Жаңалықтар

Жасампаздыққа ұмтылу – Қазақстан жастарының таңдауы

Тәуелсіз Қазақстанның жастары жасампаздыққа ұмтылуы тиіс. Өйткені, жастары білімді, жігерлі, парасатты елдің ғана болашағы жарқын. Солтүстікқазақстандық белсенді жастардың өкілі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы, әлеуметтік педагог Жанар Шаяхметова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.   «Бүгінгі күні бізде жастар заңнамасы бар, мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, жастар ісі жөніндегі өңірлік басқармалар жұмыс істейді, қомақты қаражат бөлінеді. Қысқасы, жастардың дамуына, яғни, Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін бар жағдай жасалып жатыр. Білім гранттары беріледі, «Болашақ» стипендиясы бойынша қазақстандықтар шетелде оқу мүмкіндігіне ие. Жаңа университеттер ашылуда, студенттер үшін жаңа жатақханалар салынады. Сондай-ақ қазірде жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асыруға да мүмкіндік мол», - дейді Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Жанар Шаяхметова. Сонымен, жастарға сапалы білім беру, жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету – өскелең ұрпақтың барлық мәселелері Елбасының халыққа арнаған соңғы Жолдауында айқын көрініс тапқан, дейді әлеуметтік педагог. «Біздің колледжге де мемлекет қолдауы көрсетіліп жатқаны қуантады. Биылғы жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында жаңа қондырғылар сатып алуға және оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінді. Бұл өз кезегінде бізге, болашақ түрлі саланың мамандарына сапалы, әлемдік стандарттарға сай келетін білім алуға жағдай жасайды», - деп ой бөлісті Жанар Шаяхметова. Президенттің Жолдауында еліміздегі бүгінгі жағдайға айқын талдау жасалған және Қазақстанның мызғымайтын даму бағытын тағы бір мәрте айқындайды деген пікірін ол. Айымгүл Әбілева
16.01.2013 12:32 3722

Тәуелсіз Қазақстанның жастары жасампаздыққа ұмтылуы тиіс. Өйткені, жастары білімді, жігерлі, парасатты елдің ғана болашағы жарқын. Солтүстікқазақстандық белсенді жастардың өкілі, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы, әлеуметтік педагог Жанар Шаяхметова BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.  

«Бүгінгі күні бізде жастар заңнамасы бар, мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, жастар ісі жөніндегі өңірлік басқармалар жұмыс істейді, қомақты қаражат бөлінеді. Қысқасы, жастардың дамуына, яғни, Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін бар жағдай жасалып жатыр. Білім гранттары беріледі, «Болашақ» стипендиясы бойынша қазақстандықтар шетелде оқу мүмкіндігіне ие. Жаңа университеттер ашылуда, студенттер үшін жаңа жатақханалар салынады. Сондай-ақ қазірде жастарға бизнес-идеяларын жүзеге асыруға да мүмкіндік мол», - дейді Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Жанар Шаяхметова.

Сонымен, жастарға сапалы білім беру, жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету – өскелең ұрпақтың барлық мәселелері Елбасының халыққа арнаған соңғы Жолдауында айқын көрініс тапқан, дейді әлеуметтік педагог.

«Біздің колледжге де мемлекет қолдауы көрсетіліп жатқаны қуантады. Биылғы жылы үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында жаңа қондырғылар сатып алуға және оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінді. Бұл өз кезегінде бізге, болашақ түрлі саланың мамандарына сапалы, әлемдік стандарттарға сай келетін білім алуға жағдай жасайды», - деп ой бөлісті Жанар Шаяхметова.

Президенттің Жолдауында еліміздегі бүгінгі жағдайға айқын талдау жасалған және Қазақстанның мызғымайтын даму бағытын тағы бір мәрте айқындайды деген пікірін ол.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға