Жаңалықтар

Шымкент маңында құлаған АН-72 ұшағы сай бөктеріне соғылған – Бас прокуратура (Видео)

«2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент түбінде апатқа ұшыраған АН-72 ұшағы сайға соғылған. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент маңында шекара қызметінің АН-72 әскери көлік ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылар түгелдей қаза тапқаны белгілі.  Осы факт бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуінің алдын ала нәтижелері жөнінде сіздерді ақпараттандырамыз. Бұдан бұрын хабарланғандай, тергеуді Бас әскери прокуратурасы арнайы прокурорының басшылығымен жедел тергеу ведомствоаралық тобы жүргізді. Оқиғаны тергеу келесіні көрсетті. Ұшақ 2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 16.52-де Астана қаласынан Шымкентке ұшып шыққан. Ұшу алдында экипажға  медициналық қарау жүргізіліп, олар ұшу тапсырмасын орындауға жіберілген. Қысқы кезде авиаотынға қосылатын сұйықтыққа сот медициналық сараптама жүргізіліп, сарапшылар оның жарамды және басқа сұйықтықтардың жоқ екенін анықтаған. Ұшып-көтеріулі штаттық жағдайда жүргізілген. Экипаждан құралдардың істен шығуы жөнінде ешқандай хабар түспеген. Ұшқыштар сөзінің мазмұнын ашқанда, ұшып көтерілгеннен кейін автопилоттың істен шыққаны анықталды. Командир ұшуды қолмен басқару режимінде жалғастырған, ол АН-72 ұшақтарын ұшуда пайдалану басшылығына қайшы келмейді. 2 минут 29 секунд өткен соң кеменің командирі ұшақты басқаруды өзінің көмекшісіне (екінші ұшқышқа) берген, бұл әрекет жолашуыларды тасымалдау кезінде тыйым салынған әрекет болып табылады. Ұшу деректерін тіркеуіштің мәліметтері негізінде тергеумен, сондай-ақ ұшып-көтерілгеннен кейін 2 минут 40 секунд өткен соң радиобиік өлшегіштің істен шыққандығы, бұл ретте, жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесі қосылмағандығы анықталды. 18 сағат 31 минутта ұшақ қонуға бет алған. Экипаж әңгімелерінің мазмұны, метеоқызметкердің деректері және куәгерлік жауаптар АН-72 ұшағы қонуға күрделі ауа райы жағдайында, шектелген көрінуде бет алғаны анықталды. 2012 жылғы 25 желтоқсанда, 18 сағат 54 минутта Шымкент әуежайының бақылау нүктесінен 21 шақырым жерде ұшақ сай бөктеріне соқтығысып, апатқа ұшырады», - деді Н.Сүйіндіков. Кенжекей Тоқтамұрат
22.01.2013 08:45 3631

«2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент түбінде апатқа ұшыраған АН-72 ұшағы сайға соғылған. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент маңында шекара қызметінің АН-72 әскери көлік ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылар түгелдей қаза тапқаны белгілі. 


Осы факт бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелуінің алдын ала нәтижелері жөнінде сіздерді ақпараттандырамыз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тергеуді Бас әскери прокуратурасы арнайы прокурорының басшылығымен жедел тергеу ведомствоаралық тобы жүргізді.

Оқиғаны тергеу келесіні көрсетті. Ұшақ 2012 жылдың 25 желтоқсанында сағат 16.52-де Астана қаласынан Шымкентке ұшып шыққан. Ұшу алдында экипажға  медициналық қарау жүргізіліп, олар ұшу тапсырмасын орындауға жіберілген. Қысқы кезде авиаотынға қосылатын сұйықтыққа сот медициналық сараптама жүргізіліп, сарапшылар оның жарамды және басқа сұйықтықтардың жоқ екенін анықтаған. Ұшып-көтеріулі штаттық жағдайда жүргізілген.

Экипаждан құралдардың істен шығуы жөнінде ешқандай хабар түспеген. Ұшқыштар сөзінің мазмұнын ашқанда, ұшып көтерілгеннен кейін автопилоттың істен шыққаны анықталды. Командир ұшуды қолмен басқару режимінде жалғастырған, ол АН-72 ұшақтарын ұшуда пайдалану басшылығына қайшы келмейді.

2 минут 29 секунд өткен соң кеменің командирі ұшақты басқаруды өзінің көмекшісіне (екінші ұшқышқа) берген, бұл әрекет жолашуыларды тасымалдау кезінде тыйым салынған әрекет болып табылады.

Ұшу деректерін тіркеуіштің мәліметтері негізінде тергеумен, сондай-ақ ұшып-көтерілгеннен кейін 2 минут 40 секунд өткен соң радиобиік өлшегіштің істен шыққандығы, бұл ретте, жердің жақындағанын ерте ескерту жүйесі қосылмағандығы анықталды.

18 сағат 31 минутта ұшақ қонуға бет алған. Экипаж әңгімелерінің мазмұны, метеоқызметкердің деректері және куәгерлік жауаптар АН-72 ұшағы қонуға күрделі ауа райы жағдайында, шектелген көрінуде бет алғаны анықталды.

2012 жылғы 25 желтоқсанда, 18 сағат 54 минутта Шымкент әуежайының бақылау нүктесінен 21 шақырым жерде ұшақ сай бөктеріне соқтығысып, апатқа ұшырады», - деді Н.Сүйіндіков.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға