Шымкент көрмесіндегі ең қымбат көбелек 6 мың теңге тұрады
Шымкентте көбелектер көрмесі ашылды. Бұл қарапайым емес, тропикалық көбелектер көрмесі. Көрмеге павлодарлық коллекция жинаушылар қатысты. Бұл көбелектер Қазақстанның көптеген жерлерін аралап үлгерген. Ал Шымкенттегі көрме 17 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлады «Отырар» газеті.
«Көбелектер осындай қыстың суығында Шымкент тұрғындары үшін жақсы сыйлық болды. Тірі тропикалық көбелектер көрмесі облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп жатыр. 3 қаңтардан бастап қала тұрғындары көбелектерді көріп, олардың әдемілігіне тамсануда», - делінген ақпаратта.
Көбелектердің тұрқы 10-20 сантиметрге дейін жетеді, ал жәндіктің ең қымбаты 6 мың теңге тұрады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

