Жаңалықтар

Айдос Сарым: Қазақ интернеті – «пираттар» мекені

Бүгінгі күні қазақ интернеті ол – «пираттардың» мекені. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының конференциясы барысында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгінгі күні шынын айтайық, мойындайық, қазақ интернеті ол – «пираттардың» мекені. Бірақ нарық дамып, индустриялана түскен сайын, коммерция, бәсеке пайда болған сайын бәлкім биыл, бәлкім келесі жылы осындай жиында «пират» мәселесін талқылауымыз керек сияқты. Өзіміз бәрін көріп отырмыз, сондықтан өзіміз кінәліміз, кейбір біздің дүниелеріміз аудандық газеттерге дейін тарап кетіп жатады. Талай газеттің, талай сайттың «меншікті тілшісі» боп жүрміз ғой. «Айдос Сарым Алматыдан», «Дәурен Қуат, Астанадан» деген сияқты. Ол да бар. Бірақ біз әзірге бұған шын мәнінде көз жұмып отырмыз, оған тек қазақ нарығына жаңа ақпарат келсін, жаңа контент келсін деген уәж айта аламыз. Бірақ 2-3 жылдан кейін бұл кеңінен талқыланып, осында отырған адамдарды қызыл кеңірдек ететін тақырыпқа айналады», -деді А.Сарым. Диана Құлмағанбетова
22.01.2013 06:03 3466

Бүгінгі күні қазақ интернеті ол – «пираттардың» мекені. Бұл туралы бүгін Қазақ сайттары редакторларының конференциясы барысында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні шынын айтайық, мойындайық, қазақ интернеті ол – «пираттардың» мекені. Бірақ нарық дамып, индустриялана түскен сайын, коммерция, бәсеке пайда болған сайын бәлкім биыл, бәлкім келесі жылы осындай жиында «пират» мәселесін талқылауымыз керек сияқты. Өзіміз бәрін көріп отырмыз, сондықтан өзіміз кінәліміз, кейбір біздің дүниелеріміз аудандық газеттерге дейін тарап кетіп жатады. Талай газеттің, талай сайттың «меншікті тілшісі» боп жүрміз ғой. «Айдос Сарым Алматыдан», «Дәурен Қуат, Астанадан» деген сияқты. Ол да бар. Бірақ біз әзірге бұған шын мәнінде көз жұмып отырмыз, оған тек қазақ нарығына жаңа ақпарат келсін, жаңа контент келсін деген уәж айта аламыз. Бірақ 2-3 жылдан кейін бұл кеңінен талқыланып, осында отырған адамдарды қызыл кеңірдек ететін тақырыпқа айналады», -деді А.Сарым.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға