Жастарға үлкен сенім артқан Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жаңа мемлекетті құрудағы жастардың рөліне анықтама берді, деп мәлімдеді BNews.kz тілшісіне облыстық жастар саясаты басқармасының бастығы Рустам Алпысов.
«Президент біздің алдымызға нақты міндеттер қойып отыр. Ал біз осы мақсат-міндеттерге жету үшін көп күш жұмсауымыз керек. Себебі бүкіл Қазақстанның болашағы осыған байланысты», - деді Р.Алпысов.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жаңа мемлекеттік орган – Алматы облысы жастар саясаты мәселелелері басқармасы өңір жастарының ортасында пайда болған түрлі мәселелерді шешумен айналысады. Және басқарма Мемлекет басшысының жаңа Жолдауының басым бағыттарына байланысты көптеген жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде алға қойған мақсатқа еш қиындықсыз жетуге мүмкіндік береді.
Президент өз Жолдауында жаңа мемлекетті құрудағы жастардың рөліне анықтама берді – сарапшы
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады