Жаңалықтар

БҚО машина құрылыс компаниясында Президент Жолдауы талқыланды

Президент Жолдауының басым бағыттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Батыс Қазақстан машинақұрлыс компаниясының еңбек ұжымымен болған кездесінде қызу талқыланды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.  Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысы халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті. Баспасөз қызметі атап өткендей, Маңызды талқылау Батыс Қазақстан облысы машинақұрлыс компаниясында өтті. «Кездесу барысында Президенттің жаңа Стратегиялық бағытының Инновация, индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі даму үшін Қазақстанның басты байлығы ретінде ресурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада. «Президентіміз өз Жолдауында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен, тәжірибелі адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет. Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмысым барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын», - деді аталған компанияның кадрлар ісі жөніндегі директоры Виктор Кузнецов. Батыс Қазақстан облысының машинақұрылыс компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнайгаз, құрылыс, ауылшаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі – азаматтық және әскери авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық және ерекше базаны ұйымдастыруы. Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей. Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғыштық қондырығын жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді меңгеруді жоспарлап отыр «Президентіміз айтқандай, болашақ жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр», - дейді БҚМК №1 өндірісінің бастығы Ақылжан Ахметов. Компания жұмысшылары Елбасының иннновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту қажеттігін айтқан көрегендігі болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін айтады. BNews.kz
11.01.2013 10:14 3150

Президент Жолдауының басым бағыттары Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Батыс Қазақстан машинақұрлыс компаниясының еңбек ұжымымен болған кездесінде қызу талқыланды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі. 

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Батыс Қазақстан облысы халқымен және еңбек ұжымдарымен кездесті.

Баспасөз қызметі атап өткендей, Маңызды талқылау Батыс Қазақстан облысы машинақұрлыс компаниясында өтті.

«Кездесу барысында Президенттің жаңа Стратегиялық бағытының Инновация, индустрияландырудың жаңа кезеңі, еліміздің экономикалық өсуі мен одан әрі даму үшін Қазақстанның басты байлығы ретінде ресурстарды пайдалану, отандық өнеркәсіпке мамандар дайындау сияқты өзекті тұстарына ерекше назар аударылды», - делінген хабарламада.

«Президентіміз өз Жолдауында өте маңызды мәселе – қазақстандық кәсіпорындарға мамандар дайындауға барынша назар аударуда. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жұмысшы мектебінен өткен, тәжірибелі адам, сондықтан, кәсіби техникалық мамандықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Бұл біздің кәсіпорын үшін де өте қажет. Сондықтан мен Елбасымыздың идеясын қолдай отырып, күнделікті жұмысым барысында да жас мамандармен тәжірибемді бөлісуге тырысамын», - деді аталған компанияның кадрлар ісі жөніндегі директоры Виктор Кузнецов.

Батыс Қазақстан облысының машинақұрылыс компаниясы – облыстағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Қазіргі уақытта оның өнімі көптеген салаларда, мұнайгаз, құрылыс, ауылшаруашылығында жоғары сұранысқа ие. Аса маңызды бағыттарының бірі – азаматтық және әскери авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша Қазақстан үшін инновациялық және ерекше базаны ұйымдастыруы. Кәсіпорын қызметінің бұл түрі де еліміз бойынша бірегей. Алдағы уақытта кәсіпорын жоғары қысымды сорғыштық қондырығын жөндеу мен өндіруді, азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді меңгеруді жоспарлап отыр

«Президентіміз айтқандай, болашақ жоғары технологиялар заманы. Біз оның еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Біздің мекеме де бір орында тұрған жоқ. Алдағы уақытта кәсіпорын азаматтық шағын авиация өндірісін меңгеруді жоспарлап отыр», - дейді БҚМК №1 өндірісінің бастығы Ақылжан Ахметов.

Компания жұмысшылары Елбасының иннновациялық-технологиялық бағытты қарқынды дамыту қажеттігін айтқан көрегендігі болашаққа деген нық сенімдерін бекіте түскенін айтады.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға