Жаңалықтар

Шәкәрім өлімінің құпиясы туралы

Газетіміздің «Оқырман сауалы» айдарына бұлтартпайтын деректерімен бөлісіп, үн қосушылардың қарасы күн сайын көбейіп келеді. Солардың бірі тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсенов «Оқырман сауалы» айдарында жарық көрген «Шәкәрімді атқан кім?» және «Шәкәрімнің» шындығы» атты спектакльге қатысты жарияланған мақалаларға орай өз пікірін білдірді. Мен 1999-2000 жылдары респуб­лика­лық орталық кітапхананың архивінде 6 ай отырып, «Екпін», тағы басқа газет­тер­ден кейбіреулер «Шәкәрімді өлтірді» деп жүрген Қарасартовтың 1928-1930 жыл­дары жарияланған бірнеше өлеңдеріне кез болдым. Жыр жолдары латын әрпімен жазылған. Өлеңдердің басында «Бұл өлеңдерді Шәкәрім ақын оқып, өңдеп берген» деген сөз бар болатын. Бұл нені аңғартады? Шәкәрім ата Қа­расартовпен жақсы қарым-қатынаста болған және де спектакльде көрсетіл­гендей, мақалада жазылғандай шала сауатты емес. 1931 жылы Шәкәрім атаны ешкім де тергеу орнына шақырған жоқ. Оған үлгермеген. Қарасартов аудандық милицияның бастығы болғандықтан, бірнеше милицияны ертіп, сай-сайдан қашып жүрген көтерілісшілерді жинауға шыққан. Сол кезде Шәкәрім ата Қарасартовтарға қарсы кездесіп қалады. Ол екеуі қал-жай сұрасқан соң Қара­сар­тов: «Шәке, сізді көтерілісті басқарушы, дем берушісі дейді. Рас па?» деп сұрайды. Шәкәрім ата: «Жоқ, қарағым, еш қатынасым жоқ» деп жауап берген. Осы кезде Қарасартов өз міндетін атқару үшін: «Тоса тұрыңдар. Шәке, мен қайтып кел­ген соң аудан орталығына барып сөй­лесейік» деген. Сөйтіп, Шәкәрім ата­мыздың жанына Халитов деген башқұрт пен Шәкеңнің өзіне туыстығы бар, бірақ өштесіп жүрген милицияны қалдырып кетеді. Екеуінің арасындағы ерегісті Қарасартов білмеген. Қайтып келсе, Шәкәрім атамызды атып өлтіріпті. Әй­теуір қаралаудың жөні сол екен деп басқа халықтың өкіліне жабу біздің әдетіміз ғой. Оны «Халитов атып өлтіріпті» деп шығарған. Ал архивте Халитов: «Мына милиционер атып тастады. Екеуі қатты айтысты. Мен сыртқа шығып келгенде, Шәкәрім өліп жатыр екен» дейді. (Ол бір жағдаймен сыртқа шыққан болуы керек). 1970 жылдарға дейін: «Сол милиционер тірі екен. Шар ауданында тұрады. Мо­йын­дапты» деген сөздерді естіген едім. Ал ру арасындағы араздықты қоздыру үшін Шәкәрімді Қаракесек руының өкілі Қарасартов атып тастапты деген әңгі­ме­лер 1940 жылдардан бері айтылып келеді. Спектакльдерді қоймас бұрын архивке үңілуге болатын. Онда қойылымға қажет сюжеттер көп еді. Бертін келгенде Қара­сартов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «Қырғыз» совхозында тұрыпты. Ұлы совхоздың директоры екен. Мен сол совхозда 1994 жылы болып, ұлымен кез­дестім. Сонда ол маған: «Әкем өле-өл­генше қайта-қайта айта беретін: «Ішімде ауыр дерт кетіп барады. Мен Шәкәрімді аға деп сыйладым. Еш қастығым болған жоқ. Оны атып өлтірген өз туысы. Мен ешнәрсемен дәлелдей алмаймын. Халық­тың арасына сол милиционер: «Қара­сартов атып өлтірді» деп таратыпты. Ол кезде рулар арасында қатты айтыс-тартыс болды. Мен Қарақаралыдан кел­ген жалғыз Қаракесек руынан едім. Жа­зығым жоқ, қарағым. Тым болмаса сен сенші деп жалынды» деді. «Көзі тірі кезінде атақты ғалым Евней Бөкетовті әдейілеп шақырып, ол кісіге де айтқан еді. Бірақ ол ағайдың өз басына қара-түнек үймелегеннен бе, әлде басқа себеп болды ма, білмеймін, кассетаға жазып алған сөздерін жарияламады. Мен таба алмай жүрмін» дейді ұлы Дәурен.  Менің Қарасартовты осыншама қор­ғаштауыма екі түрлі себеп бар. Біріншісі, жергілікті жазушы осы тақырыпқа сәйкес спектакльді Шәкәрім атамыздың 150 жылдығында Қарауылда, Семейде көр­сетті. Сонда «Атаңа нәлет Қарасартов» деген лағнет сөздер бар еді. Мен, тағы басқа да жүздеген зиялы азаматтар: «Астапыралла! Мынасы дұрыс емес қой» дедік. Қазақта «Кімді қарғасаң, сол қарғыс өз басыңа келеді» деген жорамал бар. Мен сол спектакльді көріп зәрем ұшып, «Алла, бұл неғылған көрген­сіз­дік. Жазықсыз адамның аруағын қор­лағаны қалай? Бұл жақсылық емес» деп спектакльдің авторын іздедім. Сөйтсем бірер жыл бұрын жас жазушы дүниеден өтіп кеткен екен. Ал енді мына спектакль­де былай депті: «Оқиға желісі ойшылдың өліміне тікелей қатысы бар Абзал Қара­сартов пен Рахметолла Халитовтың тергеуінен басталады. Шәкәрімді сан сұрақтың астына алып, тергей түседі. Жаңа орнаған өкіметтің сойылын соққан екі шаласауатты милиционер Шәкәрімдей ойшылға ақыл үйретіп, мінін түземекші. Көкірегінде сәулесі жоқ, қараңғы жандар Шәкәрімнің «Халықты қадірле», «Адал басшы бол» деген сөздерін құлағына да аспайды. Ақыры нақты дәлелдері табылмай, салы суға кеткен жандайшаптар ақынды үйіне қайтаруға мәжбүр болады». Ал «Алматы ақшамы» газетінде (№246, 4 желтоқсан, 2012 жыл), Өтеш Қырғызбай «Шәкәрім шері» деген мақаласында спектакльде ОГПУ тергеушісі Хали­товтың мына бір сөздерін келтіріпті: «Шәкәрім аға, сіздің жазған өлең­де­ріңіздің көпшілігін жатқа білемін. Сізге шәкірт болсам, қабылдар ма едіңіз? Әт­тең, оған уақыттың ыңғайы болмай тұр. Заман қатаң болуды талап етеді. Бізде жоспар бар. Артықтау кетсем, айып етпеңіз. Біз - революция құлымыз» де­гені де алдамшы сөз депті. Міне, Шәкәрім атамызбен бір ми­нут та сөйлеспеген жанмен сөйлестіріп қойып­ты. Әрі екі мақалада да «шала сауаттылар» деген сөз кездеседі. Сонда ол қалайша Шәкеңнің өлеңдерін жатқа білген болар еді. Оның орнына шын мәніндегі милиционермен айтыстырып қойғаны дұрыс емес пе еді? Спектакльдегі мына бір жолдар тым дөрекі, әрі нанымсыз: «...Қарасартовтан келген ажал оғын да қасқайып тұрып, қарсы алды» дейді. Қалайша Қарасартов өлтіреді, Шәкеңді ол қайтып келгенге дейін атып тастаған болса?!  Қарасартовтың ұрпағы тірі. Кеңес заманында да, бүгінгі заманда да көрнекті қызмет атқарып Отанға адал еңбек етіп жүрген қайраткер. Оның іші өртенеді. Спектакльді қоюшылар оны тауып алып бетпе-бет сөйлесуіне болатын еді ғой. Кезінде жазылған кассета табылуы да мүм­кін ғой. Ондағы сөздерді тыңдау қа­жет емес пе? Өте мәдениетті, зиялы азаматтардың көзі тірі кезінде әкесін қорлағандары адамгершілікке жата ма? Оңбаған, қанішер, сауатсыз милиционерден зиялы азаматтар тәрбиеленіп шыға ма?  Жоғарыдағы сөздер - автордың қия­лы. Тап-таза өтірік. Шәкәрім атамызды бар-жоғы аз уақыт қу далада ұстап, өз туы­сы (өштескен) милиционердің атып тас­та­ғанын спектакльден шығарып тас­тап, Қарасартов марқұмды қаралайды. Қан­­дай қиянат! Аруағы атып жүрмес пе екен? Қиялдың соңынан қуып, өмірде бол­ма­ғанды «болды» деудің өзі - жауыз­дық. Екі елдің арасына от жағу емес пе? Архивте жатқан деректердің бірде-бірінде жауап берген адамдардың атынан 1931 жылы да 1955 жылдары да Шәкәрім атамызды «Қарасартов атып өлтірді» деген сөз жоқ. Сол архивте пакетке орап, айналасын қолмен тігіп тастаған бір дәптер жатыр. Соны құртып жібермесе деп қорқамын. Сол дәптерді ҰҚК-ның төрағасы арқылы рұқсат алып, ашып оқу керек. Сонда көп сырлар жатқан шығар. Болатбек Нәсенов,  тарих ғылымдарының докторы, профессор, 28 томдық энциклопедиялық қазақ халқының тарихы туралы кітаптардың авторы, мұ­рағатшы Айқын
12.01.2013 05:22 5303

Газетіміздің «Оқырман сауалы» айдарына бұлтартпайтын деректерімен бөлісіп, үн қосушылардың қарасы күн сайын көбейіп келеді. Солардың бірі тарих ғылымдарының докторы Болатбек Нәсенов «Оқырман сауалы» айдарында жарық көрген «Шәкәрімді атқан кім?» және «Шәкәрімнің» шындығы» атты спектакльге қатысты жарияланған мақалаларға орай өз пікірін білдірді.

Мен 1999-2000 жылдары респуб­лика­лық орталық кітапхананың архивінде 6 ай отырып, «Екпін», тағы басқа газет­тер­ден кейбіреулер «Шәкәрімді өлтірді» деп жүрген Қарасартовтың 1928-1930 жыл­дары жарияланған бірнеше өлеңдеріне кез болдым. Жыр жолдары латын әрпімен жазылған. Өлеңдердің басында «Бұл өлеңдерді Шәкәрім ақын оқып, өңдеп берген» деген сөз бар болатын.
Бұл нені аңғартады? Шәкәрім ата Қа­расартовпен жақсы қарым-қатынаста болған және де спектакльде көрсетіл­гендей, мақалада жазылғандай шала сауатты емес. 1931 жылы Шәкәрім атаны ешкім де тергеу орнына шақырған жоқ. Оған үлгермеген. Қарасартов аудандық милицияның бастығы болғандықтан, бірнеше милицияны ертіп, сай-сайдан қашып жүрген көтерілісшілерді жинауға шыққан. Сол кезде Шәкәрім ата Қарасартовтарға қарсы кездесіп қалады. Ол екеуі қал-жай сұрасқан соң Қара­сар­тов: «Шәке, сізді көтерілісті басқарушы, дем берушісі дейді. Рас па?» деп сұрайды. Шәкәрім ата: «Жоқ, қарағым, еш қатынасым жоқ» деп жауап берген. Осы кезде Қарасартов өз міндетін атқару үшін: «Тоса тұрыңдар. Шәке, мен қайтып кел­ген соң аудан орталығына барып сөй­лесейік» деген. Сөйтіп, Шәкәрім ата­мыздың жанына Халитов деген башқұрт пен Шәкеңнің өзіне туыстығы бар, бірақ өштесіп жүрген милицияны қалдырып кетеді. Екеуінің арасындағы ерегісті Қарасартов білмеген. Қайтып келсе, Шәкәрім атамызды атып өлтіріпті. Әй­теуір қаралаудың жөні сол екен деп басқа халықтың өкіліне жабу біздің әдетіміз ғой. Оны «Халитов атып өлтіріпті» деп шығарған. Ал архивте Халитов: «Мына милиционер атып тастады. Екеуі қатты айтысты. Мен сыртқа шығып келгенде, Шәкәрім өліп жатыр екен» дейді. (Ол бір жағдаймен сыртқа шыққан болуы керек). 1970 жылдарға дейін: «Сол милиционер тірі екен. Шар ауданында тұрады. Мо­йын­дапты» деген сөздерді естіген едім.
Ал ру арасындағы араздықты қоздыру үшін Шәкәрімді Қаракесек руының өкілі Қарасартов атып тастапты деген әңгі­ме­лер 1940 жылдардан бері айтылып келеді. Спектакльдерді қоймас бұрын архивке үңілуге болатын. Онда қойылымға қажет сюжеттер көп еді. Бертін келгенде Қара­сартов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы «Қырғыз» совхозында тұрыпты. Ұлы совхоздың директоры екен. Мен сол совхозда 1994 жылы болып, ұлымен кез­дестім. Сонда ол маған: «Әкем өле-өл­генше қайта-қайта айта беретін: «Ішімде ауыр дерт кетіп барады. Мен Шәкәрімді аға деп сыйладым. Еш қастығым болған жоқ. Оны атып өлтірген өз туысы. Мен ешнәрсемен дәлелдей алмаймын. Халық­тың арасына сол милиционер: «Қара­сартов атып өлтірді» деп таратыпты. Ол кезде рулар арасында қатты айтыс-тартыс болды. Мен Қарақаралыдан кел­ген жалғыз Қаракесек руынан едім. Жа­зығым жоқ, қарағым. Тым болмаса сен сенші деп жалынды» деді.
«Көзі тірі кезінде атақты ғалым Евней Бөкетовті әдейілеп шақырып, ол кісіге де айтқан еді. Бірақ ол ағайдың өз басына қара-түнек үймелегеннен бе, әлде басқа себеп болды ма, білмеймін, кассетаға жазып алған сөздерін жарияламады. Мен таба алмай жүрмін» дейді ұлы Дәурен. 
Менің Қарасартовты осыншама қор­ғаштауыма екі түрлі себеп бар. Біріншісі, жергілікті жазушы осы тақырыпқа сәйкес спектакльді Шәкәрім атамыздың 150 жылдығында Қарауылда, Семейде көр­сетті. Сонда «Атаңа нәлет Қарасартов» деген лағнет сөздер бар еді.
Мен, тағы басқа да жүздеген зиялы азаматтар: «Астапыралла! Мынасы дұрыс емес қой» дедік. Қазақта «Кімді қарғасаң, сол қарғыс өз басыңа келеді» деген жорамал бар. Мен сол спектакльді көріп зәрем ұшып, «Алла, бұл неғылған көрген­сіз­дік. Жазықсыз адамның аруағын қор­лағаны қалай? Бұл жақсылық емес» деп спектакльдің авторын іздедім. Сөйтсем бірер жыл бұрын жас жазушы дүниеден өтіп кеткен екен. Ал енді мына спектакль­де былай депті: «Оқиға желісі ойшылдың өліміне тікелей қатысы бар Абзал Қара­сартов пен Рахметолла Халитовтың тергеуінен басталады. Шәкәрімді сан сұрақтың астына алып, тергей түседі. Жаңа орнаған өкіметтің сойылын соққан екі шаласауатты милиционер Шәкәрімдей ойшылға ақыл үйретіп, мінін түземекші. Көкірегінде сәулесі жоқ, қараңғы жандар Шәкәрімнің «Халықты қадірле», «Адал басшы бол» деген сөздерін құлағына да аспайды. Ақыры нақты дәлелдері табылмай, салы суға кеткен жандайшаптар ақынды үйіне қайтаруға мәжбүр болады». Ал «Алматы ақшамы» газетінде (№246, 4 желтоқсан, 2012 жыл), Өтеш Қырғызбай «Шәкәрім шері» деген мақаласында спектакльде ОГПУ тергеушісі Хали­товтың мына бір сөздерін келтіріпті:
«Шәкәрім аға, сіздің жазған өлең­де­ріңіздің көпшілігін жатқа білемін. Сізге шәкірт болсам, қабылдар ма едіңіз? Әт­тең, оған уақыттың ыңғайы болмай тұр. Заман қатаң болуды талап етеді. Бізде жоспар бар. Артықтау кетсем, айып етпеңіз. Біз - революция құлымыз» де­гені де алдамшы сөз депті.
Міне, Шәкәрім атамызбен бір ми­нут та сөйлеспеген жанмен сөйлестіріп қойып­ты. Әрі екі мақалада да «шала сауаттылар» деген сөз кездеседі. Сонда ол қалайша Шәкеңнің өлеңдерін жатқа білген болар еді. Оның орнына шын мәніндегі милиционермен айтыстырып қойғаны дұрыс емес пе еді?
Спектакльдегі мына бір жолдар тым дөрекі, әрі нанымсыз: «...Қарасартовтан келген ажал оғын да қасқайып тұрып, қарсы алды» дейді. Қалайша Қарасартов өлтіреді, Шәкеңді ол қайтып келгенге дейін атып тастаған болса?! 
Қарасартовтың ұрпағы тірі. Кеңес заманында да, бүгінгі заманда да көрнекті қызмет атқарып Отанға адал еңбек етіп жүрген қайраткер. Оның іші өртенеді. Спектакльді қоюшылар оны тауып алып бетпе-бет сөйлесуіне болатын еді ғой. Кезінде жазылған кассета табылуы да мүм­кін ғой. Ондағы сөздерді тыңдау қа­жет емес пе?
Өте мәдениетті, зиялы азаматтардың көзі тірі кезінде әкесін қорлағандары адамгершілікке жата ма? Оңбаған, қанішер, сауатсыз милиционерден зиялы азаматтар тәрбиеленіп шыға ма? 
Жоғарыдағы сөздер - автордың қия­лы. Тап-таза өтірік. Шәкәрім атамызды бар-жоғы аз уақыт қу далада ұстап, өз туы­сы (өштескен) милиционердің атып тас­та­ғанын спектакльден шығарып тас­тап, Қарасартов марқұмды қаралайды. Қан­­дай қиянат! Аруағы атып жүрмес пе екен? Қиялдың соңынан қуып, өмірде бол­ма­ғанды «болды» деудің өзі - жауыз­дық. Екі елдің арасына от жағу емес пе?
Архивте жатқан деректердің бірде-бірінде жауап берген адамдардың атынан 1931 жылы да 1955 жылдары да Шәкәрім атамызды «Қарасартов атып өлтірді» деген сөз жоқ. Сол архивте пакетке орап, айналасын қолмен тігіп тастаған бір дәптер жатыр. Соны құртып жібермесе деп қорқамын. Сол дәптерді ҰҚК-ның төрағасы арқылы рұқсат алып, ашып оқу керек. Сонда көп сырлар жатқан шығар.

Болатбек Нәсенов, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор, 28 томдық энциклопедиялық қазақ халқының тарихы туралы кітаптардың авторы, мұ­рағатшы

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға