Жаңалықтар

«Үздік оқытушы» өз грантын қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға жұмсамақ

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы, профессор Ораз Сатыбалдиев 3 миллион теңгелік грантын қазақ тілді оқулықтарды шығаруға жұмсамақ. Бұл туралы ол гранттарды тапсыру салтанаты кезінде мәлім етті. «Бұл грант біздің ғалымдар, педагогтар мен оқытушыларға үлкен қолдау. Себебі біз грант арқылы өзіміздің ғылыми жобаларымызды іске асыра аламыз. Мысалы мен оны Түркия, Қытай, Жапония мемлекеттеріне ғылыми сапармен барып, пікір алмасуға, ғылыми баяндамалар жасауға, сондай-ақ заманауи оқулықтарды жазуға пайдаланғым келіп отыр. Сондықтан бұл еліміздің болашағы - тәрбиеленіп келе жатқан студенттеріміз үшін өте пайдалы деп есептеймін», - дейді О.Сатыбалдиев. Алдағы жоспарлары жайында кеңірек тоқталған профессор, болашақта қазақ тілінде заманауи оқулықтарды шығаруға ниеттеніп отырғандығын атап көрсетті. «Жоғары оқу орнының ұстазы болғаннан кейін біздің алдымызда тұрған үлкен міндет - заманауи оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жазу. Бүкілдүниежүзілік бай тәжірибені пайдалануымыз керек. Өйткені, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті, бірақ заманауи тұрғыдан алғанда, жасыратыны жоқ, көп кемшіліктеріміз бар. Менің ойым, әсіресе, мемлекеттік тілде оқулықтарды шығару. Ол біздің үлкен табысымыз болар еді», - деп атап өткен ғалым, бұған жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Еске сала кетейік, Қазақстанның 200 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен марапатталды. Атақ иегерлері әлемнің Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия, Ресей және басқа да елдерінің үздік жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін гранттарға ие болды. BAQ.kz  
16.01.2013 06:46 3220

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, ғылым докторы, профессор Ораз Сатыбалдиев 3 миллион теңгелік грантын қазақ тілді оқулықтарды шығаруға жұмсамақ. Бұл туралы ол гранттарды тапсыру салтанаты кезінде мәлім етті.

«Бұл грант біздің ғалымдар, педагогтар мен оқытушыларға үлкен қолдау. Себебі біз грант арқылы өзіміздің ғылыми жобаларымызды іске асыра аламыз. Мысалы мен оны Түркия, Қытай, Жапония мемлекеттеріне ғылыми сапармен барып, пікір алмасуға, ғылыми баяндамалар жасауға, сондай-ақ заманауи оқулықтарды жазуға пайдаланғым келіп отыр. Сондықтан бұл еліміздің болашағы - тәрбиеленіп келе жатқан студенттеріміз үшін өте пайдалы деп есептеймін», - дейді О.Сатыбалдиев.
Алдағы жоспарлары жайында кеңірек тоқталған профессор, болашақта қазақ тілінде заманауи оқулықтарды шығаруға ниеттеніп отырғандығын атап көрсетті.
«Жоғары оқу орнының ұстазы болғаннан кейін біздің алдымызда тұрған үлкен міндет - заманауи оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды жазу. Бүкілдүниежүзілік бай тәжірибені пайдалануымыз керек. Өйткені, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті, бірақ заманауи тұрғыдан алғанда, жасыратыны жоқ, көп кемшіліктеріміз бар. Менің ойым, әсіресе, мемлекеттік тілде оқулықтарды шығару. Ол біздің үлкен табысымыз болар еді», - деп атап өткен ғалым, бұған жағдай жасап отырған Мемлекет басшысына алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, Қазақстанның 200 ұстазы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағымен марапатталды. Атақ иегерлері әлемнің Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия, Ресей және басқа да елдерінің үздік жоғары оқу орындарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік беретін гранттарға ие болды.

BAQ.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға