.Жаменкеева, ҚР еңбек сіңірген әртістері Г.Өскенбаева, Қ.Сатқанбаевтар жасаған бейнелер көрермендер тарапынан жылы қабылданған болатын. Араға он жыл салып, 2010 жылы «Ноқтаға басы сыймаған» қойылымы мен Е.Әлімжанның «Б.Момышұлы» туындылары көрермен назарына қайта жол тартты. Бауыржан Момышұлының рөлін артист М.Ақүрпеков, Галина Павловна рөлін А.Сағымбекова, Генерал рөлін А.Сәтібеков сомдады /қоюшы режиссер Қ.Қасымов/.  Ұлы жеңістің 65 жылдығына Шыңғыс Айтматовтың «Ана – Жер-ана» символикалық драмасы, Б.Бекжанның «Үйлену увертюрасы», балаларға арналған В.Лебедевтің «Көңілді Әбжіландар», А.Лингреннің «Карлсон мен балақай»,  С.Маршактың «Айдалада ақ отау», Е.Елубаевтың «Асар», М.Ахмановтың «Алдаркөсе Наурызда» ертегілері  сахналанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға