Жаңалықтар

Алматыда 189 жас түлек «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында іс-тәжірибеден өтті

Алматыда 2012 жылы 189 жас түлек «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында іс-тәжірибеден өтті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне қалалық Жұмыспен қамту орталығы, жастармен жұмыс және кәсіби даярлық бөлімінің аға инспекторы Ернұр Тілеуқұлов мәлім етті. «Алматыда «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 404 жас түлек түрлі кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуге бағытталды. Көрсетілген 6 ай мерзімінде 189 жас түлек діттелген іс-тәжірибеден өтті. Олардың ішінде, 29 жас маман сынақтан өткен орнында жұмысқа тұрды. Ал, қалған жастар біздің көмегімізбен тұрақты жұмыспен қамтылды», - деді Ернұр Тілеуқұлов. Оның айтуынша, «Жастар практикасы» еліміздегі ЖОО мен орта білім ордаларын бітірген, бірақ әлі өз мамандығымен жұмыс таба алмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамтуды, оларға қолдау көрсетуді көздейді. «Көптеген кәсіпорындар жастарды жұмысқа алмайды. Көп жағдайда олар жастардан еңбек өтілін, тәжірибе талап етеді. Сондықтан оларға мамандық бойынша жұмысқа тұру үлкен қиындық туғызады. «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарға осы қиындықты жеңуге көмектеседі», - деді Е.Тілеуқұлов. Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ
21.01.2013 11:06 3289

Алматыда 2012 жылы 189 жас түлек «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында іс-тәжірибеден өтті. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне қалалық Жұмыспен қамту орталығы, жастармен жұмыс және кәсіби даярлық бөлімінің аға инспекторы Ернұр Тілеуқұлов мәлім етті.

«Алматыда «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 404 жас түлек түрлі кәсіпорындарда іс-тәжірибеден өтуге бағытталды. Көрсетілген 6 ай мерзімінде 189 жас түлек діттелген іс-тәжірибеден өтті. Олардың ішінде, 29 жас маман сынақтан өткен орнында жұмысқа тұрды. Ал, қалған жастар біздің көмегімізбен тұрақты жұмыспен қамтылды», - деді Ернұр Тілеуқұлов.

Оның айтуынша, «Жастар практикасы» еліміздегі ЖОО мен орта білім ордаларын бітірген, бірақ әлі өз мамандығымен жұмыс таба алмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамтуды, оларға қолдау көрсетуді көздейді.

«Көптеген кәсіпорындар жастарды жұмысқа алмайды. Көп жағдайда олар жастардан еңбек өтілін, тәжірибе талап етеді. Сондықтан оларға мамандық бойынша жұмысқа тұру үлкен қиындық туғызады. «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарға осы қиындықты жеңуге көмектеседі», - деді Е.Тілеуқұлов.

Гүлмира ҒОСМАНӘЛИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға