Жаңалықтар

Астананың 15 жылдығы мен ЭКСПО-2017-нің құрметіне «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салу ұсыныл

Астанада қаланың 15 жылдығы мен ЭКСПО-2017-нің құрметіне «Ұлы Дала Даңқы» - «Музей Славы Великой Степи» мұражайын салу ұсынылды.  Мұндай ұсыныс «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 12 қаңтары күні өткен «дөңгелек үстел» барысында жасалып, оның соңында қозғалыстың тең төрағалары Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгелдің жетекшілік етуімен Үндеу қабылданды. Бүкілқазақстандық акцияны бастау туралы Үндеуде былай делінген: «Жиырмасыншы мен жиырма бірінші ғасыр тоғысында Қазақ халқының тарихында мың жылда бір рет болатын ұлы оқиға орын алды. Ол ел астанасының Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира сахара даласы, Сарыарқаның нақ төсіне орналасуы еді. Бұл мәні де, маңызы өте зор ұлы жоба бүкіл қазақ халқының атағын шығарып, абыройын аспандатып отыр. Жаңа шаһар пайда болды. Астана күн сайын өсіп, өркендеп, қарыштап, дамып келеді. Бұл күнде жаңа Елордамызды бүкіл әлім танып, мойындады. Тек соңғы жылдары Астана қаласында әлемдік деңгейдегі ірі симпозиумдар, бас қосулар, съездер және спорттық, мәдениеттік шаралар өткізілді. Соның ішінде ЕҚЫҰ саммитін, Әлемдік діндер съезін, 7-інші қысқы Азия ойындарын атап айтсақ болады. Бұл күнде астаналықтар Елордамыздың құрылуының 15 жылдығына және ЭКСПО-2017 әлемдік көрменің өткізілуіне дайындық үстінде. Осы орайда «Ұлы Дала Қырандары» РҚМӘ қозғалысы өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Ол Астана қаласының жанынан «Ұлы Дала Даңқы» - «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салу болып табылады. Бұл шын мәнінде әлемде теңдесі жоқ, Ұлы Далаға арналған тұңғыш мұражай болып саналады. Оған атсалысу ұлтын, Ұлы Даласын, елін сүйетін азаматтардың асыл борыштары деп білеміз. Сондықтан, «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы Ұлы Дала Даңқын асқақтататын мұражай салуды бастайды. Соған атсалысыңыздар, құрметті ағайындар!». Үндеу соңында «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының өкілдері Астананың мәдени-рухани байлығын еселей түсемін деушілер үшін есеп-шоттарын орналастырған. BAQ.kz
21.01.2013 04:06 3334

Астанада қаланың 15 жылдығы мен ЭКСПО-2017-нің құрметіне «Ұлы Дала Даңқы» - «Музей Славы Великой Степи» мұражайын салу ұсынылды. 

Мұндай ұсыныс «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 12 қаңтары күні өткен «дөңгелек үстел» барысында жасалып, оның соңында қозғалыстың тең төрағалары Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгелдің жетекшілік етуімен Үндеу қабылданды.

Бүкілқазақстандық акцияны бастау туралы Үндеуде былай делінген: «Жиырмасыншы мен жиырма бірінші ғасыр тоғысында Қазақ халқының тарихында мың жылда бір рет болатын ұлы оқиға орын алды. Ол ел астанасының Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира сахара даласы, Сарыарқаның нақ төсіне орналасуы еді. Бұл мәні де, маңызы өте зор ұлы жоба бүкіл қазақ халқының атағын шығарып, абыройын аспандатып отыр. Жаңа шаһар пайда болды. Астана күн сайын өсіп, өркендеп, қарыштап, дамып келеді. Бұл күнде жаңа Елордамызды бүкіл әлім танып, мойындады. Тек соңғы жылдары Астана қаласында әлемдік деңгейдегі ірі симпозиумдар, бас қосулар, съездер және спорттық, мәдениеттік шаралар өткізілді. Соның ішінде ЕҚЫҰ саммитін, Әлемдік діндер съезін, 7-інші қысқы Азия ойындарын атап айтсақ болады. Бұл күнде астаналықтар Елордамыздың құрылуының 15 жылдығына және ЭКСПО-2017 әлемдік көрменің өткізілуіне дайындық үстінде. Осы орайда «Ұлы Дала Қырандары» РҚМӘ қозғалысы өз үлесін қосуды жоспарлап отыр. Ол Астана қаласының жанынан «Ұлы Дала Даңқы» - «Музей Славы Великой Степи» мұражайы құрылысын салу болып табылады. Бұл шын мәнінде әлемде теңдесі жоқ, Ұлы Далаға арналған тұңғыш мұражай болып саналады. Оған атсалысу ұлтын, Ұлы Даласын, елін сүйетін азаматтардың асыл борыштары деп білеміз. Сондықтан, «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы Ұлы Дала Даңқын асқақтататын мұражай салуды бастайды. Соған атсалысыңыздар, құрметті ағайындар!».

Үндеу соңында «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қозғалысының өкілдері Астананың мәдени-рухани байлығын еселей түсемін деушілер үшін есеп-шоттарын орналастырған.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға