Жаңалықтар

Әлем мойындаған Джимми Джен қандай адам?

Жаңа жылдан бастап шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамаларының тізгінін кәріс маманы Джимми Джен ұстады. Әлем мойындаған білікті маман. Алайда ол туралы алыпқашпа әңгімелер де аз емес. Талапшылдығын былай қойғанда, өте қатал, қатыгез деп те талай айдар тағылған. Ал шын мәнінде Джимми Джен қандай адам? Жауап іздеп көрелік. Өткен жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында спортшы­лары­мыз ерледі. Еншімізде – жеті алтын. Енді Ақ Олимпиадада да атой салуды көздеген еліміздің Спорт және дене­шынықтыру агенттігі 2014 жылғы Сочи додасына да дайындықты күшейтуде. Соның нәтижесі болар, соңғы кездері қысқы спорт түр­лері­нен де көрсеткіштеріміз жаман емес. Конькишілеріміз де, шаңғышыларымыз да шартарапты шарлап, шамаларынша жарыстардың көрігін қыздыруда. Ал жақында шорт-тректен ел біріншілігі өтті. Енді спорттың бұл түрінде де ішкі доданың үздіктері халықаралық турнирлерде атой салатын болады. 2013 жылдың алғашқы күнінен бастап шорт-тректен Қазақстан құрама коман­даларын кәріс маманы Чанг Гвон Оук баптайтын болады. Иә, дәл өзі, әлемге Джимми Джен деген атпен әйгілі болған бапкер. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Авс­тралия, АҚШ құрамаларын жаттықтырған. Ал 2010 жылдан 2011 жылдың қазан айына дейін Ресей ұлттық құрамасын баптаған. Бірақ үлкен дау-дамайлардан кейін қызметінен кетуге мәжбүр болыпты. «Джимми Джен — «тірі қалғандар ғана чемпион болады» деген ұстаныммен өмір сүретін адам. Өте қатал, талапшыл, тіпті шектен тыс қатыгез» деп баға берген сол кезде кәріс маманына Ресейдің ақпарат құралдары. Сөйтсе, Джимми бапкер жара­қаттанып қалған спортшылардың да жаттығу жұмыстарын жеңілдетпеген-мыс. Соның кесірінен Ресей ұлттық құра­масының негізгі құрамындағы алты бірдей спорт­шысы жауапты жарыс алдында саптан шығып қалыпты. Сондай-ақ 2011 жылдың қазан айында Ресей құрамасының АҚШ-тағы Солт-Лейк-Сити қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында Дженнің көмекшісі Гван Бук Чой жас спортшылардың біріне айып ретінде 30 айналым жүгіруді бұйы­рыпты. Бұған аға бапкер, ресейлік Ана­толий Брасалин қарсы шыққан. Екі бапкер арасындағы дауға араласқан Джимми Джен өз отандасын жақтап, жат­тығу жиынын тастап кетіп қалған көрінеді. Міне, сол даудан кейін Ресей конькимен жү­гірушілер одағының президенті Алексей Кравцов кәріс маманын қызметтен босат­қан. Өтірік, – деп сұхбат берді кейін «Совет­ский спорт» газетіне Джимми Дженнің өзі. — Бәрі өтірік. Көмекшім әлгі спортшыға 30 емес, айып ретінде бес-ақ айналым жүгі­руді тапсырды. Спортшының өзі айт­қанымызды орындағанымен, Браса­линнің өзі қарсы шықты. Екі бапкердің арасындағы дау-дамайға шыдай ал­мадым. Бес айналымда тұрған еш нәрсе жоқ, – деген Джимми Джен Ресейде спорт­­шыларды дұрыс жаттықтыруға еш мүмкіндік болмағанын, барлық дайындық жүйесі оның қатысуынсыз жасалғанын айтып ақталды. Міне, бұл бапкер енді қазақ топырағында қазақ спортшыларын жаттықтыратын болады. Қалай десек те, Джимми бапкер өте білікті маман. Әлем мойындаған. Өзі қыз­мет атқарып кеткен елдер әлі де жаттығу үдерістерінде Дженнің мето­дикасын қолданады екен. Ендеше, мұндай маман­ның қазақ спортшыларына да үйретері көп болса керек. Сондай-ақ Джимми Джен сынды беделді бапкері бар Қазақ­стан құрамасын халықаралық додаларда төрешілердің өздері де құрметтеп, тым құрығанда аяғымыздан шалмауға тырысатын болады. Оның үстіне, ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып Мәді­ғали Қарсыбековтің қала беретіні де қуантты. Қазақстанда шорт-трек спорты­ның көркеюіне барынша үлес қосқан Қарсыбеков, шыны керек, қызметінен кете ме деп қорыққан едік, босқа қауіптеніппіз. Джимми Джен Қазақстан шорт-трегінде кеңесшінің рөлін атқаратын болады. Яғни ауыр атлетикадағы Энвер Түркілері секілді. – Кез келген сұраққа «иә» деп жауап беремін. «Финалға дейін жетуге бола ма?», «Алдымдағы қарсыласты қуып жете аламын ба?», «Олимпиада жеңімпазы атана аламын ба?». Бұл сұрақтардың бар­лығына да бір-ақ жауап: «иә». Ол үшін ойлау қабілеттеріңіз Олимпиада чемпионы секілді болуы тиіс. Ал егер жеңіліп қал­саңыз, онда еш нәрсені сылтау етпеңіздер. Көңіл күйдің болмауы да, конькидің нашарлығы да, шаршаңқылық та жеңіліске желеу бола алмайды. Соны түсініңіздер, – деді ел біріншілігінен кейінгі ұлттық құрама семинарында спортшы­ларға қарап ақыл үйреткен Джимми Джен. – Ол – әлемдегі ең үздік жаттық­ты­ру­шылардың бірі. Тек спортшыларымыз жаңа маманның методикасына бейімделе білулері керек. Ол бізді жаңа белестерге шығарады. Ал егер бәрі сәтті болып, Дженнің жаттықтыру әдістемелері нәти­жесін берсе, күзде Оңтүстік Кореямен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізе аламыз. Ал бұл – көптеген елдердің арманы, – деді ұлт­тық құрамамыздың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков. Ал Астананың «Алау» мұз кешенінде өткен ел біріншілігі, шыны керек, көп­шілікке жаңа есімдерді ұсына алмады. Жеңіске жеткендердің есімі спортсүйер қауымға жақсы таныс. Мәселен, қыздар арасында барлық қашықтықта оралдық Инна Симонованың мерейі үстем болса, жігіттерден де оралдық Айдар Бекжанов алдына жан салмады. Тек бейресми түрде өткен суперфиналдық жарыста ғана Айдардың алдын тағы бір оралдық Абзал Әжіғалиев орап кетті. Енді ел біріншілігінің үздіктері Әлем кубоктарының кезеңдеріне және наурыз айында Венгрияда өтетін дүниежүзілік додаға қатысатын болады. Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ Алаш айнасы  
17.01.2013 08:49 2589

Жаңа жылдан бастап шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамаларының тізгінін кәріс маманы Джимми Джен ұстады. Әлем мойындаған білікті маман. Алайда ол туралы алыпқашпа әңгімелер де аз емес. Талапшылдығын былай қойғанда, өте қатал, қатыгез деп те талай айдар тағылған. Ал шын мәнінде Джимми Джен қандай адам? Жауап іздеп көрелік.

Өткен жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында спортшы­лары­мыз ерледі. Еншімізде – жеті алтын. Енді Ақ Олимпиадада да атой салуды көздеген еліміздің Спорт және дене­шынықтыру агенттігі 2014 жылғы Сочи додасына да дайындықты күшейтуде. Соның нәтижесі болар, соңғы кездері қысқы спорт түр­лері­нен де көрсеткіштеріміз жаман емес. Конькишілеріміз де, шаңғышыларымыз да шартарапты шарлап, шамаларынша жарыстардың көрігін қыздыруда. Ал жақында шорт-тректен ел біріншілігі өтті. Енді спорттың бұл түрінде де ішкі доданың үздіктері халықаралық турнирлерде атой салатын болады.

2013 жылдың алғашқы күнінен бастап шорт-тректен Қазақстан құрама коман­даларын кәріс маманы Чанг Гвон Оук баптайтын болады. Иә, дәл өзі, әлемге Джимми Джен деген атпен әйгілі болған бапкер. Бұған дейін Оңтүстік Корея, Авс­тралия, АҚШ құрамаларын жаттықтырған. Ал 2010 жылдан 2011 жылдың қазан айына дейін Ресей ұлттық құрамасын баптаған. Бірақ үлкен дау-дамайлардан кейін қызметінен кетуге мәжбүр болыпты.

«Джимми Джен — «тірі қалғандар ғана чемпион болады» деген ұстаныммен өмір сүретін адам. Өте қатал, талапшыл, тіпті шектен тыс қатыгез» деп баға берген сол кезде кәріс маманына Ресейдің ақпарат құралдары. Сөйтсе, Джимми бапкер жара­қаттанып қалған спортшылардың да жаттығу жұмыстарын жеңілдетпеген-мыс. Соның кесірінен Ресей ұлттық құра­масының негізгі құрамындағы алты бірдей спорт­шысы жауапты жарыс алдында саптан шығып қалыпты. Сондай-ақ 2011 жылдың қазан айында Ресей құрамасының АҚШ-тағы Солт-Лейк-Сити қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында Дженнің көмекшісі Гван Бук Чой жас спортшылардың біріне айып ретінде 30 айналым жүгіруді бұйы­рыпты. Бұған аға бапкер, ресейлік Ана­толий Брасалин қарсы шыққан. Екі бапкер арасындағы дауға араласқан Джимми Джен өз отандасын жақтап, жат­тығу жиынын тастап кетіп қалған көрінеді. Міне, сол даудан кейін Ресей конькимен жү­гірушілер одағының президенті Алексей Кравцов кәріс маманын қызметтен босат­қан.

Өтірік, – деп сұхбат берді кейін «Совет­ский спорт» газетіне Джимми Дженнің өзі. — Бәрі өтірік. Көмекшім әлгі спортшыға 30 емес, айып ретінде бес-ақ айналым жүгі­руді тапсырды. Спортшының өзі айт­қанымызды орындағанымен, Браса­линнің өзі қарсы шықты. Екі бапкердің арасындағы дау-дамайға шыдай ал­мадым. Бес айналымда тұрған еш нәрсе жоқ, – деген Джимми Джен Ресейде спорт­­шыларды дұрыс жаттықтыруға еш мүмкіндік болмағанын, барлық дайындық жүйесі оның қатысуынсыз жасалғанын айтып ақталды. Міне, бұл бапкер енді қазақ топырағында қазақ спортшыларын жаттықтыратын болады.

Қалай десек те, Джимми бапкер өте білікті маман. Әлем мойындаған. Өзі қыз­мет атқарып кеткен елдер әлі де жаттығу үдерістерінде Дженнің мето­дикасын қолданады екен. Ендеше, мұндай маман­ның қазақ спортшыларына да үйретері көп болса керек. Сондай-ақ Джимми Джен сынды беделді бапкері бар Қазақ­стан құрамасын халықаралық додаларда төрешілердің өздері де құрметтеп, тым құрығанда аяғымыздан шалмауға тырысатын болады. Оның үстіне, ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып Мәді­ғали Қарсыбековтің қала беретіні де қуантты. Қазақстанда шорт-трек спорты­ның көркеюіне барынша үлес қосқан Қарсыбеков, шыны керек, қызметінен кете ме деп қорыққан едік, босқа қауіптеніппіз. Джимми Джен Қазақстан шорт-трегінде кеңесшінің рөлін атқаратын болады. Яғни ауыр атлетикадағы Энвер Түркілері секілді.

– Кез келген сұраққа «иә» деп жауап беремін. «Финалға дейін жетуге бола ма?», «Алдымдағы қарсыласты қуып жете аламын ба?», «Олимпиада жеңімпазы атана аламын ба?». Бұл сұрақтардың бар­лығына да бір-ақ жауап: «иә». Ол үшін ойлау қабілеттеріңіз Олимпиада чемпионы секілді болуы тиіс. Ал егер жеңіліп қал­саңыз, онда еш нәрсені сылтау етпеңіздер. Көңіл күйдің болмауы да, конькидің нашарлығы да, шаршаңқылық та жеңіліске желеу бола алмайды. Соны түсініңіздер, – деді ел біріншілігінен кейінгі ұлттық құрама семинарында спортшы­ларға қарап ақыл үйреткен Джимми Джен.

– Ол – әлемдегі ең үздік жаттық­ты­ру­шылардың бірі. Тек спортшыларымыз жаңа маманның методикасына бейімделе білулері керек. Ол бізді жаңа белестерге шығарады. Ал егер бәрі сәтті болып, Дженнің жаттықтыру әдістемелері нәти­жесін берсе, күзде Оңтүстік Кореямен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізе аламыз. Ал бұл – көптеген елдердің арманы, – деді ұлт­тық құрамамыздың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков.

Ал Астананың «Алау» мұз кешенінде өткен ел біріншілігі, шыны керек, көп­шілікке жаңа есімдерді ұсына алмады. Жеңіске жеткендердің есімі спортсүйер қауымға жақсы таныс. Мәселен, қыздар арасында барлық қашықтықта оралдық Инна Симонованың мерейі үстем болса, жігіттерден де оралдық Айдар Бекжанов алдына жан салмады. Тек бейресми түрде өткен суперфиналдық жарыста ғана Айдардың алдын тағы бір оралдық Абзал Әжіғалиев орап кетті.

Енді ел біріншілігінің үздіктері Әлем кубоктарының кезеңдеріне және наурыз айында Венгрияда өтетін дүниежүзілік додаға қатысатын болады.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Алаш айнасы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға