Жаңалықтар

Үндістанда өткен Азия чемпионатынан еліміздің спортшылары жеңіспен оралды

2012 жылдың соңында Үндістанның Пума қаласындағы кикбокстан өткен Азия чемпионатында ел құрамасы жеңіспен оралды. Әлемнің 19 мемлекеті қатысқан додада Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Руслан Сексенбаев 71 келі салмақта бірінші орын, Жадыра Қуанышева 52 келі салмақта үшінші орын алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне аталмыш оқу орнының баспасөз хатшысы Анар Қуанғалиева хабарлады. Еліміздің 20-дан астам ең үздік кикбоксшыларын Ұлттық құраманың бас бапкерi Қайрат Смағұлов бастап апарған. Әлемнің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері жиналған чемпионатта ел құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды. «Жеңімпазымыз Руслан спорттың бұл түрімен он жасынан, ал Жадыра болса 14 жасынан айналыса бастаған. Екеуі де елімізге танымал жаттықтырушы, әлемдік деңгейдегі спортшыларды баптап шығарған Арман Байленов атты жаттықтырушыдан тәрбие алып келеді. Руслан 2010 жылы Сербия елінің Белгород қаласында өткен әлем чемпионатында вице-чемпион, Азия чемпионы атағына ие болған дарынды спортшы. Жадыра 2009 жылғы Тайландта өткен Азия ойындарында кикбокстан қола медаль иегері. Жадыра сондай-ақ, елімізде енді дамып келе жатқан қыздар арасындағы бокспен де айналысады», - деп хабарлады Анар Қуанғалиева. Кенжекей Тоқтамұрат
14.01.2013 12:31 3451

2012 жылдың соңында Үндістанның Пума қаласындағы кикбокстан өткен Азия чемпионатында ел құрамасы жеңіспен оралды. Әлемнің 19 мемлекеті қатысқан додада Семей мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Руслан Сексенбаев 71 келі салмақта бірінші орын, Жадыра Қуанышева 52 келі салмақта үшінші орын алды. Бұл туралы агенттік тілшісіне аталмыш оқу орнының баспасөз хатшысы Анар Қуанғалиева хабарлады.

Еліміздің 20-дан астам ең үздік кикбоксшыларын Ұлттық құраманың бас бапкерi Қайрат Смағұлов бастап апарған. Әлемнің ең мықты деген былғары қолғап шеберлері жиналған чемпионатта ел құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

«Жеңімпазымыз Руслан спорттың бұл түрімен он жасынан, ал Жадыра болса 14 жасынан айналыса бастаған. Екеуі де елімізге танымал жаттықтырушы, әлемдік деңгейдегі спортшыларды баптап шығарған Арман Байленов атты жаттықтырушыдан тәрбие алып келеді. Руслан 2010 жылы Сербия елінің Белгород қаласында өткен әлем чемпионатында вице-чемпион, Азия чемпионы атағына ие болған дарынды спортшы. Жадыра 2009 жылғы Тайландта өткен Азия ойындарында кикбокстан қола медаль иегері. Жадыра сондай-ақ, елімізде енді дамып келе жатқан қыздар арасындағы бокспен де айналысады», - деп хабарлады Анар Қуанғалиева.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға