Жаңалықтар

Қазақстандықтардың саны 16 млн 896,9 мың адамды құрады

2012 жылы қазақстандықтар саны 16 млн 896,9 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2012 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 16 млн 896,9 мың адамға жетті. Соның ішінде қалалықтар 9 млн 254,7 мың (54,8%), ауылдықтар 7 млн 542,2 мың адамды (45,2%) құрады. 2012 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ел бойынша халық саны 221,5 мың адамға өсті. Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға көп», - деді Ә.Смайылов. Оның айтуынша, республика халқы 223,0 мың адамға көбейген. Ал табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 14,5 адамды құрады. Диана Құлмағанбетова
15.01.2013 11:05 3253

2012 жылы қазақстандықтар саны 16 млн 896,9 мың адамды құрады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2012 жылдың 1 желтоқсанында еліміздегі халық саны 16 млн 896,9 мың адамға жетті. Соның ішінде қалалықтар 9 млн 254,7 мың (54,8%), ауылдықтар 7 млн 542,2 мың адамды (45,2%) құрады. 2012 жылдың қаңтар-қарашасында жалпы ел бойынша халық саны 221,5 мың адамға өсті. Бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға көп», - деді Ә.Смайылов.

Оның айтуынша, республика халқы 223,0 мың адамға көбейген. Ал табиғи өсімнің жалпы коэффиценті 1000 адамға шаққанда 14,5 адамды құрады.

Диана Құлмағанбетова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға