Жаңалықтар

Театрдың 2003 жылы қол жеткізген жетістіктері

2003 жылы 14-21 мамырда Алматы қаласында өткен республикалық балалар мен жастарға арналған театр фестивалінде Жақып Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегі-фантазиясы үшін Маржан Ахметова, Жер-ана рөлі үшін Гүлшат Қыпшақова фестиваль лауреаттары атанса, театр ұжымы фестивальдің 1- орынын иеленді. Ал, осы жылдың 15-22 маусым аралығында Бішкекте өткен Орта Азия республикалары мен Ресей театрлары қатысқан I халықаралық АРТ-Ордо фестиваліне Елен Әлімжанның «Жанұран» спектаклімен қатынасып, «Заман талабына үндес қойылым» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды. 20 қыркүйек-2 қазан аралығында Махамбет ақынның 200 жылдығына арнап Орал қаласында өткізілген ХІ-ші республикалық театр фестиваліне Әлібек Әмзеұлының «Кейуана» шығармасындағы Қали рөлін сомдаған Анар Сағымбекова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды. Театр репертуарындағы М. Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясында ҚР халық әртісі М.Рақымжанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетова, ҚР мәдениет қайраткерлері Ж.Әлімбеков, А.Сәтібеков, Ж.Әйтпенбетовтер ерекше шеберлік көрсетсе, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» спектаклінде әрбір актер екі-үш образға дейін жүйелі ойнап, көрермендерді таң қалдырады. Ф.Бөлековтің (қазақшалаған Т.Әлібекұлы) «Кемпірлер байға тигенде» мұңлы комедиясында ҚР еңбек сіңірген әртісітері Қ.Сатқанбаев, Г.Өскенбаева, ҚР мәдениет қайраткері Ш.Жәменкеева, Р.Тезекбаева, М.Райсхановалар өздерінің мол тәжірибелерін маржандай жарқыратып көрсетеді. Ал, Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Бизнесмен шал» трагифарсында театр ардагерлері ҚР мәдениет қайраткерлері Н.Салықова мен Т.Жүршиев өмірдің ащы шындығын ашып көрсетсе, кәнігі актер Ж.Әйтпенбетов Әзірейілдің әрекеттерін бейнелейді. 2000 жылы Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» спектаклінде Бауыржан Момышұлы бейнесін театрдың бас режиссері Қ.Қасымовтың өзі сомдаған. Д.Исабековтың «Пері мен періште» мелодрамасында М.Әлімбетова мен Ж.Әлімбеков өз кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниелерін ашуда айрықша таланттылық танытты. Театр сахнасында он жылдан аса уақыттан қойылған Е.Әлімжанның «Бір қазаққа бір қатын?..» комедиясында Ш.Жәменкеева мен Р.Тезекбаевалардың ойнау әдістері ерекше қызықтырды. Ә.Әмзеұлының «Қара кемпір» трагедиясында М.Рахымжанова, «Кейуана» психологиялық драмасында А.Сағынбекова қойылым температурасын басынан соңына дейін бір деммен қайыспай алып шықты. Осы жылдан бастап театр ұжымы өзінің алдағы келе жатқан жетпіс жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу жолында еселі еңбек етуге кірісті.
22.01.2013 11:57 3512

2003 жылы 14-21 мамырда Алматы қаласында өткен республикалық балалар мен жастарға арналған театр фестивалінде Жақып Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік» ертегі-фантазиясы үшін Маржан Ахметова, Жер-ана рөлі үшін Гүлшат Қыпшақова фестиваль лауреаттары атанса, театр ұжымы фестивальдің 1- орынын иеленді. Ал, осы жылдың 15-22 маусым аралығында Бішкекте өткен Орта Азия республикалары мен Ресей театрлары қатысқан I халықаралық АРТ-Ордо фестиваліне Елен Әлімжанның «Жанұран» спектаклімен қатынасып, «Заман талабына үндес қойылым» номинациясы бойынша арнайы дипломмен марапатталды.
20 қыркүйек-2 қазан аралығында Махамбет ақынның 200 жылдығына арнап Орал қаласында өткізілген ХІ-ші республикалық театр фестиваліне Әлібек Әмзеұлының «Кейуана» шығармасындағы Қали рөлін сомдаған Анар Сағымбекова «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Театр репертуарындағы М. Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясында ҚР халық әртісі М.Рақымжанова, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетова, ҚР мәдениет қайраткерлері Ж.Әлімбеков, А.Сәтібеков, Ж.Әйтпенбетовтер ерекше шеберлік көрсетсе, Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» спектаклінде әрбір актер екі-үш образға дейін жүйелі ойнап, көрермендерді таң қалдырады. Ф.Бөлековтің (қазақшалаған Т.Әлібекұлы) «Кемпірлер байға тигенде» мұңлы комедиясында ҚР еңбек сіңірген әртісітері Қ.Сатқанбаев, Г.Өскенбаева, ҚР мәдениет қайраткері Ш.Жәменкеева, Р.Тезекбаева, М.Райсхановалар өздерінің мол тәжірибелерін маржандай жарқыратып көрсетеді. Ал, Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Бизнесмен шал» трагифарсында театр ардагерлері ҚР мәдениет қайраткерлері Н.Салықова мен Т.Жүршиев өмірдің ащы шындығын ашып көрсетсе, кәнігі актер Ж.Әйтпенбетов Әзірейілдің әрекеттерін бейнелейді. 2000 жылы Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» спектаклінде Бауыржан Момышұлы бейнесін театрдың бас режиссері Қ.Қасымовтың өзі сомдаған. Д.Исабековтың «Пері мен періште» мелодрамасында М.Әлімбетова мен Ж.Әлімбеков өз кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниелерін ашуда айрықша таланттылық танытты. Театр сахнасында он жылдан аса уақыттан қойылған Е.Әлімжанның «Бір қазаққа бір қатын?..» комедиясында Ш.Жәменкеева мен Р.Тезекбаевалардың ойнау әдістері ерекше қызықтырды. Ә.Әмзеұлының «Қара кемпір» трагедиясында М.Рахымжанова, «Кейуана» психологиялық драмасында А.Сағынбекова қойылым температурасын басынан соңына дейін бір деммен қайыспай алып шықты.
Осы жылдан бастап театр ұжымы өзінің алдағы келе жатқан жетпіс жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу жолында еселі еңбек етуге кірісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға