Жаңалықтар

Ә.Сәтбаев: «Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді білуге міндетті»

Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілді білу деңгейі «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталатын болады. Бұл туралы БҚО әкімдігіне қарасты «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да өткізілген семинарда айтылды. Өңірде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Сауалнама нәтижелері бойынша соның 76 пайызы қазақ тілін үйрену курсынан өтуі керек. Орталық директоры Әлібек Сәтбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет атқаратын әр адам мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу, құжат даярлаудың талапқа сай келе бермейтіні жасырын емес. Көбінесе бұл жұмыстың бәрі аудармашыға жүктеледі, оның үстіне аударма сапасы да ойдағыдай болмайды. Орталықтың бөлім бастығы Болат Жексенғалиевтің сөзіне қарағанда, облыстық басқармалар басшылары өз қызметкерлерін оқытуға құлықты емес. Мәселен, 2004 жылдан бері қазақ тілін үйрену курсынан облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден небәрі 26 мемқызметкер өткен. Биыл 23 тыңдаушы оқытылмақшы. Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ тіліне айрықша мән бергені белгілі. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді білуі керек. Сондықтан бұл істе ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер үлгі көрсетуі тиіс. Семинарда аталып өтілгеніндей, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) білуі керек. Коммуникативтік біліктілікті анықтауға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі көмектеседі. Егер тест тапсырушы 150 балдан кемінде 110 балл жинаса, онда қазақ тілін орта деңгейде меңгерген болып табылады. «ҚАЗТЕСТ» жүйесін жүргізу үшін өңірде жұмыс тобы құрылған, тест тапсырмалары арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау ісі биылдан бастап кезең-кезеңмен жүргізілмек. baq.kz
16.01.2013 09:33 3933

Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілді білу деңгейі «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы анықталатын болады. Бұл туралы БҚО әкімдігіне қарасты «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК-да өткізілген семинарда айтылды.

Өңірде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жұмыс жасайды. Сауалнама нәтижелері бойынша соның 76 пайызы қазақ тілін үйрену курсынан өтуі керек. Орталық директоры Әлібек Сәтбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызмет атқаратын әр адам мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу, құжат даярлаудың талапқа сай келе бермейтіні жасырын емес. Көбінесе бұл жұмыстың бәрі аудармашыға жүктеледі, оның үстіне аударма сапасы да ойдағыдай болмайды.
Орталықтың бөлім бастығы Болат Жексенғалиевтің сөзіне қарағанда, облыстық басқармалар басшылары өз қызметкерлерін оқытуға құлықты емес. Мәселен, 2004 жылдан бері қазақ тілін үйрену курсынан облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден небәрі 26 мемқызметкер өткен. Биыл 23 тыңдаушы оқытылмақшы. Елбасы «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қазақ тіліне айрықша мән бергені белгілі. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді білуі керек. Сондықтан бұл істе ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер үлгі көрсетуі тиіс.
Семинарда аталып өтілгеніндей, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді орта деңгейде (В1) білуі керек. Коммуникативтік біліктілікті анықтауға «ҚАЗТЕСТ» жүйесі көмектеседі. Егер тест тапсырушы 150 балдан кемінде 110 балл жинаса, онда қазақ тілін орта деңгейде меңгерген болып табылады.
«ҚАЗТЕСТ» жүйесін жүргізу үшін өңірде жұмыс тобы құрылған, тест тапсырмалары арқылы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау ісі биылдан бастап кезең-кезеңмен жүргізілмек.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға