Жаңалықтар

Бас прокуратура «Қазақстан – 2050» Жолдауын жүзеге асыруға кірісті

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2013 жылғы жұмысын «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес құрды және жоспарлады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ведомстволық жоспар жасалған және ол Бас прокуратураның сайтына орналастырылған. Осы жоспардың негізгі бағыттары прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің назарына дереу жеткізілді. Бас прокуратураның сәйкес құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Бас прокуратураның институты, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар іс-шаралардың орындаушылары болып анықталды. «Бас прокуратура Жолдаудың негізгі тармақтары бойынша жоспарланған бірқатар іс-шараларды орындауға кірісіп кетті», – делінген хабарламада. Атап айтқанда, Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасының жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, осы мәселе бойынша бірінші жұмыс жиналысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы дайындалды. Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ осы теріс көріністерді залалсыздандыру бойынша әрекет етуші заңнамаларды жетілдіру жөніндегі заң жобаларын дайындау басталды. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері жобаларын дайындау жөніндегі Бас прокуратураның басшылығымен қызмет ететін ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі жалғасуда. «Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын осы және өзге де тапсырмалар мен міндеттердің жүзеге асырылуы ерекше бақылауда. BNews.kz
10.01.2013 11:53 3149

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы 2013 жылғы жұмысын «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес құрды және жоспарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ведомстволық жоспар жасалған және ол Бас прокуратураның сайтына орналастырылған.

Осы жоспардың негізгі бағыттары прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің назарына дереу жеткізілді.

Бас прокуратураның сәйкес құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Бас прокуратураның институты, облыстық және оларға теңестірілген прокурорлар іс-шаралардың орындаушылары болып анықталды.

«Бас прокуратура Жолдаудың негізгі тармақтары бойынша жоспарланған бірқатар іс-шараларды орындауға кірісіп кетті», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасының жобасын дайындау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, осы мәселе бойынша бірінші жұмыс жиналысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы Мемлекет басшысы Жарлығының жобасы дайындалды.

Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ осы теріс көріністерді залалсыздандыру бойынша әрекет етуші заңнамаларды жетілдіру жөніндегі заң жобаларын дайындау басталды.

Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері жобаларын дайындау жөніндегі Бас прокуратураның басшылығымен қызмет ететін ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі жалғасуда.

«Қазақстан-2050» Стратегиясынан туындайтын осы және өзге де тапсырмалар мен міндеттердің жүзеге асырылуы ерекше бақылауда.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға