Жаңалықтар

Сергей Корчинский: «Командада қазақ боксшылары көп болғанын қалаймын»

Жергілікті жанкүйерлер менен «Қазақ боксшылары қайда? Неге анау шаршы алаңға шықпайды? Неге мына боксшыны командаға алмайсыз?», - деп жиі сұрайды. Шынымен де, қазақ боксшылары қайда? Неге ұлттық құрама бізге боксшыларын жібермейді? деп қамығады «арландардың» бас бапкері Сергей Корчинский. Бұл туралы alasharena.kz хабарлайды. WSB додасының аясындағы "Астана арландары" мен "Украина атамандары" кездесуінен кейін журналистер сұрағына жауап берген "арландардың" бас бапкері Сергей Корчинский былай деді: Сергей Корчинский, «Астана арландары» командасының бас бапкері: — Өте керемет кеш болды. Көрермендер әр айқастан ләззат алды деп ойлаймын. Енді АҚШ нокаутшыларына қарсы тыңғылықты дайындаламыз. Сөйтіп, тобымызда бірінші орынға нықтап тұрақтап алған соң, басқа кездесулерде бұрын шаршы алаңға шықпаған «арландарға» мүмкіндік бере бастаймыз. Шүкір, командаға жаңа боксшылар қосылып жатыр. Жаман жігіттер емес. Бірақ мен шыны керек, «арландар» сапында ұлттық құраманың 1-ші, 2-ші, 3-ші нөмірлі боксшыларының да көбірек болғанын қалаймын. Өйткені, болашақта әуесқой бокс осы жүйеде өтеді. Сондықтан, қазірден бастап шаршы алаңға шығып, дайындықтарын пысықтай бергендері дұрыс еді. Жергілікті жанкүйерлер менен «Қазақ боксшылары қайда? Неге анау шаршы алаңға шықпайды? Неге мына боксшыны командаға алмайсыз?», - деп жиі сұрайды. Шынымен де, қазақ боксшылары қайда? Неге ұлттық құрама бізге боксшыларын жібермейді? Шын мықтының аяғына тұсау салмаймыз ғой. Рас, командадағы жергілікті боксшылар жаман емес, бірақ оларға әлі де болса дайындықтарын пысықтай түсу керек. Ал бізге әлі ондай тәуекелділікке бару ертерек. Яғни, клубта неғұрлым мықты қазақтар болса дер едім. Бұл біз үшін де, қазақ боксы үшін де пайдалы. — Клуб директоры Болат Манкенов туған күніңізге шахмат сыйлады. Шахматты жақсы ойнайсыз ба? — Бала кезімде аздап әуестенетінмін. Қазір қол тимей кетті ғой. Бірақ енді қол бос кезде қайта шахматқа кірісетін боламын. BAQ.kz
22.01.2013 04:19 3091

Жергілікті жанкүйерлер менен «Қазақ боксшылары қайда? Неге анау шаршы алаңға шықпайды? Неге мына боксшыны командаға алмайсыз?», - деп жиі сұрайды. Шынымен де, қазақ боксшылары қайда? Неге ұлттық құрама бізге боксшыларын жібермейді? деп қамығады «арландардың» бас бапкері Сергей Корчинский. Бұл туралы alasharena.kz хабарлайды.

WSB додасының аясындағы "Астана арландары" мен "Украина атамандары" кездесуінен кейін журналистер сұрағына жауап берген "арландардың" бас бапкері Сергей Корчинский былай деді:
Сергей Корчинский, «Астана арландары» командасының бас бапкері:
— Өте керемет кеш болды. Көрермендер әр айқастан ләззат алды деп ойлаймын. Енді АҚШ нокаутшыларына қарсы тыңғылықты дайындаламыз. Сөйтіп, тобымызда бірінші орынға нықтап тұрақтап алған соң, басқа кездесулерде бұрын шаршы алаңға шықпаған «арландарға» мүмкіндік бере бастаймыз. Шүкір, командаға жаңа боксшылар қосылып жатыр. Жаман жігіттер емес. Бірақ мен шыны керек, «арландар» сапында ұлттық құраманың 1-ші, 2-ші, 3-ші нөмірлі боксшыларының да көбірек болғанын қалаймын. Өйткені, болашақта әуесқой бокс осы жүйеде өтеді. Сондықтан, қазірден бастап шаршы алаңға шығып, дайындықтарын пысықтай бергендері дұрыс еді. Жергілікті жанкүйерлер менен «Қазақ боксшылары қайда? Неге анау шаршы алаңға шықпайды? Неге мына боксшыны командаға алмайсыз?», - деп жиі сұрайды. Шынымен де, қазақ боксшылары қайда? Неге ұлттық құрама бізге боксшыларын жібермейді? Шын мықтының аяғына тұсау салмаймыз ғой. Рас, командадағы жергілікті боксшылар жаман емес, бірақ оларға әлі де болса дайындықтарын пысықтай түсу керек. Ал бізге әлі ондай тәуекелділікке бару ертерек. Яғни, клубта неғұрлым мықты қазақтар болса дер едім. Бұл біз үшін де, қазақ боксы үшін де пайдалы.
— Клуб директоры Болат Манкенов туған күніңізге шахмат сыйлады. Шахматты жақсы ойнайсыз ба?
— Бала кезімде аздап әуестенетінмін. Қазір қол тимей кетті ғой. Бірақ енді қол бос кезде қайта шахматқа кірісетін боламын.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға