Мәжілісмендер Жолдауды ІІМ ардагерлерімен бірге талқылады
«Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республика ардагерлері Орталық кеңесінің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов ҚР Ішкі істер министрлігі Орталық Аппаратының және ҚР ІІМ ардагерлер кеңесі белсенділерінің отырысына қатысты», - делінген хабарламада.
Аталмыш отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына байланысты сұрақтар қарастырылып, оның шеңберінде Қайырбек Сүлейменов баяндама жасады.
Сондай-ақ, отырысқа Мәжіліс депутаттары Орал Мұхамеджанов пен Оңалсын Жұмабеков қатысты.
BNews.kz
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

