Жаңалықтар

ОКҚ ресми өкілінің Байқоңыр мәселесіне қатысты түсініктемесі

Осы аптада кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты Ресей мен Қазақстан арасында мәселелер туындағаны жөнінде ақпарат жарияланғаны белгілі. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев пікірін білдірді. «Ең әуелі біздің елдер арасындағы байланыс стратегиялық әріптестік, тату көршілік, одақтастық және достық рухында дамып келе жатқанын айта кеткім келеді. 2012 жылдың 19 желтоқсанында Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысы мен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында екіжақты әріптестіктің өзекті мәселелері, оның ішінде Байқоңыр кешенін бұдан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі де талқыланды. Мемлекеттер басшылары ғарыш саласындағы әріптестіктің көпжылдық тәжірибесіне ризашылық білдіре отырып, Байқоңыр кешенін бірлесе пайдаланудың құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі келісімге келді. Сонымен қатар екі елдің ғарыштық ведомствасына ғарыш айлағын бірлесіп пайдаланудың, оның ғылыми-техникалық әлеуетін дамытудың, бірлескен зымыран кешенін құрудың, кадр даярлау мен қазақстандық мамандардың ұшыру қызметтеріне қатысу тәртібін регламенттеуді тұтас қамтитын екіжақты Келісімін әзірлеу тапсырылды. Өздеріңізге белгілі, Қазақстанның Байқоңырға қатысты ресми ұстанымын 2012 жылдың желтоқсан айында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та баяндады», - деді А. Әбибуллаев. Еске сала кетейік, бірқатар  БАҚ жақында Қазғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың ҚР Парламентінде жасаған мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұрап Ресей үкіметі Қазақстан Үкіметіне ресми нота жолдады деп жазған болатын. baq.kz
10.01.2013 15:29 3138

Осы аптада кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Байқоңыр ғарыш айлағына байланысты Ресей мен Қазақстан арасында мәселелер туындағаны жөнінде ақпарат жарияланғаны белгілі. Осыған орай ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев пікірін білдірді.

«Ең әуелі біздің елдер арасындағы байланыс стратегиялық әріптестік, тату көршілік, одақтастық және достық рухында дамып келе жатқанын айта кеткім келеді.
2012 жылдың 19 желтоқсанында Мәскеуде ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің отырысы мен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында екіжақты әріптестіктің өзекті мәселелері, оның ішінде Байқоңыр кешенін бұдан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі де талқыланды.
Мемлекеттер басшылары ғарыш саласындағы әріптестіктің көпжылдық тәжірибесіне ризашылық білдіре отырып, Байқоңыр кешенін бірлесе пайдаланудың құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі келісімге келді. Сонымен қатар екі елдің ғарыштық ведомствасына ғарыш айлағын бірлесіп пайдаланудың, оның ғылыми-техникалық әлеуетін дамытудың, бірлескен зымыран кешенін құрудың, кадр даярлау мен қазақстандық мамандардың ұшыру қызметтеріне қатысу тәртібін регламенттеуді тұтас қамтитын екіжақты Келісімін әзірлеу тапсырылды.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстанның Байқоңырға қатысты ресми ұстанымын 2012 жылдың желтоқсан айында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов та баяндады», - деді А. Әбибуллаев.

Еске сала кетейік, бірқатар  БАҚ жақында Қазғарыш агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаевтың ҚР Парламентінде жасаған мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұрап Ресей үкіметі Қазақстан Үкіметіне ресми нота жолдады деп жазған болатын.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға