Жаңалықтар

Қазақ әліппесі өлеңмен жазылды

Павлодар тұрғыны Советқазы Нұрсила «Әліп, би немесе санаға сараптама» атты жыр жинағын жазды. Шығарманың ерекшелігі, бұл жырлар әдебиет әлемінде бұрын-соңды кездеспеген жаңа тұрпатта жазылған.   Яғни, А әрпінен Я әрпіне дейінгі бүкіл қазақ әліппесін өлеңмен жазып шыққан. Ғылыми тілмен айтқанда, аллитерация, ассонанс үлгісімен қазақтың тілі, ділі және дінінен бастап, барлық ұлттық құндылықтарын жырға қосқан. Аллитерация, ассонанс үлгісімен бірен-саран өлең жазған ақындар бар. Мәселен, Абайдың бауыры Оспанды жоқтауы. Ал, бүтін бір ұлттың барлық төл дыбыстарының реттік жүйесі бойынша жыр өру әлем поэзиясында болмаған екен. Сондықтан, қазақтың ақберен ақыны Қажытай Ілияс «бұл - құбылыс», деп баға береді, кітаптың алғысөзінде. Амантай Тойшыбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты: Жыр жинақтың негізгі ерекшелігі - қазақ және әлем поэзиясында бұл үлкен сенсация, деп көремін. Мұндай формалық өзгеріспен жасалған ассонанс және аллитерация дейді, тәсіл, сол тәсілмен толық жазылған. Кез келген ұлттың барлық төл дыбыстарының басқы әріптерінен кірістіріп жазған жыр жинағын мен көрмегенмін. Жалпы, жоқ. Кітап әлі ресми жария етілген жоқ. Алайда, өлеңдердің көркемдік дәрежесіне орыс тілді басылымдар және шетелдегі қазақ ақындары оң баға берген. Ал, автор «менің мақсатым - тек қана қазақ тілінің байлығын көрсету», - дейді. Советқазы Нұрсила, ақын: Сондықтан, мен барлық күйім келгенше, сенсация жасаймын, осы әлемді таң қалдырып, Гиннесстің рекордтар кітабына кіру үшін емес, мұны қазақ тілінің бай екендігін, осының көрінісі іспеттес болғандықтан, өзімнің поэзия арқылы үлесімді қосайын, деген оймен жазылған кітап еді. А-дан бастап Я-ға дейінгі қазақтың төл әліппесін өлеңмен жазып шыққан Советқазы Нұрсила «А» дыбысынан басталатын өлеңінде бір сөзді екінші қайталамай, әр мағыналы 88 ұйқас жасаған. Жай ұйқас емес, жырмен өрілген өмір өрнегі. BAQ.kz
11.01.2013 04:52 4874

Павлодар тұрғыны Советқазы Нұрсила «Әліп, би немесе санаға сараптама» атты жыр жинағын жазды. Шығарманың ерекшелігі, бұл жырлар әдебиет әлемінде бұрын-соңды кездеспеген жаңа тұрпатта жазылған.  

Яғни, А әрпінен Я әрпіне дейінгі бүкіл қазақ әліппесін өлеңмен жазып шыққан. Ғылыми тілмен айтқанда, аллитерация, ассонанс үлгісімен қазақтың тілі, ділі және дінінен бастап, барлық ұлттық құндылықтарын жырға қосқан.

Аллитерация, ассонанс үлгісімен бірен-саран өлең жазған ақындар бар. Мәселен, Абайдың бауыры Оспанды жоқтауы. Ал, бүтін бір ұлттың барлық төл дыбыстарының реттік жүйесі бойынша жыр өру әлем поэзиясында болмаған екен. Сондықтан, қазақтың ақберен ақыны Қажытай Ілияс «бұл - құбылыс», деп баға береді, кітаптың алғысөзінде.

Амантай Тойшыбайұлы, филология ғылымдарының кандидаты:
Жыр жинақтың негізгі ерекшелігі - қазақ және әлем поэзиясында бұл үлкен сенсация, деп көремін. Мұндай формалық өзгеріспен жасалған ассонанс және аллитерация дейді, тәсіл, сол тәсілмен толық жазылған. Кез келген ұлттың барлық төл дыбыстарының басқы әріптерінен кірістіріп жазған жыр жинағын мен көрмегенмін. Жалпы, жоқ.

Кітап әлі ресми жария етілген жоқ. Алайда, өлеңдердің көркемдік дәрежесіне орыс тілді басылымдар және шетелдегі қазақ ақындары оң баға берген. Ал, автор «менің мақсатым - тек қана қазақ тілінің байлығын көрсету», - дейді.

Советқазы Нұрсила, ақын:
Сондықтан, мен барлық күйім келгенше, сенсация жасаймын, осы әлемді таң қалдырып, Гиннесстің рекордтар кітабына кіру үшін емес, мұны қазақ тілінің бай екендігін, осының көрінісі іспеттес болғандықтан, өзімнің поэзия арқылы үлесімді қосайын, деген оймен жазылған кітап еді.

А-дан бастап Я-ға дейінгі қазақтың төл әліппесін өлеңмен жазып шыққан Советқазы Нұрсила «А» дыбысынан басталатын өлеңінде бір сөзді екінші қайталамай, әр мағыналы 88 ұйқас жасаған. Жай ұйқас емес, жырмен өрілген өмір өрнегі.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға