Жаңалықтар

Алматыда 12 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынына кіру тегін

ҚР «Халық банкі» АҚ-ға 90 жыл толуына байланысты «Медеу» мұз айдынында тегін конькимен сырғанау шарасы ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   «Қала қонақтары мен тұрғындарына мерейтойға байланысты «Медеу» мұз айдынында тегін коньки тебу шарасын ұйымдастырып отырмыз. Бұл халықты салауатты өмір салтына үндеуге тиімді шара болмақ. Қаңтардың 12-сінде күндізгі сағат 10-нан түнгі 23.00-ге дейін «Медеу» мұз айдынына кіру тегін болады. Тек адамдар өз конькиін алып келуі керек», - деді ҚР «Халық банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Қойшыбаев. Оның айтуынша, ҚР «Халық Банкі» АҚ-ның 90 жылдық мерейтойы биыл қазанда атап өтілмек. Жыл басынан бері осыған байланысты Қазақстанда тегін сырғанау шаралары өткізілуде. Астанада ұйымдастырылған спорттық шараға мыңға тарта адам қатысты. Қаңтардың 12-інде Өскеменде өткізу жоспарланып отыр. Гүлмира Ғосманәлі
10.01.2013 05:30 3185

ҚР «Халық банкі» АҚ-ға 90 жыл толуына байланысты «Медеу» мұз айдынында тегін конькимен сырғанау шарасы ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Қала қонақтары мен тұрғындарына мерейтойға байланысты «Медеу» мұз айдынында тегін коньки тебу шарасын ұйымдастырып отырмыз. Бұл халықты салауатты өмір салтына үндеуге тиімді шара болмақ. Қаңтардың 12-сінде күндізгі сағат 10-нан түнгі 23.00-ге дейін «Медеу» мұз айдынына кіру тегін болады. Тек адамдар өз конькиін алып келуі керек», - деді ҚР «Халық банкі» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Қойшыбаев.

Оның айтуынша, ҚР «Халық Банкі» АҚ-ның 90 жылдық мерейтойы биыл қазанда атап өтілмек. Жыл басынан бері осыған байланысты Қазақстанда тегін сырғанау шаралары өткізілуде. Астанада ұйымдастырылған спорттық шараға мыңға тарта адам қатысты. Қаңтардың 12-інде Өскеменде өткізу жоспарланып отыр.

Гүлмира Ғосманәлі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға