Жаңалықтар

Асылы Осман: Толғандырған сұрақтарға Жолдаудан жауап таптым

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауына байланысты профессор, «Мемлекеттiк тiлге құрмет» бiрлестiгiнiң төрайымы Асылы Осман да өз пікірін білдірді. Осыдан 15 жыл бұрын 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы жария етiлген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы бүгiнгi таңда ақиқатқа айналды. Стратегиялық бағдарламада көзделген мақсат – бүкiл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, ұлттық бiрлiкке, әлеуметтiк әдiлеттiлiкке қол жеткiзетiн тәуелсiз, экономикасы жетiлген және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет орнату едi. Ол – қазақ елiнiң шын мәнiндегi ұлы таңдауы, мемлекетiмiздiң жүйелi, келелi бағытта iлгерi дамуына негiз болады. Сол жылдан бастап жыл сайын Президент Парламент аудиториясынан Қазақстан халқына Жолдау арнап, оларда алдағы мерзiмде шешiлуi тиiс түйiндi мәселелер қозғалып келдi. Содан берi биiк мiнберден айтылған талай тұжырымдар мен бағдарламалардың әрқайсысы өз алдына бiр тарих. Осының бәрiнде бiздiң елiмiз елеулi табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдар аралығында қол жеткен табыстарымызды Президент үнемi әйгiлеп отырды. Мысалы, «Мен өзiме 33 жыл өткеннен кейiнгi Қазақстанды қалай елестетемiн?» деген өз сұрағына Елбасы: «Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ержетедi. Олар өз ұрпағының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болады. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, озат, жылдам өркендеу үстiндегi, күллi әлемге әйгiлi әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады» деп жауап берген болатын. Қазақстан халықаралық қауымдастықта үлкен абыройға ие болды. Шетелдiктер бiздi ауызбiршiлiгi және ынтымағы жарасқан ел деп таниды. Елiмiзде түбегейлi өзгерiстер орын алды. Бiрлiгiмiздiң, күш-жiгерiмiздiң және болашаққа деген сенiмiмiздiң арқасында жаңа өмiр құру үдесiнен абыроймен шығып келемiз. Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тiлi – бiздiң рухани негiзiмiз. Қазақ тiлi 2025 жылға қарай өмiрдiң барлық саласында үстемдiк етiп, кез-келген ортада күнделiктi қатынас тiлiне айналады» деп ұлттық өрлеу мен әлемдiк өркениеттi тұтастыратын өзектi мәселенi де атап көрсетуi уақыт үдесiнен шығып отыр. Екiншiден, 2025 жылға дейiн қазақ жазуын латын графикасы негiзiнде жаңа әлiпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған тапсыормасы да қуантарлық. Ең бастысы, биылғы Жолдауда тiл туралы мәселенiң өзi сегiз рет айтылуының өзi бiздi қуантады. BAQ.kz
16.01.2013 11:36 3238

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауына байланысты профессор, «Мемлекеттiк тiлге құрмет» бiрлестiгiнiң төрайымы Асылы Осман да өз пікірін білдірді.

Осыдан 15 жыл бұрын 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы жария етiлген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауы бүгiнгi таңда ақиқатқа айналды.
Стратегиялық бағдарламада көзделген мақсат – бүкiл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, ұлттық бiрлiкке, әлеуметтiк әдiлеттiлiкке қол жеткiзетiн тәуелсiз, экономикасы жетiлген және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет орнату едi. Ол – қазақ елiнiң шын мәнiндегi ұлы таңдауы, мемлекетiмiздiң жүйелi, келелi бағытта iлгерi дамуына негiз болады. Сол жылдан бастап жыл сайын Президент Парламент аудиториясынан Қазақстан халқына Жолдау арнап, оларда алдағы мерзiмде шешiлуi тиiс түйiндi мәселелер қозғалып келдi. Содан берi биiк мiнберден айтылған талай тұжырымдар мен бағдарламалардың әрқайсысы өз алдына бiр тарих. Осының бәрiнде бiздiң елiмiз елеулi табыстарға қол жеткiздi. Осы жылдар аралығында қол жеткен табыстарымызды Президент үнемi әйгiлеп отырды. Мысалы, «Мен өзiме 33 жыл өткеннен кейiнгi Қазақстанды қалай елестетемiн?» деген өз сұрағына Елбасы: «Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ержетедi. Олар өз ұрпағының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болады. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады. Олар бейбiт, озат, жылдам өркендеу үстiндегi, күллi әлемге әйгiлi әрi сыйлы өз елiнiң патриоттары болады» деп жауап берген болатын.
Қазақстан халықаралық қауымдастықта үлкен абыройға ие болды. Шетелдiктер бiздi ауызбiршiлiгi және ынтымағы жарасқан ел деп таниды. Елiмiзде түбегейлi өзгерiстер орын алды. Бiрлiгiмiздiң, күш-жiгерiмiздiң және болашаққа деген сенiмiмiздiң арқасында жаңа өмiр құру үдесiнен абыроймен шығып келемiз.
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тiлi – бiздiң рухани негiзiмiз. Қазақ тiлi 2025 жылға қарай өмiрдiң барлық саласында үстемдiк етiп, кез-келген ортада күнделiктi қатынас тiлiне айналады» деп ұлттық өрлеу мен әлемдiк өркениеттi тұтастыратын өзектi мәселенi де атап көрсетуi уақыт үдесiнен шығып отыр.
Екiншiден, 2025 жылға дейiн қазақ жазуын латын графикасы негiзiнде жаңа әлiпбиге ауыстыру туралы Жолдаудағы ел алдына қойған тапсыормасы да қуантарлық. Ең бастысы, биылғы Жолдауда тiл туралы мәселенiң өзi сегiз рет айтылуының өзi бiздi қуантады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға