Жаңалықтар

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде геосаяси астар жоқ – Н.Назарбаев

Бүгін Ақордада Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамыту үшін қолға алынып жатқан шараларға тоқталды. «Мен 2015 жылға қарай қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі бағдарлама әзірлей отырып, қазақ тілін жаңғырту туралы тапсырма бердім. Бұл қадам мемлекеттік тілді дамыту, қазақ тілінің ақпараттық технологияларда, Ғаламторда қолданылу аясын кеңейту қажеттілігімен байланысты. Тағы да қайталаймын, мұндай қадам жасау арқылы Қазақстанның геосаяси талпынысы бар деп түсіну қате», - дей келе Елбасы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде ешқандай геосаяси астар жатқан жоқ екенін атап өтті. «Біз барлық мемлекеттермен гуманитарлық-мәдени байланысты жан-жақты дамытуға талпынамыз. Мен Қазақстанның мәдениетін жаһандық мәдени кеңістікте жылдам қабылданатын, тез танылатын мәдениетке айналдыру туралы тапсырма бердім», - деді Елбасы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен болған кездесуде. Кенжекей Тоқтамұрат
18.01.2013 10:26 3008

Бүгін Ақордада Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамыту үшін қолға алынып жатқан шараларға тоқталды.

«Мен 2015 жылға қарай қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі бағдарлама әзірлей отырып, қазақ тілін жаңғырту туралы тапсырма бердім. Бұл қадам мемлекеттік тілді дамыту, қазақ тілінің ақпараттық технологияларда, Ғаламторда қолданылу аясын кеңейту қажеттілігімен байланысты. Тағы да қайталаймын, мұндай қадам жасау арқылы Қазақстанның геосаяси талпынысы бар деп түсіну қате», - дей келе Елбасы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруде ешқандай геосаяси астар жатқан жоқ екенін атап өтті.

«Біз барлық мемлекеттермен гуманитарлық-мәдени байланысты жан-жақты дамытуға талпынамыз. Мен Қазақстанның мәдениетін жаһандық мәдени кеңістікте жылдам қабылданатын, тез танылатын мәдениетке айналдыру туралы тапсырма бердім», - деді Елбасы дипломатиялық миссиялардың басшыларымен болған кездесуде.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға