Жаңалықтар

Обаманы ұлықтау рәсімінде Бейонсе АҚШ әнұранын орындайды

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Барак Обаманы ұлықтау рәсімінде америкалық поп-эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды РосБалт. Атап айтқанда, әнші Бейонсе АҚШ-тың әнұранын орындаса, фолк-музыкант Джеймс Тейлор «America the Beautiful» патриоттық әнін шырқайды. Ұлыбритания ұлттық әнұранының әуеніне жазылған тағы бір «Америка» атты патриоттық шығарманы әнші әрі актриса Келли Кларксон орындайды деп жоспарлануда. Одан бөлек, АҚШ үшін 2013 жылдың басты салтанатында ұлықтау рәсімінің бас ақыны, ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, кубалық эмигранттардың ұлы Ричард Бланко болмақ. Осының бәрі Капитолия табалдырығында Барак Обама Америка азаматтарының алдында сөз сөйлегеннен кейін басталады. Болжам бойынша, ұлықтау салтанатына 1 млн-нан астам адам жиналады деп күтілуде. Интернет-БАҚ мәліметтеріне сәйкес, ұлықтау шарасының ұйымдастырушылары салтанатты жиынға қатысуға ниет білдірген азаматтарға 1млн долларға дейін қайырымдылық жасауды ұсынып отыр. Осы жомарттығы үшін оларға біршама артықшылығы бар кіру билеті беріледі. Президентті ұлықтау салтанатының ұйымдастырушылары осы арқылы шараға жұмсалған шығындарын қайта өтеп алмақшы. Қайырымдылық ретінде берілген салым көлеміне қарай қонақтарға белгілі бір шараларды, балдар мен концерттік бағдарламаларды қамтитын төрт түрлі пакет ұсынылатын болады. Сарапшылардың бағалауынша, биыл бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда ұлықтау салтанатына жұмсалатын шығындар рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін. Обаманы ұлықтау рәсімі 2013 жылы 21 қаңтарда өтеді. BNews.kz
10.01.2013 04:44 3350

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Барак Обаманы ұлықтау рәсімінде америкалық поп-эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетеді, деп хабарлайды РосБалт. Атап айтқанда, әнші Бейонсе АҚШ-тың әнұранын орындаса, фолк-музыкант Джеймс Тейлор «America the Beautiful» патриоттық әнін шырқайды.

Ұлыбритания ұлттық әнұранының әуеніне жазылған тағы бір «Америка» атты патриоттық шығарманы әнші әрі актриса Келли Кларксон орындайды деп жоспарлануда.

Одан бөлек, АҚШ үшін 2013 жылдың басты салтанатында ұлықтау рәсімінің бас ақыны, ұйымдастырушылардың жоспарына сәйкес, кубалық эмигранттардың ұлы Ричард Бланко болмақ.

Осының бәрі Капитолия табалдырығында Барак Обама Америка азаматтарының алдында сөз сөйлегеннен кейін басталады. Болжам бойынша, ұлықтау салтанатына 1 млн-нан астам адам жиналады деп күтілуде.

Интернет-БАҚ мәліметтеріне сәйкес, ұлықтау шарасының ұйымдастырушылары салтанатты жиынға қатысуға ниет білдірген азаматтарға 1млн долларға дейін қайырымдылық жасауды ұсынып отыр. Осы жомарттығы үшін оларға біршама артықшылығы бар кіру билеті беріледі. Президентті ұлықтау салтанатының ұйымдастырушылары осы арқылы шараға жұмсалған шығындарын қайта өтеп алмақшы. Қайырымдылық ретінде берілген салым көлеміне қарай қонақтарға белгілі бір шараларды, балдар мен концерттік бағдарламаларды қамтитын төрт түрлі пакет ұсынылатын болады.

Сарапшылардың бағалауынша, биыл бұдан бұрынғы жылдармен салыстырғанда ұлықтау салтанатына жұмсалатын шығындар рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін.

Обаманы ұлықтау рәсімі 2013 жылы 21 қаңтарда өтеді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға