Жаңалықтар

Қайрат НҰРТАС, әнші: ЖЕКЕ ӨМІРІМ ЖҰМБАҚ КҮЙІНДЕ ҚАЛА БЕРСІНШІ...

Қайрат, сенің жеке концертің өткен сайын тыңдармандарың би­леттің тым қымбат болғандығын айтып, мұңдарын шағып жатады... Сондай сәттерде тыңдармандарыңды ренжітіп аламын деп ойламайсың ба?   Өткен жылы Алматыда концерт бергеннен кейін көптеген тыңдармандар, журналистер хабарласып, кіре алмай қалғанын, билеттің тым қымбат болғандығын айтып жатты. Сол кезде екінші рет концерт беруге болатын еді. Өкінішке қарай, ертесінде зал босамайтын болды. Бір білгенім, концертке екі күн қалғанда алыпсатарлар билетті тегіс сатып алып, қымбаттатып жіберіпті. – Бұған тосқауыл қоюға болмай ма? – Ешкім тыя алмаған нәрсеге қалайша тосқауыл қоясың?! Ондайлардың кас­садағы сатушылармен байланысы болады. Өткізе алмаса, қайтарып береді дегендей... Бұрын билет мәселесімен анам айналысатын еді. Соның өзінде «есептеп береміз» дейді де ақшаны жоқ қылып жібереді. Алдын ала бақылағанда: «кассада билет аз қалды», – дейді де кейіннен көбейтіп қояды. Аузымыз күйгеннен кейін билет мәселесіне араласпайтын болдық. Атыраудан концертке достарым келгеннен кейін олар үшін билет сатып алайын десем бағасы аспандап кеткеніне көзім жетті. – Ән таңдауда кімнің кеңесіне жүгінесің? – Бұл жағына келгенде, бірінші кезекте анамның көмегіне жүгінемін. Анда-санда өзімнің ойым іске асады. Негізінен, анам әннің мәтініне мән береді де, мен әуеніне қараймын. Кей жағдайда өзім қаламаған әнді анам міндеттейді. Бірақ одан жаман болғаным жоқ. Мысалы, «Аңсағаным», «Өмір-өмір», «Шыда, жүрек», «Сен мені түсінбедің» секілді әндерді қоярда қоймай орындауыма анам себепкер болған. – Кімге тартқансың? Анаңа ма, әлде әкеңе... – Бұдан он жыл бұрын менің әнші болатыным туралы үйдегілер де ойла­маған шығар. Ол кезде біздің бірнеше сауда нүктелеріміз болатын. Сатушылар шықпай қалған кезде өзім барып, сауда жасап жүрдім. Бала болсам да, істей алмайтын нәрселерді де жан-тәніммен беріліп істейтінмін. Сондай-ақ бес-алты бала бірігіп, тойларда қойылым қойып, ақша табатын едік. Әйтеуір жоқтан бар жасап, өзімше табыс табуға бейім болдым. Сол жағынан келгенде анама тартқанмын. Ал өнер, ол – әкемнен дарыған қасиет. – Әнші Қайратты букмекерлік кең­сеге көп барады деп жатады... – Ол жерге жалғыз мен ғана емес, күллі әншілер барады. Бастапқыда барып жүргенімде жақындарым құмар ойын ғой деп шошып, баруыма қарсылық білдіретін. Мүмкін букмекерлік кеңселерде әншілер жүрмегенде мен үшін қызықты болмас па еді?! Бұл – менің хоббиім. Қатты қызығатыным соншалықты, кейде ойын болмайтын күндері достарыммен жиналып, таңға дейін компьютерде футбол ойнайтынымды жасырмаймын. – Арманшылсың ба? – Иә. Әрнені бір армандап жүремін. Шынымды айтсам, ойланбай жүре алмаймын. Соған қарағанда қатты қиялшыл болып өскен сияқтымын. – Біз білетін Қайраттың демалу дәстүрі қандай? – Былтыр Түркияда, Дубайда демалып қайтқанмын. Биыл қаңтар айында өзіме көңіл бөліп, тынығайын деп шештім. Қазір жаттығу залына бір жылға жазылып қойдым. Жол апатына ұшырағаннан кейін дұрыс ем қабылдамаған едім. Қазір сол жағы мені мазалап жүр. Содан кейін жайлап ем қабылдап жүрмін. – Саған сыйлық көп жасалатын шығар? – Иә... Жақында бір ерекше сыйлыққа қатты қуандым. Арман Дүйсеновтің шаңырағындағы той­дан кейін «МузАрттағы» аға­ла­рымыз бастаған бір топ ән­ші­мен бірге демалғанбыз. Сон­да Мейрамбек Беспаев ағамыз өзі тағып жүрген алтын са­ғатын маған сыйлады. Кіш­кентайымнан Мейрамбек ағамды сүйіп тыңдап, жақсы көріп өскендіктен бұл мен үшін үлкен сыйлық болды. – Саған ынтызар бол­ған қыздардың сезімін қалай қабыл­дайсың? – Бастапқыда мұндай жайттар мен үшін қызық еді. Қазір қалыпты жағдайға айналып, етім үйреніп кетті. Соғылған қоңыраулар мен келіп жатқан смс-терде сан жоқ. Кейде өмірдің бар екенін ұмытып, қатты ынтызар болған қыздарды көріп: «Жаным-ау, маған несіне ғашық боласың?», – деп айтып жатамын (күлді). – Қызғаншақсың ба? – Ондай қасиетім бар. Кіш­кентай кезімде анам менен кейін­гілерге қатты көңіл бөліп жатса, «Мама, көреміз! Мен де балаңыз емес­пін бе?», – дейтінмін. Анам «Сен оңбайсың, мынауың дұрыс па?», – дегенде мен жылап: «Көресіз, мен сізді асырайтын боламын. Мені жаман бала болады деп тұрсыз ба?» – деп қызғаныштан жарыла жаздайтынмын. – Жеке отбасың туралы неге аз айтасың? – Бәрінің менен сұрайтыны осы сұрақ. Өзімнің жеке өмірім жұмбақ кү­йінде қала берсе деймін. Біреу ажырас­ты дейді. Біреу тағы басқаша айтады. – Бірақ олай емес қой? – Әр адамның өмірінде бір жұмбақ нәрсе болады ғой. Сондықтан осы күйінде қала берсінші... Суға кетіп қайтыс болған досымның үш жастағы баласы бар еді. Соны көтеріп түскен суретімді «Қайрат Нұртастың баласы» деп журналға да шығарды. Кейін оны ол кісілер көріп жылап қалды. Сондай нәрселер де кездесіп жатады. – Басқа кәсіппен айналысқың келмей ме? – Ниет бар. Алайда өзіме сұраныс көп болғандықтан, мойын бұратындай мүмкіндік болмай тұр... Жанкелді ҚАРЖАН Халық сөзі  
16.01.2013 06:09 3804

Қайрат, сенің жеке концертің өткен сайын тыңдармандарың би­леттің тым қымбат болғандығын айтып, мұңдарын шағып жатады... Сондай сәттерде тыңдармандарыңды ренжітіп аламын деп ойламайсың ба?  

Өткен жылы Алматыда концерт бергеннен кейін көптеген тыңдармандар, журналистер хабарласып, кіре алмай қалғанын, билеттің тым қымбат болғандығын айтып жатты. Сол кезде екінші рет концерт беруге болатын еді. Өкінішке қарай, ертесінде зал босамайтын болды. Бір білгенім, концертке екі күн қалғанда алыпсатарлар билетті тегіс сатып алып, қымбаттатып жіберіпті.

Бұған тосқауыл қоюға болмай ма?

– Ешкім тыя алмаған нәрсеге қалайша тосқауыл қоясың?! Ондайлардың кас­садағы сатушылармен байланысы болады. Өткізе алмаса, қайтарып береді дегендей... Бұрын билет мәселесімен анам айналысатын еді. Соның өзінде «есептеп береміз» дейді де ақшаны жоқ қылып жібереді. Алдын ала бақылағанда: «кассада билет аз қалды», – дейді де кейіннен көбейтіп қояды. Аузымыз күйгеннен кейін билет мәселесіне араласпайтын болдық. Атыраудан концертке достарым келгеннен кейін олар үшін билет сатып алайын десем бағасы аспандап кеткеніне көзім жетті.


Ән таңдауда кімнің кеңесіне жүгінесің?

– Бұл жағына келгенде, бірінші кезекте анамның көмегіне жүгінемін. Анда-санда өзімнің ойым іске асады. Негізінен, анам әннің мәтініне мән береді де, мен әуеніне қараймын. Кей жағдайда өзім қаламаған әнді анам міндеттейді. Бірақ одан жаман болғаным жоқ. Мысалы, «Аңсағаным», «Өмір-өмір», «Шыда, жүрек», «Сен мені түсінбедің» секілді әндерді қоярда қоймай орындауыма анам себепкер болған.

Кімге тартқансың? Анаңа ма, әлде әкеңе...

– Бұдан он жыл бұрын менің әнші болатыным туралы үйдегілер де ойла­маған шығар. Ол кезде біздің бірнеше сауда нүктелеріміз болатын. Сатушылар шықпай қалған кезде өзім барып, сауда жасап жүрдім. Бала болсам да, істей алмайтын нәрселерді де жан-тәніммен беріліп істейтінмін. Сондай-ақ бес-алты бала бірігіп, тойларда қойылым қойып, ақша табатын едік. Әйтеуір жоқтан бар жасап, өзімше табыс табуға бейім болдым. Сол жағынан келгенде анама тартқанмын. Ал өнер, ол – әкемнен дарыған қасиет.

Әнші Қайратты букмекерлік кең­сеге көп барады деп жатады...

– Ол жерге жалғыз мен ғана емес, күллі әншілер барады. Бастапқыда барып жүргенімде жақындарым құмар ойын ғой деп шошып, баруыма қарсылық білдіретін. Мүмкін букмекерлік кеңселерде әншілер жүрмегенде мен үшін қызықты болмас па еді?! Бұл – менің хоббиім. Қатты қызығатыным соншалықты, кейде ойын болмайтын күндері достарыммен жиналып, таңға дейін компьютерде футбол ойнайтынымды жасырмаймын.

Арманшылсың ба?

– Иә. Әрнені бір армандап жүремін. Шынымды айтсам, ойланбай жүре алмаймын. Соған қарағанда қатты қиялшыл болып өскен сияқтымын.

Біз білетін Қайраттың демалу дәстүрі қандай?

– Былтыр Түркияда, Дубайда демалып қайтқанмын. Биыл қаңтар айында өзіме көңіл бөліп, тынығайын деп шештім. Қазір жаттығу залына бір жылға жазылып қойдым. Жол апатына ұшырағаннан кейін дұрыс ем қабылдамаған едім. Қазір сол жағы мені мазалап жүр. Содан кейін жайлап ем қабылдап жүрмін.

– Саған сыйлық көп жасалатын шығар?

– Иә... Жақында бір ерекше сыйлыққа қатты қуандым. Арман Дүйсеновтің шаңырағындағы той­дан кейін «МузАрттағы» аға­ла­рымыз бастаған бір топ ән­ші­мен бірге демалғанбыз. Сон­да
Мейрамбек Беспаев ағамыз өзі тағып жүрген алтын са­ғатын маған сыйлады. Кіш­кентайымнан Мейрамбек ағамды сүйіп тыңдап, жақсы көріп өскендіктен бұл мен үшін үлкен сыйлық болды.

– Саған ынтызар бол­ған қыздардың сезімін қалай қабыл­дайсың?

– Бастапқыда мұндай жайттар мен үшін қызық еді. Қазір қалыпты жағдайға айналып, етім үйреніп кетті. Соғылған қоңыраулар мен келіп жатқан смс-терде сан жоқ. Кейде өмірдің бар екенін ұмытып, қатты ынтызар болған қыздарды көріп: «Жаным-ау, маған несіне ғашық боласың?», – деп айтып жатамын (күлді).

Қызғаншақсың ба?

– Ондай қасиетім бар. Кіш­кентай кезімде анам менен кейін­гілерге қатты көңіл бөліп жатса,
«Мама, көреміз! Мен де балаңыз емес­пін бе?», – дейтінмін. Анам «Сен оңбайсың, мынауың дұрыс па?», – дегенде мен жылап: «Көресіз, мен сізді асырайтын боламын. Мені жаман бала болады деп тұрсыз ба?» – деп қызғаныштан жарыла жаздайтынмын.

Жеке отбасың туралы неге аз айтасың?

– Бәрінің менен сұрайтыны осы сұрақ. Өзімнің жеке өмірім жұмбақ кү­йінде қала берсе деймін. Біреу ажырас­ты дейді. Біреу тағы басқаша айтады.

Бірақ олай емес қой?

– Әр адамның өмірінде бір жұмбақ нәрсе болады ғой. Сондықтан осы күйінде қала берсінші... Суға кетіп қайтыс болған досымның үш жастағы баласы бар еді. Соны көтеріп түскен суретімді «Қайрат Нұртастың баласы» деп журналға да шығарды. Кейін оны ол кісілер көріп жылап қалды. Сондай нәрселер де кездесіп жатады.

Басқа кәсіппен айналысқың келмей ме?

– Ниет бар. Алайда өзіме сұраныс көп болғандықтан, мойын бұратындай мүмкіндік болмай тұр...

Жанкелді ҚАРЖАН

Халық сөзі

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға