Жаңалықтар

Елбасы көрсеткен білікті мамандар тәрбиелеу жоспарын жүзеге асыруымыз қажет

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдаған филология ғылымдарының докторы, профессор Раушангүл Авакова өз ойымен бөлісті.  Мемлекет басшысы өз сөзiнде басты мақсат 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттiң, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектiң негiзiнде берекелi қоғам құру болып саналатынын атап өттi. Ұлт көшбасшысы сөйлеген сөзiнде атап өткендей, 15 жыл бұрын жарияланған «2030 Даму стратегиясында» белгiленген көп мiндеттер мерзiмiнен бұрын орындалып қойды. Жаңа саяси бағыт Қазақстан Президентiнiң болашаққа бағдар жасайтын кемеңгер стратег, үздiк мемлекеттiк қайраткер екенiнiң тағы бiр дәлелi болды. Жолдауда қазiргi заманғы жылдам өзгерiп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Мемлекет басшысы оларды 10 тармаққа бөлiп қарастырған. Бұл – процестiң жеделдеуi, демографиялық өсу, азық-түлiк және энергетикалық қауiпсiздiк, ауыз су тапшылығы, табиғи ресурстар қорының сарқылуы, үшiншi индустриалдық төңкерiс, әлеуметтiк тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдiк жаңа тұрақсыздық қаупi. Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттiлiктi, демократия мен ұлт бiрлiгiн одан әрi нығайту қажеттiлiгiн атап өтедi. Ол Парламенттiң өкiлетi мен рөлiн күшейту, ұлттық құқықтық жүйенi жаңғырту, сот билiгiнiң беделiн арттыру сынды мәселелерге ерекше мән бердi. Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жұмысын нығайту және жетiлдiру де маңызды боп табылады. Жергiлiктi әкiмдердiң сайлануын енгiзу, орталық пен өңiр арасындағы өкiлеттiктердi шектеу бойынша бастамаларға да ерекше мән беру керек. Күштi экономика мен адамның бәсекеге қабiлеттi әлеуетi мемлекеттiк дамудағы ауқымды мiндеттердi жүзеге асыруда негiзгi рөл атқарады. Президент келешектегi индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АBК, кәсiпкерлiк, сапалы бiлiм және денсаулық сақтау мәселелерiн тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердiң шешiм табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрменiң өтуi ықпал ететiн болады. Мемлекет басшысы ұлттық мүдделердiң негiзiндегi сыртқы саясаттың дәйектiлiгi мен болжамдылығын атап көрсеттi. Бiздiң елiмiз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетiлдiре бермек, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына ықпал етедi. Өзiмiз көрiп отырғандай, жаңа саяси бағыт, қол жеткен өзгерiстердiң қисынды жалғасы болып, қазақстандық мемлекеттiлiктiң дамуы мен нығаюының жаңа кезеңi мен мүмкiндiктерiн айқындайды. Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсiздiгiнiң 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында жаңа кадр саясаты жайлы сөз қозғады. – Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиiс. Бұл үшiн бiз басқарушылық ресурсын жетiлдiруге тиiспiз әрi бұл үшiн бiзде резервтер бар. Менеджменттiң жаңа құралдарын және мемлекеттiк сектордағы корпоративтiк басқарудың қағидаларын енгiзу қажет, – дедi Елбасы. – Мұнымен бiр мезгiлде халықаралық еңбек бөлiнiсiнен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, бiздiң жаңа бағытымыздың бiрқатар мiндеттерiн iске асыру үшiн аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартуымыз керек. Бiз, сонымен қата, ашық нарықтағы ең үздiк шет ел мамандарын тартуға және оларды елiмiзге жұмысқа шақыруға тиiспiз. Кең көлемдi халықаралық тәжiрибесi бар әрi бiлiмдi басқару кадрларды пайдалану екi бiрдей нәтиже бередi: бiз, өндiрiсiмiздiң менеджментiн жаңғыртумен қатар, өзiмiздiң отандық кадрларымызды үйретемiз. Бұл – бiз үшiн жаңа тәжiрибе, – деп атап өттi Мемлекет басшысы. Елбасының 2030 стратегиясын мерзiмiнен бұрын орындау туралы айтқанын тiлге тиек ете отырып, әлемдегi дамыған 30 елдiң қатарына кiруде аянбай еңбек етемiз. BAQ.kz
15.01.2013 10:11 3528

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдаған филология ғылымдарының докторы, профессор Раушангүл Авакова өз ойымен бөлісті. 

Мемлекет басшысы өз сөзiнде басты мақсат 2050 жылға қарай қуатты мемлекеттiң, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектiң негiзiнде берекелi қоғам құру болып саналатынын атап өттi.

Ұлт көшбасшысы сөйлеген сөзiнде атап өткендей, 15 жыл бұрын жарияланған «2030 Даму стратегиясында» белгiленген көп мiндеттер мерзiмiнен бұрын орындалып қойды.

Жаңа саяси бағыт Қазақстан Президентiнiң болашаққа бағдар жасайтын кемеңгер стратег, үздiк мемлекеттiк қайраткер екенiнiң тағы бiр дәлелi болды. Жолдауда қазiргi заманғы жылдам өзгерiп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Мемлекет басшысы оларды 10 тармаққа бөлiп қарастырған. Бұл – процестiң жеделдеуi, демографиялық өсу, азық-түлiк және энергетикалық қауiпсiздiк, ауыз су тапшылығы, табиғи ресурстар қорының сарқылуы, үшiншi индустриалдық төңкерiс, әлеуметтiк тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдiк жаңа тұрақсыздық қаупi.

Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттiлiктi, демократия мен ұлт бiрлiгiн одан әрi нығайту қажеттiлiгiн атап өтедi. Ол Парламенттiң өкiлетi мен рөлiн күшейту, ұлттық құқықтық жүйенi жаңғырту, сот билiгiнiң беделiн арттыру сынды мәселелерге ерекше мән бердi. Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жұмысын нығайту және жетiлдiру де маңызды боп табылады.

Жергiлiктi әкiмдердiң сайлануын енгiзу, орталық пен өңiр арасындағы өкiлеттiктердi шектеу бойынша бастамаларға да ерекше мән беру керек.

Күштi экономика мен адамның бәсекеге қабiлеттi әлеуетi мемлекеттiк дамудағы ауқымды мiндеттердi жүзеге асыруда негiзгi рөл атқарады. Президент келешектегi индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АBК, кәсiпкерлiк, сапалы бiлiм және денсаулық сақтау мәселелерiн тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердiң шешiм табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрменiң өтуi ықпал ететiн болады.

Мемлекет басшысы ұлттық мүдделердiң негiзiндегi сыртқы саясаттың дәйектiлiгi мен болжамдылығын атап көрсеттi. Бiздiң елiмiз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетiлдiре бермек, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына ықпал етедi.

Өзiмiз көрiп отырғандай, жаңа саяси бағыт, қол жеткен өзгерiстердiң қисынды жалғасы болып, қазақстандық мемлекеттiлiктiң дамуы мен нығаюының жаңа кезеңi мен мүмкiндiктерiн айқындайды.

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсiздiгiнiң 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында жаңа кадр саясаты жайлы сөз қозғады.

– Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиiс. Бұл үшiн бiз басқарушылық ресурсын жетiлдiруге тиiспiз әрi бұл үшiн бiзде резервтер бар. Менеджменттiң жаңа құралдарын және мемлекеттiк сектордағы корпоративтiк басқарудың қағидаларын енгiзу қажет, – дедi Елбасы.

– Мұнымен бiр мезгiлде халықаралық еңбек бөлiнiсiнен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, бiздiң жаңа бағытымыздың бiрқатар мiндеттерiн iске асыру үшiн аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартуымыз керек. Бiз, сонымен қата, ашық нарықтағы ең үздiк шет ел мамандарын тартуға және оларды елiмiзге жұмысқа шақыруға тиiспiз.

Кең көлемдi халықаралық тәжiрибесi бар әрi бiлiмдi басқару кадрларды пайдалану екi бiрдей нәтиже бередi: бiз, өндiрiсiмiздiң менеджментiн жаңғыртумен қатар, өзiмiздiң отандық кадрларымызды үйретемiз. Бұл – бiз үшiн жаңа тәжiрибе, – деп атап өттi Мемлекет басшысы.

Елбасының 2030 стратегиясын мерзiмiнен бұрын орындау туралы айтқанын тiлге тиек ете отырып, әлемдегi дамыған 30 елдiң қатарына кiруде аянбай еңбек етемiз.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға