Жаңалықтар

Қазақ сайттарының жеке рейтингісі болуы керек – маман пікірі

Қазақ сайттарының жеке рейтингісі болуы керек. Бүгін Астана өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында блогер Асылбек Нұрғиса осындай пікір білдірді. «Қазақтілді сайттарды орыс тілінде жазатын сайттармен бір рейтингке қоюымыз тактикалық тұрғыдан дұрыс емес. Сондықтан тек қана қазақ тіліндегі сайттардың дара рейтингісі жасалуы керек. Қазір ұсыныстар бар. «Zero.kz» сияқты тек қана қазақ сайттары сұрыпталып жасалған рейтингіні құрайтын тұғырнама болады. Осындай тұғырнаманың болғаны жөн. Орыс тілді сайттар біздің бәсекелес емес», - деді Асылбек Нұрғиса. Осындай жоба жасалған кезде, рейтинг әділ болатындай, барлық мәселелер ескерілуі қажет деген пікірлер айтылды конференцияда. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында қазақ интернетін дамытудың бағыттары және мемлекеттік қолдау шаралары, қазақтілді интернет кеңістіктегі контент пен сапа менеджменті, сайттардың дизайны мен техникалық сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы терминдердің жай-күйі мен латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру сияқты мәселелер талқыланды. Іс-шараны «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары және «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Жобаға «Қазмедиа орталығы» мен «Қазконтент» АҚ қолдау көрсетуде. Айымгүл Әбілова
22.01.2013 08:51 3731

Қазақ сайттарының жеке рейтингісі болуы керек. Бүгін Астана өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында блогер Асылбек Нұрғиса осындай пікір білдірді.

«Қазақтілді сайттарды орыс тілінде жазатын сайттармен бір рейтингке қоюымыз тактикалық тұрғыдан дұрыс емес. Сондықтан тек қана қазақ тіліндегі сайттардың дара рейтингісі жасалуы керек. Қазір ұсыныстар бар. «Zero.kz» сияқты тек қана қазақ сайттары сұрыпталып жасалған рейтингіні құрайтын тұғырнама болады. Осындай тұғырнаманың болғаны жөн. Орыс тілді сайттар біздің бәсекелес емес», - деді Асылбек Нұрғиса.

Осындай жоба жасалған кезде, рейтинг әділ болатындай, барлық мәселелер ескерілуі қажет деген пікірлер айтылды конференцияда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында қазақ интернетін дамытудың бағыттары және мемлекеттік қолдау шаралары, қазақтілді интернет кеңістіктегі контент пен сапа менеджменті, сайттардың дизайны мен техникалық сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы терминдердің жай-күйі мен латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру сияқты мәселелер талқыланды.

Іс-шараны «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары және «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Жобаға «Қазмедиа орталығы» мен «Қазконтент» АҚ қолдау көрсетуде.

Айымгүл Әбілова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға