Жаңалықтар

Айдос Сарым: Бүгінде қазақ интернеті үлкен саяси белсенді күшке айналып келе жатыр

Бүгінгі таңда , шын мәнінде, қазақ интернет тұтынушылары үлкен саяси белсенді күшке айналып келе жатыр. Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым осылай деді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Біздің осында жиналып отырғанымыз мықтылығымызды емес, бізде үлкен нарықтың бар екендігін көрсетсе керек. Егер осы кезге дейін қазақ интернеті клуб патриоттары белсенді азаматтарының жеке іскерлігінің несібесі болды. Бүгінгі күні қазақ интернетіне инвестицияның, мемлекеттік тапсырыстың келуі қазақ интернетін басқа интернет сигменттерімен терезесі тең, үлкен индустрияға айналдыру мүмкіндігі туып отыр», - деді Айдос Сарым. Оның айтуынша, интернет бүгінгі күні барлық медиа құралдарды біріктіріп отырған үлкен күш. «Интернеттің бір кереметі осыған дейін пайда болған медиа құралдардың барлығын біріктіретін үлкен құрылым екенін мойындаймыз. Яғни, біздің осы жиынды өткізіп отырғанымыз – ең алдымен біздің бар екенімізді, үлкен күш екенімізді, осындай белсенділігіміз бар екенін көрсету, бірігіп еңбек етуге даяр екенімізді көрсету», - деп атап өтті А. Сарым. Айымгүл Әбілова
22.01.2013 05:36 2912

Бүгінгі таңда , шын мәнінде, қазақ интернет тұтынушылары үлкен саяси белсенді күшке айналып келе жатыр. Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым осылай деді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Біздің осында жиналып отырғанымыз мықтылығымызды емес, бізде үлкен нарықтың бар екендігін көрсетсе керек. Егер осы кезге дейін қазақ интернеті клуб патриоттары белсенді азаматтарының жеке іскерлігінің несібесі болды. Бүгінгі күні қазақ интернетіне инвестицияның, мемлекеттік тапсырыстың келуі қазақ интернетін басқа интернет сигменттерімен терезесі тең, үлкен индустрияға айналдыру мүмкіндігі туып отыр», - деді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, интернет бүгінгі күні барлық медиа құралдарды біріктіріп отырған үлкен күш.

«Интернеттің бір кереметі осыған дейін пайда болған медиа құралдардың барлығын біріктіретін үлкен құрылым екенін мойындаймыз. Яғни, біздің осы жиынды өткізіп отырғанымыз – ең алдымен біздің бар екенімізді, үлкен күш екенімізді, осындай белсенділігіміз бар екенін көрсету, бірігіп еңбек етуге даяр екенімізді көрсету», - деп атап өтті А. Сарым.

Айымгүл Әбілова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға