Жаңалықтар

Бүгін Алаштың «Арландары» немістің "Қырандарымен" жекпе-жекке шығады

Бүгін осымен үшінші маусым қатарынан өтіп жатқан Бүкіл әлемдік бокс сериясының екінші айналымы басталады.  Біздің былғары қолғап шеберлеріміз «Германия қырандары» боксшыларымен алғаш рет кездескелі отыр. Бұл ұжыммен өтетін кездесуге «арландар» сапында  Бағдат Әлімбеков, Эрик Донован, Сергей Деревьянченко, Хрвоже Сеп пен Филипп Хргович шығады. Кездесу Ганновер қаласында өтеді.  Бұл бәсекеге біздің «Астана арландары» жартылай кәсіпқой клубының WSB сериясының жекпе-жектері басталған 2010 жылдан бері қатысып келе жатқаны белгілі. Егер кейбір командалар бір маусымда жарысқа қатысып, келесісінде шығып қалып жатса, «Астана арландарының» әлі бұл жобадан шет қалған кезі болған емес. Осы жылдары «Астана арландары» бір рет финалда, тағы бір рет жартылай финалда күш сынасты. Команда 2010-2011 жылғы маусымның финалында Францияның «Париж юнайтед» клубымен кездесіп, одан 4:6 есебімен ұтылса, келесі маусымда жартылай финалда Мәскеудің «Динамо» командасынан 3:7 есебімен жеңіліс тапты. Келесі маусым да «Астана арландарына» оңай болған жоқ. 2011-2012 жылдары қазақ командасы Италия, Ресей, Үндістан, Тайланд пен АҚШ ұжымдарымен айқасып, өз тобында үшінші орынды иеленді. Сол кезде біздің боксшылар «В» тобында екінші орын алған Мексиканың «Мехико жауынгерлері» командасымен кездесіп, оны жеңгеннен кейін жартылай финалға жолдама алды. Ал 1/2 финалда отандастарымыз Ресейдің «Динамо» клубына есе жіберіп, құралақан қайтты. Жалпы, алғашқы маусымға қарағанда біздің команда үшін осы екінші маусымдағы жекпе-жектердің сәтсіз болғанын айтуымыз керек. Сол кезде команданың басшысы Болат Манкеновтің орнымды босатамын деп өтініш жазғанын білеміз. Бірақ, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев оның бұл өтінішін қанағаттандырмай, білікті бокс маманына жұмысын жалғастырып, бас жүлдені жеңіп алуға тағы бір мүмкіндік берді. Бүгінде команда былтырғы жеңі­лістен сабақ алған сияқты. Ко­ман­да жаңа боксшылармен толықтырылуда. Команданың тізгінін украиналық маман Сергей Корчинский алса, жаттықтырушылыққа Мәскеу Олим­пиадасының күміс жүлдегері, өзіміздің білікті маманымыз Виктор Демьяненко шақырылды. Ал бұған дейін бас жаттықтырушы болған Бейбіт Есжанов пен жаттықтырушы Олег Ковальчук командамен әрі қарай жұмыс істей беретін болып шешілді. Боксшыларға келсек, бірнеше легионерлер қосылды. Қазір «Астана арландары» мына құрамда өнер көрсетуде: Бағдат Әлімбеков, Мирас Жақыпов, Мейірболат Тойытов (бәрі де де 54 кг); Самат Башенов, Ержан Мүсәпіров, украиналық Леонид Мальков, ирландиялық Эрик Донован (бәрі де 61 кг); Сергей Деревьянченко (Украина), Константин Снигур (Ресей), Мирас Байырханов, Әсет Айсин ( бәрі де 73 кг); 85 кило сал­мақта Хрвоже Сеп (Хорватия), Енвер Туктаров, (Украина), Рамжон Ахмедов (Өзбекстан), эстониялық Айнар Карлсон, аса жоғары салмақта Руслан Мыр­сатаев, Роман Капитоненко, (Украина) пен Филип Хргович (Хор­ватия ) қолғап түйістіруде. Сондай-ақ, құрама тізімінде Қанат Әбутәліпов, Хусейн Байматов, Мерей Ақшалов, Хабибулла Исмаил-Ахунов, Міржан Рақымжанов, Әділет Егізеков, Данабек Сужанов, Дәурен Елеусінов, Рүстем Сыбаев, Данияр Тоқбаев, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко және легионерлерден румыниялық Михай Нистор, иран Ихсан Роузбахани, ұлыбританиялық Тайрон Конуэй Маккаладж. Биылғы маусымда команда «В» тобында күш сынасуда. Бұл топта бізбен басқа «Дольче және Габбано Италия найзағайы» (Италия), «Герман қырандары» (ГФР), «АҚШ нокаутшылары» (АҚШ), «Британ арыстандары» (Ұлыбритания) командалары бар. Ал «А» тобында «Ресейдің бокс арманы» (Ресей), «Алжирдің шөл тұйғындары» (Алжир), «Баку оттары» (Әзербайжан), «Аргентина кондорлары» (Аргентина), «Мехико жауынгерлері» (Мексика), «Атты әскерлер» (Польша) клубтары айқасуда.  Егер біздің «арландар» қалған жекпе-жектерінде жеңіп, келесі айналымға шығып жатса, осы командалардың бірімен кездеседі. Ал келесі кезеңге шығуға қазақ ұжымының толық мүмкіндігі бар. Әзірше біздің команда бірде-бір кездесуінде жеңілген жоқ. Соның нәтижесінде турнир кестесінде 12 ұпаймен бірінші орында тұр. Бізден кейінгі екінші орында 9 ұпаймен «Британ арыстандары» болса, үшінші және төртінші орынды 7 ұпаймен «Дольче және Габбано Италия найзағайы» мен «Герман қырандары» бөлісуде. «Украина атамандарында» 5 ұпай болса, ең соңғы орындағы «АҚШ нокаутшыларында» – 1 ғана ұпай бар. «А» тобына келсек, олардың арасындағы жағдай шиеленісті. Мұнда «Мехико жауынгерлері» мен «Баку оттары» 9 ұпаймен бірінші және екінші орындарды бөлісіп отыр. Одан кейінгі орында 6 ұпаймен «Атты әскерлер» келе жатса, «Ресейдің бокс арманы»  – 4, «Аргентина кондорлары» 3, «Алжирдің шөл тұйғындары» бір ұпайды иеленуде. «Арландар» биылғы маусымның алғашқы жекпе-жегінде сырт алаңда «Украина атамандарын» 4:1, одан кейін Астанада «АҚШ нокуатшыларын» 5:0, Алматыда «Британ арыстандарында» дәл осындай есеппен ұтса, «Дольче және Габбано Италия найзағайы» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал бүгін біздің былғары қолғап шеберлеріміз «Германия қырандары» боксшыларымен алғаш рет кездескелі отыр. Бұл ұжыммен өтетін кездесуге «арландар» сапында  Бағдат Әлімбеков, Эрик Донован, Сергей Деревьянченко, Хрвоже Сеп пен Филипп Хргович шығады. Кездесу Ганновер қаласында өтеді. Одан кейінгі кездесуін «Астана арландары» өз алаңында 18 қаңтар күні «Украина атамандарымен» өткізеді. Дастан КЕНЖАЛИН, Егемен Қазақстан  
12.01.2013 07:49 3566

Бүгін осымен үшінші маусым қатарынан өтіп жатқан Бүкіл әлемдік бокс сериясының екінші айналымы басталады.  Біздің былғары қолғап шеберлеріміз «Германия қырандары» боксшыларымен алғаш рет кездескелі отыр. Бұл ұжыммен өтетін кездесуге «арландар» сапында  Бағдат Әлімбеков, Эрик Донован, Сергей Деревьянченко, Хрвоже Сеп пен Филипп Хргович шығады.

Кездесу Ганновер қаласында өтеді. 

Бұл бәсекеге біздің «Астана арландары» жартылай кәсіпқой клубының WSB сериясының жекпе-жектері басталған 2010 жылдан бері қатысып келе жатқаны белгілі. Егер кейбір командалар бір маусымда жарысқа қатысып, келесісінде шығып қалып жатса, «Астана арландарының» әлі бұл жобадан шет қалған кезі болған емес. Осы жылдары «Астана арландары» бір рет финалда, тағы бір рет жартылай финалда күш сынасты. Команда 2010-2011 жылғы маусымның финалында Францияның «Париж юнайтед» клубымен кездесіп, одан 4:6 есебімен ұтылса, келесі маусымда жартылай финалда Мәскеудің «Динамо» командасынан 3:7 есебімен жеңіліс тапты.
Келесі маусым да «Астана арландарына» оңай болған жоқ. 2011-2012 жылдары қазақ командасы Италия, Ресей, Үндістан, Тайланд пен АҚШ ұжымдарымен айқасып, өз тобында үшінші орынды иеленді. Сол кезде біздің боксшылар «В» тобында екінші орын алған Мексиканың «Мехико жауынгерлері» командасымен кездесіп, оны жеңгеннен кейін жартылай финалға жолдама алды. Ал 1/2 финалда отандастарымыз Ресейдің «Динамо» клубына есе жіберіп, құралақан қайтты. Жалпы, алғашқы маусымға қарағанда біздің команда үшін осы екінші маусымдағы жекпе-жектердің сәтсіз болғанын айтуымыз керек. Сол кезде команданың басшысы Болат Манкеновтің орнымды босатамын деп өтініш жазғанын білеміз. Бірақ, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев оның бұл өтінішін қанағаттандырмай, білікті бокс маманына жұмысын жалғастырып, бас жүлдені жеңіп алуға тағы бір мүмкіндік берді.
Бүгінде команда былтырғы жеңі­лістен сабақ алған сияқты. Ко­ман­да жаңа боксшылармен толықтырылуда. Команданың тізгінін украиналық маман Сергей Корчинский алса, жаттықтырушылыққа Мәскеу Олим­пиадасының күміс жүлдегері, өзіміздің білікті маманымыз Виктор Демьяненко шақырылды. Ал бұған дейін бас жаттықтырушы болған Бейбіт Есжанов пен жаттықтырушы Олег Ковальчук командамен әрі қарай жұмыс істей беретін болып шешілді. Боксшыларға келсек, бірнеше легионерлер қосылды. Қазір «Астана арландары» мына құрамда өнер көрсетуде: Бағдат Әлімбеков, Мирас Жақыпов, Мейірболат Тойытов (бәрі де де 54 кг); Самат Башенов, Ержан Мүсәпіров, украиналық Леонид Мальков, ирландиялық Эрик Донован (бәрі де 61 кг); Сергей Деревьянченко (Украина), Константин Снигур (Ресей), Мирас Байырханов, Әсет Айсин ( бәрі де 73 кг); 85 кило сал­мақта Хрвоже Сеп (Хорватия), Енвер Туктаров, (Украина), Рамжон Ахмедов (Өзбекстан), эстониялық Айнар Карлсон, аса жоғары салмақта Руслан Мыр­сатаев, Роман Капитоненко, (Украина) пен Филип Хргович (Хор­ватия ) қолғап түйістіруде. Сондай-ақ, құрама тізімінде Қанат Әбутәліпов, Хусейн Байматов, Мерей Ақшалов, Хабибулла Исмаил-Ахунов, Міржан Рақымжанов, Әділет Егізеков, Данабек Сужанов, Дәурен Елеусінов, Рүстем Сыбаев, Данияр Тоқбаев, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко және легионерлерден румыниялық Михай Нистор, иран Ихсан Роузбахани, ұлыбританиялық Тайрон Конуэй Маккаладж.
Биылғы маусымда команда «В» тобында күш сынасуда. Бұл топта бізбен басқа «Дольче және Габбано Италия найзағайы» (Италия), «Герман қырандары» (ГФР), «АҚШ нокаутшылары» (АҚШ), «Британ арыстандары» (Ұлыбритания) командалары бар. Ал «А» тобында «Ресейдің бокс арманы» (Ресей), «Алжирдің шөл тұйғындары» (Алжир), «Баку оттары» (Әзербайжан), «Аргентина кондорлары» (Аргентина), «Мехико жауынгерлері» (Мексика), «Атты әскерлер» (Польша) клубтары айқасуда.  Егер біздің «арландар» қалған жекпе-жектерінде жеңіп, келесі айналымға шығып жатса, осы командалардың бірімен кездеседі. Ал келесі кезеңге шығуға қазақ ұжымының толық мүмкіндігі бар. Әзірше біздің команда бірде-бір кездесуінде жеңілген жоқ. Соның нәтижесінде турнир кестесінде 12 ұпаймен бірінші орында тұр. Бізден кейінгі екінші орында 9 ұпаймен «Британ арыстандары» болса, үшінші және төртінші орынды 7 ұпаймен «Дольче және Габбано Италия найзағайы» мен «Герман қырандары» бөлісуде. «Украина атамандарында» 5 ұпай болса, ең соңғы орындағы «АҚШ нокаутшыларында» – 1 ғана ұпай бар.
«А» тобына келсек, олардың арасындағы жағдай шиеленісті. Мұнда «Мехико жауынгерлері» мен «Баку оттары» 9 ұпаймен бірінші және екінші орындарды бөлісіп отыр. Одан кейінгі орында 6 ұпаймен «Атты әскерлер» келе жатса, «Ресейдің бокс арманы»  – 4, «Аргентина кондорлары» 3, «Алжирдің шөл тұйғындары» бір ұпайды иеленуде.
«Арландар» биылғы маусымның алғашқы жекпе-жегінде сырт алаңда «Украина атамандарын» 4:1, одан кейін Астанада «АҚШ нокуатшыларын» 5:0, Алматыда «Британ арыстандарында» дәл осындай есеппен ұтса, «Дольче және Габбано Италия найзағайы» командасын 3:2 есебімен жеңген болатын.
Ал бүгін біздің былғары қолғап шеберлеріміз «Германия қырандары» боксшыларымен алғаш рет кездескелі отыр. Бұл ұжыммен өтетін кездесуге «арландар» сапында  Бағдат Әлімбеков, Эрик Донован, Сергей Деревьянченко, Хрвоже Сеп пен Филипп Хргович шығады.
Кездесу Ганновер қаласында өтеді. Одан кейінгі кездесуін «Астана арландары» өз алаңында 18 қаңтар күні «Украина атамандарымен» өткізеді.

Дастан КЕНЖАЛИН,

Егемен Қазақстан

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға