Жаңалықтар

Қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз - ҚР Президенті

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Осы жиында Мемлекет басшысы келешекте қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті дамытуға орасан септігін тигізетінін атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды. - Бұл үдеріс жақсы дайындықпен және ойластырылып жүргізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бұл жаңарулар біздің шетелдік серіктестеріміздің назарын аударып отырғанына тоқталып өтті. - Кейбіреулер бұдан Қазақстанның геосаяси артықшылығының өзгеру «айғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш негіз жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, ол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын әрпі қолданылғанын еске салып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз. Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз деп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл әлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып келе жатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан біз саяси емес, экономикалық интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мәселесі талқыланбайды, - деді Мемлекет басшысы. baq.kz
10.01.2013 15:30 2636

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Осы жиында Мемлекет басшысы келешекте қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті дамытуға орасан септігін тигізетінін атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

- Бұл үдеріс жақсы дайындықпен және ойластырылып жүргізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұл жаңарулар біздің шетелдік серіктестеріміздің назарын аударып отырғанына тоқталып өтті.

- Кейбіреулер бұдан Қазақстанның геосаяси артықшылығының өзгеру «айғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш негіз жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, ол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын әрпі қолданылғанын еске салып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз. Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз деп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл әлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып келе жатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан біз саяси емес, экономикалық интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мәселесі талқыланбайды, - деді Мемлекет басшысы.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға