Жаңалықтар

Астанада «Көшпелі фотографтың жылнамалары» көрмесі өтуде

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында  фотограф  Жанарбек  Аманқұловтың «Көшпелі фотографтың жылнамалары» көрмесі өтуде. Елордалық көпшілікке арнайы дайындалған бірегей  экспозиция автордың өткінші көзқарасын аңғартады. Ж. Аманқұлов  фотоөнер стилі мен басқа жанрларға  қатар қалам тарта отырып, алғашқы  қадамын фотожурналистикадан бастады. Эстетикасын қалыптастыру кезеңінде ұзақ уақыт Ереван мен Парижде тұрды.  Сонда алған тәжірибелері ортаазиялық  фотосуретшінің  шығармашылығын жаңа бағытта өрбітуге мүмкіндік туғызды.  Фотографтың  объективіне  өзінің болған жерлеріндегі қасқағым сәттік ахуалды бейнелейтін  маңызды тарихи құбылыстар мен жанрлық картиналар ілігеді. Сонымен қатар ол танымал  портретші  де. Елордалық көпшілік Ж.Аманқұловты  Жеңіс күніне  арналған  фотожобаның  тең авторы ретінде біледі. Оның Ұлы Отан соғысының қатысушыларын салған портреттері қала көшелеріне  орналастырылды. «Көшпелі фотографтың жылнамалары» экспозициясы  Ad oculos, Ad memorandum  және  Ad se ipsum.  Ad oculos  аталған  латыншадан аударғанда   «көрнекті», «көзбен көру» мағынасында  үш бөлімнен тұрады. Мұнда автордың  түрлі елдерге сапар шегуі кезінде түсірген суреттері енген. Ежелгі  Еуропаның  ауқымды өмірі  Қазақстандағы керемет өзгерістермен салыстырылып, тұтастай алғанда,  Азиямен қатар қойылады. Қасқағым сәттік байқампаздық пен жан-жақты ойластырылған сериялар, тұрмыстық суреттемелер мен  алып жаңа құрылыс алаңы,  тірліктің үлкенді-кішілі оқиғалары – осылардың барлығы «көшпелі фотографтың» назарынан тыс қалмай, оның жанын қозғап, енді сол жан-жүрегі арқылы өткен суреттерді ол көрермендермен бөліскісі келеді. Ad memorandum (есте сақтау үшін) – портреттік  серия. Даңқты адамдар  мен ойшылдар, әлемдік және отандық мәдениетке үлес қосқан жандар туралы. Аманқұловтың суреттері  – бұл тек түрлі елдердің  қоғам және мәдениет қайраткерлерінің  ресми бейнелері емес. Онда кейіпкердің фото авторымен сыр-сұхбаты айқын аңғарылып тұрады. Ad se ipsum (өзіңе қарай).  Біздіңше, Жанарбек Аманқұлов  туғызған ең тұжырымды  серия. Оның ортасында жанның пана табар нышаны іспетті – киіз үй тұр. Киіз үйсіз көшпелілер өмірін елестету мүмкін емес. Алайда, барлық қатал тірліктің қиындықтары оның  аңызды  бейнесінде  мүлде ұмытылатындай.   Астана қаласының ресми сайты astana.kz
08.01.2013 09:33 3182

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында  фотограф  Жанарбек  Аманқұловтың «Көшпелі фотографтың жылнамалары» көрмесі өтуде. Елордалық көпшілікке арнайы дайындалған бірегей  экспозиция автордың өткінші көзқарасын аңғартады. Ж. Аманқұлов  фотоөнер стилі мен басқа жанрларға  қатар қалам тарта отырып, алғашқы  қадамын фотожурналистикадан бастады. Эстетикасын қалыптастыру кезеңінде ұзақ уақыт Ереван мен Парижде тұрды. 

Сонда алған тәжірибелері ортаазиялық  фотосуретшінің  шығармашылығын жаңа бағытта өрбітуге мүмкіндік туғызды. 

Фотографтың  объективіне  өзінің болған жерлеріндегі қасқағым сәттік ахуалды бейнелейтін  маңызды тарихи құбылыстар мен жанрлық картиналар ілігеді. Сонымен қатар ол танымал  портретші  де. Елордалық көпшілік Ж.Аманқұловты  Жеңіс күніне  арналған  фотожобаның  тең авторы ретінде біледі. Оның Ұлы Отан соғысының қатысушыларын салған портреттері қала көшелеріне  орналастырылды.

«Көшпелі фотографтың жылнамалары» экспозициясы  Ad oculos, Ad memorandum  және  Ad se ipsum.  Ad oculos  аталған  латыншадан аударғанда   «көрнекті», «көзбен көру» мағынасында  үш бөлімнен тұрады.

Мұнда автордың  түрлі елдерге сапар шегуі кезінде түсірген суреттері енген. Ежелгі  Еуропаның  ауқымды өмірі  Қазақстандағы керемет өзгерістермен салыстырылып, тұтастай алғанда,  Азиямен қатар қойылады. Қасқағым сәттік байқампаздық пен жан-жақты ойластырылған сериялар, тұрмыстық суреттемелер мен  алып жаңа құрылыс алаңы,  тірліктің үлкенді-кішілі оқиғалары – осылардың барлығы «көшпелі фотографтың» назарынан тыс қалмай, оның жанын қозғап, енді сол жан-жүрегі арқылы өткен суреттерді ол көрермендермен бөліскісі келеді.

Ad memorandum (есте сақтау үшін) – портреттік  серия. Даңқты адамдар  мен ойшылдар, әлемдік және отандық мәдениетке үлес қосқан жандар туралы. Аманқұловтың суреттері  – бұл тек түрлі елдердің  қоғам және мәдениет қайраткерлерінің  ресми бейнелері емес. Онда кейіпкердің фото авторымен сыр-сұхбаты айқын аңғарылып тұрады.

Ad se ipsum (өзіңе қарай).  Біздіңше, Жанарбек Аманқұлов  туғызған ең тұжырымды  серия. Оның ортасында жанның пана табар нышаны іспетті – киіз үй тұр. Киіз үйсіз көшпелілер өмірін елестету мүмкін емес. Алайда, барлық қатал тірліктің қиындықтары оның  аңызды  бейнесінде  мүлде ұмытылатындай.  

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға