Жаңалықтар

Қазақстандық контент үш тілді болуы тиіс – «Қазконтент» АҚ басшысы

Бүгінгі күні қазақстандық контент үш тілді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының бірінші конференциясы барысында «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Айдос Қыдырма мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақ контенті қандай болады деген сұраққа жауап беретін болсақ, біріншіден, менің ойымша, үш тілді болады. Біз орысшаны да, ағылшыншаны да жоғалтпауымыз қажет. Әрине, қазақшаны дамыта отырып, жаңа ұлттық нақышы бар, жаңа технологияға сай контент болуы керек», - деді А.Қыдырма. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазмедиа орталығында қазақ интернет сайттары редакторларының бірінші конференциясы өтіп жатыр. Жұмыс барысында интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ-технология саласындағы терминдердің жай-күйін және латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру тәріздес мәселелер қарастырылады. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
22.01.2013 08:54 3721

Бүгінгі күні қазақстандық контент үш тілді болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының бірінші конференциясы барысында «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Айдос Қыдырма мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақ контенті қандай болады деген сұраққа жауап беретін болсақ, біріншіден, менің ойымша, үш тілді болады. Біз орысшаны да, ағылшыншаны да жоғалтпауымыз қажет. Әрине, қазақшаны дамыта отырып, жаңа ұлттық нақышы бар, жаңа технологияға сай контент болуы керек», - деді А.Қыдырма.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазмедиа орталығында қазақ интернет сайттары редакторларының бірінші конференциясы өтіп жатыр. Жұмыс барысында интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ-технология саласындағы терминдердің жай-күйін және латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру тәріздес мәселелер қарастырылады.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға