Жаңалықтар

БОКС: Геннадий Головкиннің салмағы Габриэл Росадодан жоғары болды

Кәсіпқой бокста WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүгін Нью-Йоркте өзінің чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғайды. Оның бұл жолғы қарсыласы - америкалық Габриэл Росадо. Кеше Нью-Йоркте боксшылардың салмағын өлшеу рәсімі өткізілді. Геннадий Головкиннің салмағы 72,6 келі тартты. Оның қарсыласы Габриэл Росадоның қазақстандықтан бойы ұзындау болғанымен, салмағы сәл жеңілдеу болып шықты, 72,1 келі екен.   Осы кештің басты жекпе-жегін өткізуге тиісті боксшылар: WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион - мексикалық Орландо Салидо 57,1 келі, оның қарсыласы - америкалық Мигель Анхель Гарсия 57 келі тартты.   Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін бұл бокс шоуы Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталады деп жоспарланған. Жекпе-жекті мына жерден көруге болады. Қ.Ахметов BAQ.kz
20.01.2013 17:00 3663

Кәсіпқой бокста WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бүгін Нью-Йоркте өзінің чемпиондық атағын кезекті мәрте қорғайды. Оның бұл жолғы қарсыласы - америкалық Габриэл Росадо. Кеше Нью-Йоркте боксшылардың салмағын өлшеу рәсімі өткізілді.

Геннадий Головкиннің салмағы 72,6 келі тартты. Оның қарсыласы Габриэл Росадоның қазақстандықтан бойы ұзындау болғанымен, салмағы сәл жеңілдеу болып шықты, 72,1 келі екен.  

Осы кештің басты жекпе-жегін өткізуге тиісті боксшылар: WBO нұсқасы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы чемпион - мексикалық Орландо Салидо 57,1 келі, оның қарсыласы - америкалық Мигель Анхель Гарсия 57 келі тартты.

 
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін бұл бокс шоуы Астана уақытымен қаңтардың 20 күні сағат 8:00-де басталады деп жоспарланған.
Жекпе-жекті мына жерден көруге болады.
Қ.Ахметов

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға