Жаңалықтар

Бүгін - Википедияның құрылған күні

Бүгін дүниежүзілік Интернет желісінде еркін таратылатын әмбебап энциклопедия - Википедияның (ағыл. - Wikipedia) құрылған күні. Энциклопедияның мақалалары әлемнің көптеген тілдерінде ерікті авторлардың ұжымдық күшімен жазылады. Википедия деректердің көлемі және тақырыптық қамтылу бойынша адамзат тарихында құрылған энциклопедиялардың ең ауқымдысы саналады. Википедияның «арғы атасы» ақпарат бостандығы принципін жүзеге асыратын ағылшын тіліндегі энциклопедияның жобасы - Нупедия (Nupedia) болып табылады. Нупедияға мақалаларды ғалымдар және академиялық ортаның адамдары жазып тұрды, ал оның негізін қалаушылар Ларри Сэнгер (Larry Sanger) және Джимми Уэйлс (Jimmy Wales) болып табылады. Энциклопедияның толығуын жылдамдату үшін 2001 жылдың 15 қаңтарында Уэйл және Сэнгер «Википедия» сайтын ашты. Сол уақыттан бастап энциклопедияны редакциялауға кез келген интернет пайдаланушы қатыса алады. Википедияның атауы оны жүзеге асыру үшін пайдаланылған технология - «вики»-ден алынды. Гавай тілінен аударылғанда «вики» «жылдам» деген мағынаны білдіреді. Бүгінде Википедияда тілдік қамту 260-тан астамды құрайды BAQ.kz
15.01.2013 03:19 3075

Бүгін дүниежүзілік Интернет желісінде еркін таратылатын әмбебап энциклопедия - Википедияның (ағыл. - Wikipedia) құрылған күні.

Энциклопедияның мақалалары әлемнің көптеген тілдерінде ерікті авторлардың ұжымдық күшімен жазылады. Википедия деректердің көлемі және тақырыптық қамтылу бойынша адамзат тарихында құрылған энциклопедиялардың ең ауқымдысы саналады.

Википедияның «арғы атасы» ақпарат бостандығы принципін жүзеге асыратын ағылшын тіліндегі энциклопедияның жобасы - Нупедия (Nupedia) болып табылады. Нупедияға мақалаларды ғалымдар және академиялық ортаның адамдары жазып тұрды, ал оның негізін қалаушылар Ларри Сэнгер (Larry Sanger) және Джимми Уэйлс (Jimmy Wales) болып табылады.

Энциклопедияның толығуын жылдамдату үшін 2001 жылдың 15 қаңтарында Уэйл және Сэнгер «Википедия» сайтын ашты. Сол уақыттан бастап энциклопедияны редакциялауға кез келген интернет пайдаланушы қатыса алады.

Википедияның атауы оны жүзеге асыру үшін пайдаланылған технология - «вики»-ден алынды. Гавай тілінен аударылғанда «вики» «жылдам» деген мағынаны білдіреді.
Бүгінде Википедияда тілдік қамту 260-тан астамды құрайды

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға